Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиетінің рөлі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің рөлі

«Павлодар қаласының № 15 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смағұлова Зейнел Жантемірқызы

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғыртудағы – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауына сәйкес елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар құрылған болатын. Жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім саласын жетілдіру үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылар шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағыты елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Осындай өтемаңызды құжатты негізге ала отырып, менің мұғалім ретіндегі басты мақсатым-білім нәрімен сусындатып отырған жеткіншектерді сауатты және рухани тұрғысынан дамыған тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыру деп ойлаймын.Әлбетте, мұғалім білім алушының бойына алған білімін әдістемелік жағдайда тиісті және әлеуметтік бейімделу үдерісіндепайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіре білуі қажет. Сол себепті, білім алушының басқарушылық, ақпараттық білімін көтере білу мүмкіндігі, коммуникативтік қарым-қатынас жасай білу, әлеуметтік ортада іс-әрекет жасай білу, тұлғалық қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды игеруі, таңдаған кәсібін өзі анықтауы, азаматтық, халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін меңгеруі, ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы сияқты негізгі жетістіктерімен қатар пәндік құзыреттіліктерді меңгеріп алу тиіс.
Функционалдық сауаттылық-тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту оқубағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, оларға саяси, рухани-адамгершілік, эстетиткалық, қоғам дамуына белсенді қатысуғат.б. тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінен-құлқын, жалпы мәдениетін қалыптастыру үшін көркем әдебиетқұралының бірі ретінде пайдалану-әдебиет пәнінің басты мақсаты болып саналса, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, тұтас айтқанда грамматикасын үйрету-қазақ тілінің басты міндеті болып табылады.
Келешек ұрақ өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған елінің тарихымен, ділі мен тілімен, мәдениетімен, салт -дәстүрімен жете танысып, білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Әдебиет-оқушыға беймәлім өмірді танытады. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді, тарихты танытамыз. Адамға тәрбие беруші ең бірінші, ата-ана, онан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға мәлім. Өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын қоршаған ортасынан да, өздері оқып, танып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім күмән келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытумен қатар, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге деген көзқарасына, мінез-құлқына әсер етеді, күллі өмірінеықпал етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық пен жамандық секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғара бастайды. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді тұлға болып өседі. Жамандыққа аяқ баспайды. Әдебиет арқылы біз оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғамды, түсінікті қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, рухани тұрғысынан дамыған азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз қажет.
Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі тиіс. Сонымен қатар, түрлі көрнекі құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеп, сөздікпен жұмыс жасау, проблемалық сұрақтарға жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір айтуы, баяндама жасауы, ғылыми зерттеулер жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өздігінен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, сөздіктері, хронологиялық кестелері болуы тиіс. Сонымен қатар, шығармашылық дәптері бөлек болғаны тиіс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қысқа әңгіме, мақала, эссе, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік береді.
Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерденбастан өткерген қазақ тілінің мәселесі қашан да өткір әрі өзекті болмақ. Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылуытуралы әркімді де толғандыруы тиіс.
Қазақ тілін оқыту алдында үлкен мақста, міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе болып табылады.. Дегенмен, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені озат ұстаздар тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылымы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады.
Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі-баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық.
Қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдаманы ұсынуға болады:
• оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;
• оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада, қолдана алуға үйрету;
• Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
• Әлеуметтік талатарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
• Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;
• Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамыту;
• Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту;
• Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-бүгінгі заман талады.Осы
ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің де маңызы өте зор.Ұстаздардың шеберлігі, яғни шығармашылық жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқушының алдынан шыққан оқушы-өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, дамыған азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, әрбір ұстаз осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені деп есептеймі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша ҚРҮкіметі отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 2012 жылғы 11 қыркүйек.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана. 2012 жылғы 25 маусым.
3. Назарбаев Н. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты: Қазақстан халқына жолдауы 27 қаңтар 2012 жыл // Үкімет бюллетені-2012ж.№1-3б.
4. Оразахынова Н. Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары // Қазақ тілі мен әдебитеі. – 2013ж. №2.-18-23 б.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zeinel07 (2015-11-18) | Автор: Зейнел E
Просмотров: 1262 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 11:48 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru