Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тіл тұтастығы -ел тұтастығы
Тіл тұтастығы - ел тұтастығы.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері күн тәртібінен түспей, көкейтесті мәселелердің бірі болып саналатын тақырып- тіл тағдыры. «Тіл туралы заң» қабылданғанмен, барлық мәселе бірден шешіле қойған жоқ. Қазіргі таңда жағдай жақсарды: мемлекеттік тілдің өндіріс, ғылым саласында кең түрде дамуына, қолданылуына барлық мүмкіндік пайда болды. Мемлекеттік тілде басылып шығатын кітаптар , әдістемелік құралдар, газет-журналдар көздің жауын алады. Қазақша радио тыңдайсың ба, әлде теледидардан бағдарлама тамашалайсың ба...? Тыңдарман мен көрерменнің талғамы мен сұранысына сай сапалы дүние күн сайын көбейіп келеді.
Елбасымыз «Мәңгілік Ел- ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», - деп бекер айтпаған, өйткені Тәуелсіздікті аңсаған, еркіндікті көксеген көкірегі ояу , көзі ашық саналы азаматтарымыздың арман-тілегі- туған халқының болашағы, ел бірлігі еді.
«Көк түркінің көк семсері» атанған Күлтегін батырдың:
«Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым»,-деген сөзі осыған айғақ. Сол заманнан бері ақ найза ұшымен, ақ білек күшімен жерін, елін жаудан қорғап, қасық қаны қалғанша күрескен асыл ұлдарымыздың арқасында мәдениетіміз бен дәстүрімізді жоғалтпай , одан әрі дамытуға қол жеткіздік. Тіл дегеніміз – баға жетпес асыл мұра. Оның «құдіретті үнін сүйетін» , қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай туған баласындай қорғаштап, мәпелеп, дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыз аз емес. «Сөз түзелді , тыңдаушы, сен де түзел» деп Абай атамыздың айтқан сөзін ұмытпай, естілердің сөзін ескеріп жүрсек игі еді..
Осы кезге дейін тіл үйренгісі келмей жүрген қандастарымыз түрлі сылтау айтып жүр, ана тілімізден ат-тонын ала қашып жүр. Шынында да, 70 жыл ірі империяның бодандығында болып, әбден санамыз уланып, тіліміз бен дінімізден жұрдай болғанымыз жас ұрпақ тәрбиесіне әсер етпей қойған жоқ . Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен тілі күрмеліп, ойын анық жеткізе алмайтындарды , немере – шөберелерінің былдыр – былдыр бал тілі өзге тілде шыққанына мәз болып жүрген ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді көргенде жаным удай ашиды. Бүгінгі күні құлдық санадан арылатын кез келді. Орыс тілін білмейтін орыс бола ма екен? Қытайша сөйлей алмайтын адам бар ма екен? Әрине, ондай ой миға қонымсыз.
Менің ойымша, ана тілінде сөйлеу, әдеби шығармаларды оқу - әр жанұяның отбасылық дәстүріне айналуы керек. Сол жағдайда ғана балаларына ата-анасының тілге деген құрметі үлгі болмақ. Ұяда көргенін өмірде қолданып, ана тілінде cусындаған , танымын кеңейткен жан болашақта жеті жұрттың қамын жеп, еліміздің өркендеуіне үлес қосары анық. Әр кәсіпорында, мекемеде, түрлі ұйымдарда қызмет ететін басшылар, қатардағы мамандар өзара қазақша тілдесіп, пікір алмасып , шұрайлы тілін пайдаланып мақтан етіп жүргенде, өзге ұлт өкілдерінің тіл үйренуге, ұлттық болмысысызға деген қызығушылығын арттырып, тілімізді меңгеруіне түрткі болар еді.
Тіл ұғымы мемлекетіміздің рәміздерінің бірі іспеттес. Сүйінбай Аронұлының «Бөрілі менің байрағым» өлеңінде:
«Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым», -деген жолдарынан елім, жерім деп еңіреген боздақтарымыз ел басына күн туған кезде намысты қолдан бермегені баршамызға аян. Ата- бабаларынан шыққан нағыз ерлердің ерлігін білген жастар тіліне немқұрайлы болуы мүмкін емес. Елімізде белең алып бара жатқан көптеген жайттар - тілін , салт- дәстүрін, тарихын білмеу, қарттар үйіндегі ата-әжелер – бұның барлығы, сайып келгенде, қазақы тәрбиені білмеген, ұлттық үлгі - өнеге алмаған баланың іс-әркетінің нәтижесі. Сондықтан жас ұрпақ «Тіл- халықты біріктіруші фактор» екенін көкейіне түйіп, еліміздің гүлденуі, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуы бірлігіміз мықты, елдігіміз берік болған жағдайда жүзеге асатынын есінен шығармауы тиіс.
"Жалғыздың үні шықпас" дейді қазақ мақалы, сондықтан еліміздің әрбір азаматы, өзін елінің патриоты, тіл жанашыры санайтын жандар осы мәселеге бет бұрса, көтерген жүгіміз жеңіл болары сөзсіз.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ализа (2016-01-31)
Просмотров: 1320 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 7:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru