Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Тақырып: Абай – ақын-сазгер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 10 «б» Мұғалімі: Жаманова Манар Серікбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «М.Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектеп» КММ, Петропавл қаласы СҚО Сабақтың тақырыбы: АБАЙ – АҚЫН-САЗГЕР Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеуде үштілдікті қолдану. Абай әндерінің тәр- биелік мәнін ашу. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, шығарма- шылық қабілетін дамыту. Танымдық: Өз бетімен іздене білуге, өзіндік пікір қорытуға дағдыландыру Тәрбиелік: Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің құдіреттілігін ұғынуға, оқушыларды адам- гершілікке, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру Көрнекілігі: слайдтар, оқулық, домбыра Түрі: интегралды сабақ Пәнаралық байланыс: ән-күй сабағы Сабақтың барысы: І. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КЕЗЕҢ. - Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр(шапалақ). Отырыңыздар. Listen to the music. Ән «Айттым сәлем, Қаламқас». – Оқушылар, мына әнді тыңдаңыздар. Ән кімдікі? Әнде не туралы? Осы сұрақтарға сәл ойланыңыздар. - Whose song is this? – чья песня? - What is this song about? - The theme of our lesson is «Abai – poet-composer» - Мен не айттым, Мақпал, plees? - Кім қазақшаға аударады, Ирина? - Қазақтың әндері туралы сөз қозғағанда, міндетті түрде домбыра қатар жүреді. Қазақтың ән серігі, жан серігі, махаббат серігі – домбыра. Онда сабағымыздың бейнелемесі қазақтың ұлттық аспабы – домбыра. - Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын қайталап, ұлы Абайды ақын-сазгер ретінде танысамыз. - Сыныпта кім кезекші?(кезекшімен ауызекі сөйлесу) ҮЙ ЖҰМЫСЫН ҚАЙТАЛАУ Үй жұмысын қайталауда «Менен сұрақ – сенен жылдам жауапты» қолданайық. Сұрақ қойғанда, үш тілді қолдануға болады. Сұрақ қоюды Карина бастайды. МЫСАЛЫ: Абай Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді?(1845-1904) – - Ол қай жерде туған?(Абай Семей облысындағы Шыңғыс тауының етегінде Қарабұлақ қонысында туған). - What is Abai? - (Abai is a greatest Kazakh poet, composer, the founder of Kazakh written literature, translator and singer) - Абайдың шыққан тегі туралы не айтасың?(Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руы, билер әулетінен шыққан) - Алғашқы өлеңді неше жаста жазды?(9 жаста) - Абайдың қандай өлеңдерін білесің? - Ол поэма жазды ма?(«Ескендір» жазылған жылы белгісіз; «Масғұт» 1887 жылы жазылған ) - What did Abai write about? - (He wrote about education, people, labour, friendship, nature, and love) - Абай туралы алғашқы рет қашан естідің? - Қосымша материал бар ма? - Рleas. ІІІ. ЖАҢА САБАҚ. «Парасатты болып туған, Шыңғыстаудың Абайы, Ән мен жырын мұра қылған, Сарыарқаның Абайы.» Оқушылар, осы өлең жолдарынан Сарыарқаның мұрасы Абай әндері деп білеміз. Абай әндерінің ішінде сендер үшін ең танымал әндері қандай?( «Көзімнің қарасы», «Айттым, сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай») Ендеше осы 3 өлеңдерден бір шумақтан айтып шығайық. ПАПУРИ Дәптермен жұмыс. Сөздікпен танысу елестету қиын – трудно представить алуан түрлі сезімдерін – разные чувства жеткізе алатын – передающие жазба мәдениеті – письменная культура дәстүрлік қалыпта – в традиционном виде өзгешелігі – особенности барлық атырабында шырқалады – поется во всех уголках естеліктері – воспоминания сүйемелдеп отыратын – аккомпанировал өкініштісі – сожаление топтамасын құрайды –составляет сборники Мәтінмен танысу Ән-күйсіз адам өмірін елестету қиын. Айналадағы өмірден алатын әсерді, адамның жан сырын, алуан түрлі сезімдерін айтып жеткізе алатын өнер түрінің бірі – ән, сұлу саз. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Абай әндерін нотаға түсірген жоқ, сондықтан да ол әндерін алдымен өзі айтып таратты. Абай үйінде айлап, апталап қонақ болып, ойын-сауық құрып жататын ақындар мен әншілер оның жаңа әндерін өз аузынан естіп, үйреніп жұртқа жеткізген. Сөйтіп, Абай әндері ескі дәстүр бойынша, біреуден-біреу үйреніп, ауыздан-ауызға жалпы қазақ арасына тарай бастады. Абай қасында әнші, күйші, сазгерлер ұстаумен бірге, өзі де 40-қа жуық ән шығарған, олар бүгінде байтақ еліміздің барлық атырабында шырқалады. Замандастарының бізге жеткізген естеліктері бойынша, Абай домбыраны жақсы тартқан және өз әндерін айтқан әншілерді сүйемелдеп отыратын әдеті болған. Ақын бірнеше күй де шығарған. Бір өкініштісі композитордың ел арасына тараған бұл күйлері әлі күнге жиналып, зерттелген жоқ. Абай күйлері ішінен тек үшеуі ғана белгілі. Олар: «Тоқжанға», «Май түні», «Абайдың желдірмесі». Абай әндері тұтас күйінде, кейде олардың үзінділері көптеген опералық, симфониялық, камералық және хорға арналған шығармаларға кеңінен пайдаланылып келеді. Олар қазақ музыкасында Абай тақырыбындағы шығармалар топтамасын құрайды, ал қазақ музыкалық зерттеу ғылымында - музыкалық абайтану деген ғылыми жаңа саланы тудырды. Мәтіннен түсінгендерін оқушылар үш тілде айта алады. Сабақта Абайдың басқа әндері бар, соның ішінен «Қараңғы түнде тау қалғып» және «Татьянаның хаты» деген әндерімен жақын танысайық. