Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
«ҚАЗАҚТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ» Букибаева Жұмабике Пшенбаевна «№20 мектеп-лицейінің»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Теміртау қаласы,Қарағанды облысы «Елдің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә. Назарбаев Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында; «Болашақта өркениетті дамыған елдердің катарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» деген болатын.Бұл ұстаздар қауымына үлкен міндеттер,үлкен жауапкершілік жүктелетінін көрсетеді.Бүгін мемлекеттің,қоғамның,жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі- Ұлттық бірыңғай тестілу болып отыр.Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Ал аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет.Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқытуды тоқтатса оның мұғалімдігі де жойылады»,-деп Ушинский айткандай,заман талабына сай оқушының қажеттілігіне бағытталған сабақтың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс. Жаңа технология мен білімінің қарқынды дамыған заманында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда міндетіміз. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына,жауапкершілігіне,ізденушілігіне байланысты.Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы-мұғалім. Мұғалімге қойылатын талаптар: -Оқушыларға бағыт-бағдар беру;-Пәндік оқытуды ұйымдастыру;-Тиімді технологияларды қолдану; -Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет; -Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру; ҰБТ-ның мақсаты: Оқушылардыңұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын арттыра отырып,алған білімін меңгеріп қана қоймай,оны іс-жүзінде қолдана алуына ықпал ету. Негізгі міндеттері: 1.Жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлерге мектепте алған білімдерін жүйелі түрде қайталай отырып, білімдерін өмірде жұмыс тәжірибесіне енгізе алу. 2.Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін ҰБТ тапсыру барысында оқушылардың дайындық сапасын көтеруге көмек беру. 3. Білім үрдісінің сапасын қамтамасыз ету бойынша өндіру кепілдемелерінің және іс-әрекеттерінің нәтижелерін қадағалау. Сонымен, мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда мынадай мақсат қоюға тиіс: 1.Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету;2.ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру; 3.Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру; 4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын көтеру. ҰБТ-ға қатысты жүргізіліп жатырған жұмыстарымен таныстырып өтсем деймін. Осы тақырыптан туындаған басты мәселем және қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе:Әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау Осы мәселені шешу үшін: 1.Оқушылармен сауалнама жүргіземін. 2. Әріптестермен және мектеп психологімен кеңесемін 3. Ата-аналармен жұмыс жүргіземін.4.Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға кеңес беремін: ҰБТ-ға дайындауда ата-аналарға кеңес: 1.Балаңыздың ҰБТ-ға барар алдындағы алдын-ала тестілеу кезінде алып жүргенұпайларына немқұрайлықпен қарамай, дұрыс ақыл-кеңес беруге тырысыңыз. 2. Балаңыздың күнделікті ҰБТ-ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз. 3. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз. 4 .Ешқашан балаңызды сынап- мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз. Басқару іс-әрекетім: 1. Әдістеме бірлестігінің жоспарын құрастырамын. 2. Психологиялық- педагогикалық диагностикажүйесін жасаймын. 3. ҰБТ-ға дайындық іс-шараларының жоспарын құрастырамын. 4 .Сынама тестілеудің мониторингін жүргіземін. 5. Өздігінен білім алудың жеке жоспарын құрастырамын. Диагностикалық-бақылау іс-әрекетім: 1.Әдістемелік бірлестікотырысында 11 сынып оқушылардың ҰБТ-ға сапалы дайындау мақсатында мәселелік ортаны анықтауда мұғалімдермен кеңес жүргіземін. 2 .Тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын қарастырамын, талдаймын.3 .Пән бойынша тест тапсырмаларының негізінің болуын қарастырамын. 4. Семинарлар, сайыстар арқылы мұғалімнің құзырлығын арттыруға үлес қосамын. 5. Мұғалімнің өздігінен білім алуға жағдай жасаймын. Сабағымда пайдаланылатын әдіс-тәсілдерім:1.