Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сынып: 8 Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы Сабақтың мақсаты: Астана қаласы туралы мәлімет беру. Міндеттері: Білімділік: тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту, оқушылардың өз елі туралы, Астана туралы мәліметтерін молайту, қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту. Еркін сөйлеудағдысын қалыптастыру. Ойлау арқылы өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамыту. Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту арқылы патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, кеспелер. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, «Ой қозғау», «Бес жолды өлең». Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырукезеңі. 1.Оқушыларды түгендеу. 2.Оқушыларды 2 топқа бөлу (түрлі-түсті стикер алғызу арқылы) 3. Сабаққа даярлау ІІ.Үй жұмысын тексеру. 103-беттегі 5-тапсырма. Мәтінді оқы, сұрақ құрастыр. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса. ІІІ. Жаңасабақ. Қызығушылықты ояту. «Қиыннан оңайға». 1.Сұрақтар оқылып тұрады,оқушылар жауабын табу керек. 1. Тың игерілген жер. 2. Бұрынғы атауы Целиноград. 3. Бәйтерек, Ханшатыр, Океанариумы бар қала. Астана. Мағынаны ашу. Біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы туралы болмақ. Астана қаласы туралы тағы не білесіңдер? Слайд бойынша Астана қаласы туралы түсіндіремін. Оқушылар толықтырады. Мәтінмен топтық жұмыс. Екі топқа екі мәтін таратылады. І топ. Мәтінді оқы, аудар. Сұрақтар құрастыр. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Астана Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды. 1961 жылы наурыздың 20-сында қалаға Целиноград атауы берілді. 1992 жылы бұрынғы Ақмола атауы қайтарылды. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойды. Сөздік: Мемлекет – государство Орналасқан – расположен Жарлық – указ Қайтару – вернуть Мәртебе – статус Қол қойды – подписал ІІ топ. Мәтінді оқы, аудар. Сұрақтар құрастыр. Асты сызылған сөзді септе. 1998 жылы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 1998 жылы Президенттің Жарлығымен Ақмола қаласы – Астана қаласы болып өзгертілді. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. «Бәйтерек» ғимараты астана тұрғындарын, алыс, жақын шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. Астана – болашағы үлкен қала. Сөздік: Салтанатты ашылуы – торжественное открытие Рәсім – церемония Өзгерту – переименовать Көрікті –достопримечательный Таң қалдырады – удивляет $IMAGE1$ $IMAGE2$ Екі топқа бірдей берілетін тапсырма. 1) 127-беттегі 3-тапсырма.Сөздердің аудармасын тап. 2) 128-беттегі 6-тапсырма. Дара және күрделі сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар. Ой толғаныс кезеңі.«Бес жолды өлең» құрастыр 1. Астана 2. Әдемі, үлкен 3. Көркейеді, дамиды, гүлденеді 4. Астана – Қазақстанның бас қаласы 5. Елорда Үйге тапсырма: 1)128-бет 7-тапсырма. Өлеңді жаттау 2) Астана туралы сурет сал немесе эссе жаз Бағалау. Топ басшылары қойған бағалары туралы ұсыныс айтады. Мұғалім қорытынды баға қояды Рефлексия. Бүгінгі сабақ туралы ойларын стикерге жазады. | |
Просмотров: 1037 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|