Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Күні: 22.12.2015 Пән: Қазақ әдебиет Сынып: 7«А» сынып Сабақтың тақырыбы Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі Сабақ мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбымен адамдар тағдырын қатар суреттеген көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, автордың көзқарасына бойлау. Сабақ міндеті: Білімділік: М.Әезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау; Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту; Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу; Әдіс тәсіл: АКТ, СТО, ЖЕ, ДОЖ, диалог. Бағалау: Өзін- өзі, жұптық, жиынтық Сабақ кезеңдері Уақыт Тапсырмалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ұйымдастыру кезеңі 1 мин Психологиялық дайындық : Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сәттілік тілеу Бір-біріне жақсы тілек айтады. Үй тапсырмасы 5мин Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі оқу, мазмұндау. 1. Әңгімені оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп ат қою. 1. Кішкене Көксерек 2. Көксеректің адамдар қатарына қосылуы. 3. Ауыл адамдарының наразылығы 4. Ауыл иттерінің бөтенсуі 5. Ұрлық 6. Ашқарақ Көксерек Дәлелдейді Білім 5мин 1. Көксеректі суретте. Жотасы күдірейген, құйрығы шолақ бойы тау басында тайдай көрінеді, нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл. 2. Салыстыр. Ауыл иттерінен Көксеректің ерекшелігі қандай? Көксерек- айлакер, ашқарақ, дыбыс шығармайды, сұсты, жасымайды. Ит- қолдан тамақтанады, өз иесіне бауыр басады, еркелейді, тілін алады, иесіне қызмет етеді. 3. Қолданыңыз. Көксерек туралы ел не дейді? Кәпір, қырыс, тағы емес пе? Кеудесін бермейді жасымайды. Ұры асырасаңда мал болмайды, тұқымы жау емес пе? Өз ойларын білдіреді. Дәлелдейді. Түсіну 5мин Венн диаграммасы Квадрат тобы: Ауыл өмірі --------------- Тағылық өмір Шеңбер тобы: Адам ---------қасқыр Үшбұрыш тобы Аққасқа -------------- Көксерек Ромб тобы Кейіпкерлер Тән қасиеттер Адам саналы Қасқыр санасыз ойлайды еңбектенеді жыртқыш қомағай Өз ойларын білдіреді. Дәлелдейді. Сергіту сәті 1 мин Сергіту сәті Рұқсат етілмейтін түстер ойыны Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені сақтауымыз керек: Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды. Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық. Сұрақтар: 1.Шөптің түсі қандай? 2.Аспан түсі қандай? 3.Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай? 4.Күзде жапырақтың түсі қандай болады? 5.Күннің түсі қандай болады? 6.Қардың түсі қандай? 7.Теңіздің түсі қандай? 8.Құрбақаның түсі қандай? Қате жауаптарды түзетеді. Сұрақтың дұрыс жауабын назарға ұсынады. Жауаптары: 1.Жасыл; 2.Көк; 3.Шөптің түсі сияқты; 4.Сары; 5.Қызыл, күрең қызыл; 6.Жарқыраған; 7.Қайың түстес немесе теңіз толқындарының түстерімен бірдей; 8.Батпақ түстес; Топ ережесін сақтайды, тыныштықты басты назарға алады. Қолдану 5мин Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. Топтан бір оқушы қорғайды. 1.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма? 2.Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы? 3.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? 4.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? 5.Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде? 6.Кінәлілер кімдер?Кім қатал,кім өктем?Көксерек пе,әлде ауыл адамдары ма? 1.Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанымен тек қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген. 2.Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға-табиғатқа қарсы жасалған қиянат. 3.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға болмайды.Жазушы табиғатқа қиянат жасағандарды «екі аяқтылар», «көргіш көздер» деп атайды. 4. Табиғатқа шабуыл жасап,оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе.Әсіресе қасқыр апанын талқандап,ұрпағын жою-қауіптірек. 5. Құрмаштың қайғылы тағдыры адамдардың қатыгездігінен болды. 6.Кінәлілер-адамдар.Адам табиғатқа қиянат жасап,өктемділік көрсетті. Көксеректі ызаландырған «екі аяқтылар». Дыбыссыз қадамды реттеу, топтық жұмыстың ережесін сақтап орындау. Талдау 7мин Композициялық жоспар бойынша сурет салыңдар. Р/с ------Әңгіменің композициялық элементтері 1. --------Оқиғаның басталуы ------------------------------- 2. --------Оқиғаның байланысы ---------------------------- 3. --------Оқиғаның дамуы ---------------------------------- 4.-------- Оқиғаның шиеленісуі----------------------------- 5.-------- Оқиғаның шарықтау шегі ----------------------- 6. --------Оқиғаның шешімі ------------------------------- Композициялық жоспар Қараадыр табиғаты. Қасқырлар мекені. Адамдар шабуылы. Көксеректі асырауы Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы. Көксеректің өз қандастарына қосылуы Көксеректің жойқын күшке айналуы Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы Жинақтау 4мин Бес жол өлең құрастыру. Тақырыбы: Қасқыр Өз ойларыңды нақтылап көрсетіңдер Пысықтау 3мин 1. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылған? ( 1929 ж) 2. Қасен деген кім? ( белгілі аңшы) 3. Құрмаштың елі? ( Қараадыр) 4. Көксеректі жеңген иттің аты? ( аққасқа) 5. Көксерек әңгімесінің тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр) Семантикалық карта Рефлексия 2мин Білемін + білдім + білігім келеді + Не істедік? Не білдік? Сауалға жауап береді Бағалау 3мин Бағалау парақтары бойынша топ басшылары бағалайды. Бағаның дұрыс-бұрыстығына көңіл аударту. Үйге 2мин Адам және табиғат эссе жазу | |
Просмотров: 1306 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|