Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер. Сабақтың мақсаты: а) білімділік- оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту. ә) тәрбиелік – қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу. б)дамытушылық - оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, грамматикалық білімдерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Кезекшімен сөйлесу. 2. Сабақтың тақырыбын , мақсатын , барысын айту. 3. Үй жұмысын тексеру. 1.Өткен тақырыпты қайталау. Сұрақтар: 1) Қырқүйек айында қандай мерекелер бар ? 2) Сендер ана тілдерінен басқа қандай тіл білесіңдер? 3) Тілді жақсы білу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? 4) “Тілге құрмет – елге құрмет” тақырыбы бойынша кімнің қанатты, атаулы сөзін жатқа білесіңдер? 2. Үйге берілген “Ана тілі” өлеңін сұрау. 4. Жаңа сабақ. Мұғалім: – Балалар, Өткірдің жүзі Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан Білмеске арзан Надандар баһра ала алмас. Толғауы тоқсан қызыл тіл Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар? (Сөз өнері, шешендік туралы) Ендеше, бүгінгі сабағымыз шешендік сөздері, шешендік өнері, құрметті , атақты шешен адамдар туралы болады. 1.Жаңа сөздермен танысу. 49 бет. 2.Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру. 3.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу. 4. 3- тапсырма. 50 бет.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. 5.Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастыру. 6.Тапсырма . Тест сұрақтарына жауап беру. 1. Шешендік сөздерге не жатады? А) эпостар ә) мазмұндамалар б) нақыл сөздер жиынтығы 2.Шешендік сөздерде не көрінеді? А) өткен өмірі ә) ақыл- ойы, оқиғалары, арман- тілегі , дүниеге көзқарасы. Б) келер шағы 3) Шешендік адам деген кім? А) сөзге жүйрік, ділмар, тапқыр адам ә) ән жазатын адам Б) шығарма жазатын адам 4) Демосфен, Цицерон деген адамдар кім ? а) ғалымдар ә) ағартушылар б) жыраулар, ақындар,шешендер. 5. Қазақ халқының атақты, қадірлі шешендері кім болған ? А) Жиренше, Майқы би, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. ә) Шоқан Уәлиқанов, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин б) Роза Бағланова, Күләш Байсеитова, Шәмші Калдаяқов. 7.Сергіту сәті. 8. 6-тапсырма.51 бет. Өлеңді 3 минута есте сақтап , жатқа жазу. 9.7- тапсырма. 51 бет. Оқулықтағы мәтіннен бір сөйлемді алып ,синтаксистік талдау. 5. Үйге тапсырма. 1. Жаңа сөздерді жаттау. 49 бет. 2. 4- тапсырма. 50 бетте. Жазбаша синтаксистік талдау. 6. Рефлексия . Әр оқушы стикерге өз ойларын жазып “Таразына “ жапсырады. 7. Бағалау. | |
Просмотров: 805 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|