Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Алматы-меймандос қала». Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздердің мағынасын сөйлесуге орынды қолдана білуге, көмекші сөздерді сөйлемде дұрыс пайдалануға үйрету. 2.Дамытушылық: Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.Оларды сөйлем құрамында дұрыс пайдалануын дамыту және қалыптастыру. Сөздік қорларын молайту , сауатты жазуын дамыту. 3.Тәрбиелік: Отанға,туған жерге, елге, сүйікті қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Сабақ түрі:аралас сабақ Әдістер:сұрақ –жауап,оқу ,аудару,түсіндіру. Көрнекілік:суреттер, карточкалар, слайдтар Сабақтыңбарысы: І.Ұйымдастырукезеңі. ІІ.Сабақтыңмақсаты мен барысынайту ІІІ. Үйжұмысынтексеру Кіріспе сөз: Бүгінгі сабақта Алматыға саяхатқа шығамыз.Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер: 1.Сен қай қалада тұрасын? 2.Щучинск қандай қала? 3.Қалада қандай ұлт өкілдері бар? 4.Қалада қандай оқу орындары бар? 5.Сен қай мекен жайда тұрасын? 6.Қандай мектепте,қай сыныпта оқисын? Өткен тақырыпқа ой қозғау 1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы қай қала? 2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан? 3.Есіл өзенінің бойында нелер орналасқан? 4.Парламент үйінің алдында кімдердің ескерткіштері қойылған? 5.Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады? 3.Жаңа тақырып. Алматы қаласының көрікті жерлерінің суреттерін көрсету. 4.Сөздікпен жұмыс Қала келбеті-облик города Меймандос- гостеприимный Құшақ жаю-раскрыть обьятия Мұз айдыны-ледовый каток Әйгілі-знаменитый Көрікті-красивый Кешен-комплекс Қойнауында-в ложбине Көлемі-размер Шаңырақ көтерді-открылся Іле Алатауы-Илейский Алатау 5.Мәтінмен жұмыс 4-тапсырма.Мәтінді оқып,әңгімелеу.Орыс тіліне аудару «Қазақстан»қонақ үйі. 1-тапсырма.Сөз тіркестерін дұрыс құру,орыс тіліне аудару. Қала келбеті,меймандос қала,құшақ жаю,ерекше көзге түседі,айқын көрінетін,ең биік ғимараттар, зәулім тұрғын үйлер, Достық даңғылының бойында. 5-тапсырма.Керекті көмекші есімдерді пайдаланып,сөйлемдерді толықтырып жазу. Алматы қаласының іргетасы 1854 Кіші Алматы өзенінің бойында қаланған.Республикасарайының қарсы алдында солтүстіктен оңтүстікке қарай сегіз километрге созылған Достық даңғылы жатыр.Қаланыңдәл ортасында «Отырар»қонақ үйі орналасқан. Оның ішінде кинозал,дүкен,монша жұмыс істейді.М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының алдында Неке сарайы бар.Көше бойында арықтарда таудың суы ағып жатыр.Қаланың сыртында толған жеміс ағаштары. Керектісөздер:ішінде, алдында,бойындағы,ортасында, сыртында, қасында, алдында, бойында. «Медеу» мұз айдыны мәтінін оқып,аудару. Достық даңғылымен тауға қарай машиналар тынбай зулайды. Көгілдір таулар арасында әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны жатыр. Айдыны-тау суының мөлдір мұзы. Мұз айдыны-қаланың ең көрікті орындарының бірі. «Медеу» спорт кешені1972 жылы шаңырақ көтерді. Мұнда 100-ге жуық рекордтар жасалды. Мұз айдынның көлемі он бір шаршы метр. Трибуналарды 12мыңнан астам көрерменге арналған.Бұл жер қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды. 3 «Дұрыс-бұрыс»ойыны. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын табыңдар. (4 слайд) 1. Алматыдаескерткіштераз. (бұрыс) 2. Мейманхана25қабат, биіктігі 107метр. (бұрыс) 3. Алматы – бас қала (бұрыс). 4. «Қазақстан» қонақүйіДостықдаңғылында орналасқан (дұрыс) 5. Алматы – қонақжай, меймандосқала. (дұрыс) 6. Алматыдаәлемгеәйгілі «Медеу» айдыны бар. (дұрыс) 7. «Медеу» мұз айдыны 1956 жылы шаңырақ көтерді. (бұрыс) (Дұрыс жауапты сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазу.) Деңгейлік тапсырмаларды орындау. ІІІ деңгей. «Меймандос қала» тақырыбы бойынша өтілген сөздіктегі сөздерді жатқа жазыңдар. ІІдеңгей.Бір-біріне қатысы бар сөздерді ілік септігі мен жатыс септігі жалғаулары арқылы байланыстырыңдар. Үлгі: Қаланың ортасында Қала алды Бөлме арасы Диван басы Үстел асты Орындық ортасы Бұлақ іші Ауыл арты Пошта үсті І деңгей. «Меймандос қала» тақырыбы бойынша мына сөз тіркестерінен сөйлем құру. Меймандос қала, «Медеу»мұз айдыны,ең биікғимараттар VІ. Сабақты қорыту. Алматы қаласына ассоцация құру. Алматы Бағалау. Үйге тапсырма:7-жаттығу. | |
Просмотров: 816 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|