Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- өмір талабы. Бермухамедова Б.М. қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Александров орта мектебі, қаңтар 2016ж. "Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білуі аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек". Марк Туллий Цицерон. Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Осындай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашылық тұрғыда ойлай білуге және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолды дұрыс таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр. Функционалдық сауаттылық дегенеміз не? Бұл сұраққа мынадай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жағасында балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әртүлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты.Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы жатқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейтіп кетті. Барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі ережені дұрыс оқығамандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктенорын алып отыр. Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дертіадамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баулу 1-ден 3-сыныпқы дейінгі аралықта пайда болады.Яғни, 3-сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен.Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлден құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, "білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет" Елбасының бастауымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолданаға үйрету. Сонымен қатар, ол жалпы орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертетін негізі болып табылады. "Функционалдық сауаттылық" ұғым алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болған. Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады: • болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу; • білімді ғалыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу; • заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау; • мүше-мемлекеттерге "техникалық ыңтымақтастық" түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын аңықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынды; • арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойғы білім алуына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналады. Тұлғаның тұрақты қасиетті сауаттылық болғандықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Себебі функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылқ деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Олай болса, еліміздің болашағы- жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді. Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан тұрады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол - ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі болып табылады.Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданалады. PISA зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б. әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады. Функционалдық сауаттықтың тағы бір бөлігі ретінде қосымша білім мен мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызуға болады. Жалпы білім беретін мектептегі және мектептен тыс ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы үйірмелер, секциялар желісін кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен қамту ұлғайтылады. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, техникалық шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге және т.б. аударылады. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: "математикалық сауаттылық", "жаратылыстану сауаттылығы" және "оқу сауаттылығы". Ұлттық жаспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады: 1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді. 2. Білім беру мазмұнын жаңартады. 3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді. 4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі. 5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады. Жалпы алғанда, ұлттық жаспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функционалдық сауаттылығының дамуына мүмкіндік береді. Орыс мектептеріндегі "Қазақ тілі" пәніне тікелей қатысты. Өткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылғын қалыптастыру ҚР "Білім туралы", "Тіл туралы", Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі "Қазақ тілі" пәнін оқытудың әдістеме негіздері қайта қарастырылып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-анасы баланы жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананын бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеруге мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. "Балаға берілген дұрыс тәлім-тәрбие- бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз" деген С.А.Макаренконың сөзін ата-аналарға берілген кеңес деп. Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жалпы әлемдік үрдістерін мен ХХІ ғасырдың білім беру мазмұнына және функциялық сауаттылықтың дамуына қойылатын талаптар контекстінде арттыруға мүмкіндік береді. Баяндаманың соңында қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдаманы ұсынуға болады: 1. Оқушыларға бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу; 2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; 3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау; 4. Әлеуметтік талаптарға сай оқушыға ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешім таба алуға үйрету; 5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету; 6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамыту; 7. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамыту; 8. Қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу. Әдебиеттер: 1. Н.Ә.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты. - 2012ж. "Ана-тілі" газеті, №5. - 7-8 бет. 2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкіметінің №832 қаулысы. 2012 жылғы 25 маусым, Астана, Үкімет Үйі. 3. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. 4."Функционалдық сауаттылықты дамыту" 2015ж. "Қазақ тілі мен әдебиеті" Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал, №6 3-4 бет 4. Интернет ресурстары. | |
Просмотров: 1344 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|