Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қарағанды қ. Ғ.Мұстафин атындағы №83ЖББОМ Бастауыш сынып мұғалімі Қазақ тілі 4 сынып Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем туралы берілген білімді тиянақтау» Сабақтың негізгі міндеттері: 1. жалаң және жайылма сөйлемдерді,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді нақты ажырата білу. 2.Сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау,бекіту. 3. Балалардың сауаттылығын,ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.Сөздік қорын молайту. Ұйымшылдыққа,ынтымақтастыққа,өзбетімен жұмыс жасауға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Критерийлері: 1. жалаң және жайылма сөйлемдерді,тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелерді нақты ажырата білемін.. 2.Сөйлем туралы алған білімдерімді пысықтай,бекіте аламын. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, диалогтік әңгіме, оқуды бағалау, ой шақыру (топтық, жұптық жұмыс түрлері) Сабақ кезеңдері, уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту үшін бағалау Кіріспе 5минут 1.Оқушылармен амандасу. «Ыстық алақан » арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату. Бір-біріне тілек айту. 2.Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету 3. топқа бөлу Алтын ереже жазылған қағаз 4.Үй тапсырмасын тексеру. 5.Өткенді еске түсіру: постер құрау -Амандасады. -«Ыстық алақан» арқылы бір-біріне тілек тілейді. -Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері. Сөйлемнің құрылымы. Сөйлем құрамына қарай жазылған стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Топпен жұмыс жасаудағы «Алтын ережемен» танысады Оқушылардың жазған: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерін оқыттыру. 1-топ. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері 2-топ.Сөйлемнің құрылымы 3-топ.Сөйлем құрамына қарай. Оқушылар жауаптарын постер арқылы қорғайды. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері. Сөйлемнің құрылымы. Сөйлем құрамына қарай .жазылған стикерлер арқылы топқа бөлу Тұсау кесер 8минут 1.Қызығушылықты ояту.Ой шақыру Тақтаға сөйлемдер жазып, сөйлем мүшелеріне талдату арқылы Жалаң, жайылам сөйлем туралы білімдерін бекіту. Оқушылар жауаптарын постер арқылы қорғайды айтады- әркімнің пікірі бағалы Жұптық жұм. Жаңбыр жауып тұр. Қоңырау соғылды. - Қандай ерекшелік байқадыңдар? - Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады. Оқушылар мынадай ережелер шығарады: 1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. 2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек. Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосу. Жұптық жұмыс Негізгі бөлім 22минут 1. «Ойлан, тап, ойыңды айт» айдары бойынша Оқулықпен жұмыс /жаттығуларды орындау/ 15 - жаттығу Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр. 17 – жаттығу. Топтық жұмыс Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда. 19– жаттығу Атам қыстауға келді. Атам бүгін қыстауға келді Ақан мектептен келді. Ақан мектептен қазір келді. Хамит Болатпен сөйлесті. Хамит Болатпен бүгін сөйлесті. Қонақтар көрмеде болды. Қонақтар кеше көрмеде болды. 18 – жаттығу Сөзжұмбақты шеш /төрт/ 1. Табиғи дарын, ерекше қабілет. 2. Тор құратын жәндік. 3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол. 4. Сан «Еркін талқылау» Топтық жұмыс. Жай сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр 1-топ. Тау мұнартады. 2-топ. Өсімдік көктейді. 3-топ. Жел тұрды. Топтық жұмыс 1-топ. Депутат сайлаушылармен кездесті. 2-топ. Күзгі суық өңменінен өтті. 3-топ Ар алтынмен өлшенбейді.. Ауызша талдау Бағалау (формативті) Қорытынды 10минут 2.Бекіту. БиС технологиясының қиылысу сұрақтары арқылы сабақты бекіту. Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға ұпай (жапырақтан) беріледі. 1.Сөйлемнің бірінші сөзі кішкентай әріппен жазылады.(жоқ,бас әріптен).... 2. «Табиғат жақсы ма?»-бұл хабарлы сөйлем (жоқ, сұраулы сөйлем) 3. Сөйлем мағынасына қарай 3-ке бөлінеді (иә) 4. Сөйлем дыбыстан тұрады? (жоқ,сөзден) 5. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады? (иә) 6. Сөйлемнен соң нүкте,леп,сұрақ белгісі қойылады (иә) 7. «Біз аулаға шықтық.» -жалаң сөйлем. (жоқ,жайылма сөйлем) 8. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем лепті сөйлем(жоқ,сұраулы сөйлем) 9. Бастауышты екі сызықпен белгілейміз (жоқ,бір сызықпен) 10. Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден тұрады.(иә) 1.Ой-толғаныс. Сабақта алған әсерлерін айтады не жазады 2.БАҒАЛАУ(формативті) Өзін-өзі бағалауы.Өзара бағалауы 3.Үйге тапсырма 1-топ.Хабарлы сөйлем 2-топЛепті сөйлем 3-топ. Сұраулы сөйлем жазу Кері байланыс -Бүгінгі жұмыстың қандай пайдасы болды? -Сен қандай үлес қостың? -Өз жұмысыңа көңілің тола ма? -Тобыңдағы кімді мақтан тұтасың? Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы айтады | |
Просмотров: 1468 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|