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі Абайдың 1892 жылы М.Ю.Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең шалыс ұйқас үлгісімен жазылған. Лермонтов бұл өлеңді 1840 жылы неміс тілінен аударған. 1780 жылдың күзінде Кикельхан шыңына жаяу сапар шегіп, Иоганн Вольфганг Гете шың түбіндегі орман ішінде тұрғызылған 2 қабатты аңшы үйінің қабырғасына қарындашпен 8-ақ жол өлең жазады. Бұл кейін бүкіл дүние жүзіне әйгілі болған. Алғашқы рет нотаға комп. Л.Хамиди 1935 жылы жазған. М. Ю. Лермонтов. Ночная песнь странника Горные вершины Спят во тьме ночной. Тихие долины Полны свежей мглой. . Не пылит дорога, Не дрожат листы... Подожди немного, Отдохнешь и ты. . Абай. Қараңғы түнде тау қалғып Қараңғы түнде тау қалғып, а Ұйқыға кетер балбырап. а Даланы жым-жырт, дел-салғып, а Түн басады салбырап. б Шаң шығармас жол-дағы. а Сыбдырамас жапырақ , а Тыншығарсың сен-дағы а Сабыр қылсаң азырақ. а Әнді тыңдау Пушкиннің атақты романы - "Евгений Онегинді" Абай бөлек-бөлек үзінділер түрінде аударады: "Онегиннің сипаты", "Татьянаның хаты", "Онегиннің ойы", "Онегиннің сөзі", "Онегиннің хаты", "Татьянаның сөзі", "Ленскийдің сөзі". Мұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай сырт қалады. Абай ол романның ішінен тек Онегин - Татьяна арасында кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың аударуына хаттармен баян етілген роман қалыптанған тәрізді. Өз аудармасының соңында, Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл - Пушкинде жоқ еркін өзгерістің, Абайдың сөзінше дәлелденген ерекше бір түр. «Татьянаның хаты» Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең. Ол кезімде бала едім мен, Аямасқа бекіп ең. Талақ етіп бұл ғаламды, Болды мәлім кеткенің. Кінәсі жоқ жас адамды Қатты соққан не еткенің?... Бұл кінә емес, әнщейін наз, Сағынамын, айтамын. Досыңақпын, тағдыр араз, Толғанамын, қайтемін. «Письмо Татьяны» - Онеги, я тогда моложе, Я лучше, кажется, была, И я любила вас; и что же? Что в сердце вашем я нашла? Какой ответ? одну суровость. Не правда ль? Вам была не новость Смиренной девочки любовь? И нынче – боже! – стынет кровь, Как только вспомню взгляд холодный И эту проповедь... Но вас Я не виню: с тот страшный час Вы поступили благородно, Вы были правы предо мной: Я благодарна всей душой... Екі тілде жазылған өлеңдерді салыстыру, Абай ақын өлең жазуда қандай ұйқас түрін қолданғанын анықтау, дәлелдеу. «Татьянаның хаты» әнін оқушылар тыңдайды. - Осы әндер туралы не түсіндіңіздер, сендердің пікірлеріңді білу үшін мына кестемен жұмыс істейміз Өлеңнің аты Оқушының түйіндемесі «Татьянаның хаты» Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең.1. 1. Абай орыс жастарының сезімін көрсетеді. Ол кезімде бала едім мен, 2. Аямасқа бекіп ең. 3. Талақ етіп бұл ғаламды, Болды мәлім кеткенің. Кінәсы жоқ жас адамды, Қатты соққан не еткенің? Елжіреген жас емес пе ем, Еппен айтсаң жұбатып. Мен ғашыққа мас емес пе ем, Кетсең еді ұзатып. Сен жаралы жолбарыс ең, Мен киіктің лағы ем. Тірі қалдым, өлмей әрең, Қатты батты тырнағың. «Қараңғы түнде тау қалғып» Қараңғы түнде тау қалғып, 1. Өлеңде философиялық лирика жүректі әлдилейді. Ұйқыға кетер балбырап. 2. Абай Гете өлеңін дәл жеткізеді. Даланы жым-жырт, дел-сал ғып, Түн басады салбырап. Шаң шығармас жол-дағы, Сілкіне алмас жапырақ. Тыншығарсың сен-дағы, Сабыр қылсаң азырақ ҚОРЫТЫНДЫ. Бүгінгі сабақты жарнама ретінде қорытамыз. Жарнаманың тақырыбы «Абай – ақын-сазгер» . Жарнамаға тақырыпқа сәйкес суреттер қолданылады. Сонымен қазақтың ұлы Абай Құнанбаев – ақын-сазгер. Бүгінгі сабағымызда Абайдың ән мұрасымен және әндерінің тәрбиелік мәні туралы мағлұматтар алдық. Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуы, әндерінің сипаты, тақырыбы және әндерінің тәрбиелік мәнін ашуда оқушылар құнды пікірлер айтты. Үйге тапсырма: 1. «Қараңғы түнде тау қалғып» немесе «Татьянаның хаты» өлеңін жаттау. 2. «Абай – ақын-сазгер» тақырыбына эссе жазу. Today I give ‘five’ – «4» алған оқушыар – «3» алған оқушылар – Сабақ аяқталды, сау болыңыздар. | |
Просмотров: 1806 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|