Сын тұрғысынан ойлау әдісініңэлементтерін қолданамын.2.Жас ерекшелігіне сәйкес оқытамын.3 .Топтық, жұптық жұмыстар жүргіземін. 4. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдаланамын.Топпен жұмыс: 1. Тақырып бойынша тапсырмаларды таратып,оқытып, топ ішінде талдау жасатамын. 2. Жекелеген оқушыларды шығарып,өзім тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын. 3. Берілген тақырып негізінде оқушылар өздері бір-біріне сұрақ дайындайды. 4. Тақырыпқа байланысты тест немесе кестемен жұмыс істеймін. Кесте «Шың» кітабынан алынған үлгі бойынша жасалған. Үй тапсырмасына тақырыпқа байланысты тест құрап келуді тапсырамын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолдары: Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері: 1.Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау: Бұл тестпен жұмысжасау кезінде байқағаным: оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп, қарай бастайды. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажетті тест түрі. 2.Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану:Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші оқушының қызығушылығын ескеруіміз қажет. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаймын. 3.Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар:Бұл жеке бір тақырыпта жұмыс істеуге өте тиімді тәсіл. Әр өтілген тарауды оқушылардың қалай меңгергенін осы тапсырманы орындатқаннан кейін анық байқалады. 4.Логикалық тапсырмаларды талдау:Соңғы жылдары ҰБТ кезінде берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйретемін. 5.Топтық және жеке дайындық: Бұл екі дайындық түріменде жұмыс жүргізіп көрдім. Екеуі де өте тиімді тәсіл деп ойлаймын. Жоспар бойынша сабағымның тәжірибесі:11-сынып. Ақпаратты-интерактивті технологиясы арқылы тестілеу жұмысын орындау. Жұмыс барысы:Ақпаратты-интерактивті технологиясы арқылы, оқушылар арнайы дайындалған флипчарт арқылы тестілеу жұмысын орындайды. Жұмыс джойстиктер арқылы жүзеге асады. Бұл жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі байқалады. Әр сұрақтың уақыты белгіленген. Және де бұл технологияның ерекшелігі: әр оқушының дұрыс жауаптары бірден тақтаға шығады. Оқушының олқылықтары бірден көрінеді,қателерін өздері анықтайды.Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық ретінде бұл жұмыс формасы өте тиімді. Мониторинг: Кез келген жұмыстың нәтижесін шығару міндетті түрде жүргізілгені дұрыс. Өйткені мұғалім де, оқушы да өз жұмысының нәтижесі қандай екенін білгісі келеді. Мұғалім оқушылардың қаншалықты меңгергенін көргісі келсе, оқушы өзінің қандай жетістікке жеткенін анықтай алады..Сондықтан кез келген жұмыстың мониторинг шығарылғаны дұрыс. Алған тест болсын, басқа жұмыстар болсын оқушының көз алдында тексеріп, нәтижесін шығарып беремін немесе дайын жауаптар арқылы өздеріне тексертемін. Негізінде сынама тесттің жиі алынғаны, білім сапасын көтеруге зор әсерін тигізеді. Оқушы жауапкершілікті сезінеді, дайындықты күшейтеді, өз мүмкіншілігінің қандай дәрежеде екенін өз көзімен көреді. Нәтижеге қол жеткізу үшін атқарылатын жұмыстар:1.Оқушылардың оқу материалын меңгеруге, өздігінен дамуға белсендіру үшін жабық, ашық оқыту тесттерінің типтерін қолданамын.2. Берілген тақырыптарды меңгергеннен кейін бақылау тапсырмаларын қолданамын, сынама тестілеудің қорытындысы бойынша дайындық деңгейлерін анықтауда қиын тақырыптарды анықтаймын, қателермен жұмыс жүргіземін. 3. Оқушыларды тесттермен оңтайлы (рациональный) амалмен жұмыс істеуге үйретемін. Сонымен,өз жұмысымның көрсеткіші ретінде қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың ҰБТ-дан алған жыл сайынғы қорытындысы: 2012 жылы – 100 пайыз 2013 жылы – 100пайыз 2014 жылы - 100 пайыз «Ел болашағы- білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп тәрбиелеу- мұғалімнің қолында. Н.Ә. Назарбаев Пайдаланылған әдебиеттер: 1 «Шың» оқулығы 2010 жыл 2 «Қазақ тілі» №6 2012 жыл Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 3 «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» № 5 2013 жыл Республика ғылыми-педагогикалық басылым 4 «Мектептегі психология» журналы №3 2014 жыл 5 Оқулықтар 5 -11 сыныптар | |
Просмотров: 1907 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|