Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ВКО г.Семей
КГУ «СОШ №9»
Малдыбаева Дана Зарипканқызы
учитель казахского языка в русской школе
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз - гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны парықтап, бағалаудың бір құралын жетілдіру» деген сөзі тіл мамандарына бағыт – бағдар іспеттес. Ортақ мүддеміз де - осы.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік жіне танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек»[1]. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда[2]. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады.
Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Тіл дамыту - тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Мұндай көзқарасты ғалым З.Ш. Есназарова ұсынып, тиімділігін өз еңбектерінде дәлелдеп жүр. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем - байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөзді қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек[3]. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Басқа да әдістемелік әдебиеттерге шолу жасағанымызда, сөзді меңгеруде тақырыптық жүйенің дұрыстығын айтады. Яғни, әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты айналаны, қоршаған ортаны бейнелейтін, танытатын сөздерді меңгерген ұтымдырақ. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, білімдерін молайтып, сауатты да мәдени-эстетикалық деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады. Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуы көзделу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде[4]. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді екіге бөліп екі қатарға тапсырма беру, оқушыларды өздеріне тиісті мәтінді оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады.
5 сыныпта көбінесе үлестірмелі кәртішкелер, суреттермен, ойындармен жұмыс жүргізуге болады. Мұнда оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.
Жұмыс барысында мақал-мәтелдерге назар аударған жөн.Алдымен оқушыларға мақал мен мәтелдердің айырмашылығы түсіндіріледі, оларды оңай жаттау үшін сұрақ қойылады, мысалы: Отан неден де ыстық? Жауап: Отан оттан да ыстық. Ағаш немен мықты, адам кіммен мықты? Жауап: ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Кейін оқушылар мақал-мәтелдерді меңгергеннен соң, олардың мәнін түсіндіруге, өз пікірлерін айтуға үйреткен дұрыс.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру қажет.Осыған орай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр тоқсанда келетін демалыс күндері ертегілер, аңыздар, белгілі жазушылардың әңгімелерін оқуға талап қою керек. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан–жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Оқушылардың тілді меңгеру мақсатында, қоршаған ортаны танып білуіне байланысты белгілі тақырыптар бойынша қысқаша мәлімет, бағыт-бағдар беруге болады, ал олар өз бетінше оны толықтырып, кейін сабақта айтып береді, бұл жұмыстың түрі монолог деп аталады...
Тіл дамыту мен оқуға арналған тақырыптар.
1. Біз оқимыз әрі еңбек етеміз.
Бұл тақырыпта жазғы кездегі еңбек түрлері(ауылда, қалада) және адам өмірінде кітаптың алатын орны туралы айтылады.
2.Туған жер.
Мұнда туған жердің табиғаты, байлығы, достық байланыстар, экономикасы, шетелмен байланысы туралы әңгіме қозғалады.
3.Асыл мұралар.
Бұл тақырыпқа тарихи орындар, қалалар, ескерткіштер, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтың мұражайлары, өлкелік мұражайлар жатады.
4. Халық музыка аспаптары.
Белгілі күйші, сазгер, әнші, жыршы, әртістер.
5. Тамаша адамдар өмірінен.
Белгілі ғалым, жазушы, ғарышкер, ақын, спорт жұлдыздары.
6. Республикадағы халықтар достығы.
Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтан басталған ұлтаралық достық. Оқушылар арасындағы достық.
7. Ұлттық өнер.
Зергерлік бұйымдар, киіз үй жабдықтары, ұлттық тағамдар. Белгілі күйші, әншілер. Ұлттық киімдер.
8.Ұлттық мерекелер.
Республика нышандары, тәуелсіздік күні, наурыз мейрамы...
9.Ұлттық ойындар.
Ұлттық ойын түрлері.
10.Жыл мезгілдері.
Жылдың төрт мезгіліне байланысты еңбек түрлері, оған оқушылардың қатынасы.
11. Қазақтың тәлім-тәрбие тарихынан.
Ұлттық тәрбие туралы ауыз әдебиеті үлгілері. Бала тәрбиесі, бата беру, алғыс айту.
12. Біздің тұратын қаламыз.
Аудан орталығы, емхана, мәдени орындары, қаланың көшелері, табиғаты туралы әңгіме құрылады.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.
Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету де артық болмайды.
Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Жұмыс жүргізудің нәтижесін төменгі сызбадан көруге болады:
Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп - қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп білемін.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана «Елорда», 2008ж. 23-бет.
2. «Открытая школа» информационно-методический журнал,2011г. №2 (103), стр.12.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2007жыл №8, 24-25бет.
4. «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, 2009 жыл №1(43) 16 бет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гульнараж (2016-02-06)
Просмотров: 1818 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 6:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru