Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ұлттық ойындар
Пәні: қазақ тілі Уақыты: Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Өтілген тақырыптарды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімін тексеру, тиянақтау. Ойын еркін айтуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ойындарды көрсету, насихаттау;
2. Тәрбиелік: Өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Дамытушылық: Оқушыларды тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұрақ-тапсырмалар
Сабақтың жұмыс-формалары: топтық
Сабақтың техникалы құралы:интербелсенді тақта
Сабақтың көрнекілігі:ұлттық ойындар туралы слайд, асықтар, арқан
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Кезекшінің жауабын тыңдау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұлттық ойындар туралы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы сұрап, үй тапсырмасын бекіту
ІІІ. Негізгі бөлім. Ұлттық ойындар.
Дина Мелдешқызы: - Балалар! Бүгін біз осы тоқсанда өткен «Ұлттық ойындар» деген сабағымызды қайтадан қайталап, пысықтап өткізгелі отырмыз. Себебі бүгінгі сабағымыздың мақсаты: ата-бабамыздан қалған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап көрсету, насихаттау, сонымен қатар, балалар ұлттық ойындар балаларды тапқырлыққа, шапшандылыққа, ептілікке баулиды, адамның ойын еркін айтуға үйретеді дегім келеді.
Руслан Тілепұлы: Дұрыс айтасыз Дина Мелдешқызы. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «өрнектеліп» те отырған.
Дина Мелдешқызы: Сонымен бүгінгі сайыс сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабаққа 2 сыныптың оқушылары қатысып отыр. Олар: 5 «Г» сыныбы – «Сұңқар» тобы, 5 «Д» сыныбы – «Қыран» тобы. Қатысушыларға қошемет көрсетіп қояйық. Бүгінгі біздің сайыс сабағымыз бірнеше кезеңнен тұрады.
1 – тур. Өзін-өзі таныстыру (топтың аты, эмблемасы)
Руслан Тілепұлы: 2 – тур. «Ұлттық ойындарды танисың ба?» Сурет бойынша ойын, яғни үй тапсырмасын бекіту. Алдарыңызға ұлттық ойындар туралы слайд көрсетеміз, сендер осы ойындардың атауын тауып берулеріңіз керек. 1. Қыз қуу. 2.Сақина салу. 3. Арқан тарту. 4. Көкпар. 5. Бәге. 6. Алтыбақан. 7. Тоғызқұмалақ. 8. Асық ойнау.
Дина Мелдешқызы: 3 – тур. «Бәйге» кезеңі деп аталады. Ой қозғау (сұраққа жауап алу). Шарты: Белгілі уақыт ішінде қойылған сұрақтарға тез жауап беру. Әр топқа 10 сұрақтан қоямыз. Ұпайды көп жинаған топ жеңімпаз болады. Әділ-қазылар алқасы оқушыларға әділ бағаларыңызды бересіздер дейміз.
«Сұңқар» тобының сұрақтары:
1. Аптада неше күн бар?
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Жалғаулар сөз табына жатады ма?
4. Зат есімнің неше жалғауы бар?
5. Абайдың неше қара сөзі бар?
6. «Ұлыстың ұлы күні» қай күн?
7. «Асан мен Үсен» әңгімесін кім жазған?
8. «Тоғызқұмалақ» ойынын кім ойлап тапты?
9. «Айқұлақ» ойынының шарты бойынша қандай кейіпкерлер болады?
10. Оқитың мектебің кімнің атында?
«Қыран» тобының сұрақтары:
1. Абай Құнанбайұлы кім?
2. Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
3. Қазақстанның бас қаласын ата?
4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
5. Бір жылда неше мезгіл бар?
6. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?
7. Асық ойынының мақсаты неде?
8. Қыздың бетін сүйетін қай оын?
9. «Ханталапай» ойыны немен ойналады?
10. Қимыл, әрекетті білдіретін сөз табы қалай аталады?
Руслан Тілепұлы: 4 – тур. Адасқан сөздерді өз орындарына қою.
Яғни тақырыпқа байланысты 4 сөйлем шығу керек. Әр топ 2 сөйлемнен құрастыру керек.
1. Ойындары, қаза, халқының, көбінесе, байланысты, төрт, малмен, түлік, болды.
(Қазақ халқының ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды)
2. Пайдаланды, құмалағын. Қой, мал, сүйегін ойынға, олар.
(Олар мал сүйегін, қой құмалағын ойынға пайдаланды)
3. Күрес – халқымен, қазақ, жасап, келе, бірге, жатқан, ойын, ұзақ, тарихы, бар.
(Күрес – қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұзақ тарихы бар ойын)
4. Алтыбақан, көктем, жаз, кештерінде, далада, алаңда, өтеді, көбіне
(Алтыбақан далада, алаңда көбіне көктем, жаз кештерінде өтеді)
Дина Мелдешқызы: Келесі 5-кезең. «Ойын ойнайық» деп аталады. Бұл кезеңде біз бірнеше ойын ойнаймыз. Әр ойынды ойнағанда қазылар алқасы әділ бағаларын беріп отыруларын сұраймыз. «Сақина салу». Бұл ойын жайлы кім біледі? Осы ойынды көрсетсек қалай болады? Оқушылардың жауабын тыңдау. Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатысушыларды түгел аралап өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктенгендей кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдар «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. (Ал айыптың өтеуі келесі: ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, өлең оқып беру)
Руслан Тілепұлы: Бұл ойынға әр топтан екі ойыншыдан қатысады. Бұл ойын «Асық ату» деп аталады. Бұл ойын жайлы кім не біледі? Оқушылардың жауабын тыңдау. Бұл ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Бір бала ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып иіреді. Яғни кімнен кейін кімнің асық ататынын анықтайды. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі бірінші, тәйке түскендікі екінші, бүк түскендікі үшінші, шік түскендікі төртінші атады. (Асықты көп жинаған топ жеңіске жетеді)
Дина Мелдешқызы: Келесі ойынымыз «Арқан тарту» деп аталады. Балалар, бұл ойынды біз білеміз бе? Кім маған айтып береді? Оқушылардың жауабын тыңдау. Бұл күш сынасатын ежелгі халық ойыны. Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады. Белгі берілгенде екі топ екі жаққа қарай тартуы керек. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген топ жеңіске жетті деп есептеледі.
Руслан Тілепұлы: Құрметті оқушылар! Мұғалімдер! Бүгін біз қазақ халқының бірнеше ұлттық ойындарын көрсете алдық. Ұлттық ойындардың түрлері көп. Ең бастысы қазақтың ұлттық ойындары ұлтымыздың ерекшелігін, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ұлттық болмысымызды көрсетеді. Ұлттық ойындарды сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да оқушылардың бойында ұлттық сезімін ояту үшін ойнатылып отыру қажет деп ойлаймын. Сөзді әділ-қазылар алқасына беремін. Сөз кезегі сіздерде. Әділ-қазылар алқасы қорытындылайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: baymaganbetov94 (2016-01-26) | Автор: Ұлттық ойындар E
Просмотров: 971 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 1:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru