Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық тамыз секциясы Баяндама. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен танымдық мотивацияларын сақтау тәсілдері. Дайындаған: Новоселов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Алимбаева Б.Т. Мотивация – оқушының зейінін оқытылатын мәселеге шоғырландырады оның ойлау белсенділігін қоздырады және оқушыларды оқу үрдесіне бағыттайды.Таным мотивациясы - оқушының оқитын нысанасына және оның ойлау қабілетінің белсенділігін қоздыруға бейімделген. Таным мотивациясын әр түрлі тәсілдер арқылы тудыруға болады. -оқып білгенді өмірмен байланыстыру; -проблемалық жағдай туғыза білу; -көркем және кең тараған ғылыми әдебиеттерді,сонымен қатар өнер шығармаларын қолдану; -тарихқа саяхат жасау; -салыстыра білу; -танымдық ойындар,дискуссиялар және басқа тәсілдер. Кез келген оқытушы бұл тәсілдер тізімінің қатарын әр баланың жеке бас қасиеттерін ескере отырып,жалғастыра алады.Бұл тәсілдердің осы немесе өзге әрекеттерінің тиімділігі әр түрлі факторларға байланысты.Оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын есепке алу,эмоционалды тәсілдердің әсер ету жағдайларына қарай маңыздылығы анықталады.Тәжірибесі мол мұғалім бір ғана тәсілді қолданумен шектелмейді. Танымдық мотивацияның дәл,анық болуы тіпті нашар оқитын,үлгермейтін оқушыларға әсер етеді.Сонымен бірге мұғалімнің сабаққа қойған міндеті жұмысқа кейбір балаларды,яғни оқу мотивациясы қалыптасқан оқушыларды сабаққа бағыттайды.Оқушының жұмысқа бағытталуына сынып бөлмесінің де маңызы зор.Әрине,адамға қызығушылық фактор болып оның топтық жұмысқа қатысуы болып табылады.Мұғалімнің ең алғашқы сөз бастауы мен эмоционалдық жағдайы.Мотивацияның мықты тәсілдері - сабақты дискуссия,пресс конференция түрінде өткізгенде және де екі жақты қарама- қарсы пікірлер қалыптасқанда күшейе түседі. 1.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?Сабақтың басталуын тиімді ұйымдастыру: а)жаңа ақпарат ізденуді талап етеді; ә)ақпарат оқушылардың тақырыпты ой елегенінен өткізуіне зейінін аударады,тез арада іскерлік көңіл- күй қалыптастырады; б)қысқа мерзімді фронтальды сұраныс оқушылардың үй жұмысын ой елегінен өткізу деңгейін анықтауға көмектеседі,зейінін шоғырландырады. 2.Оқушыларды сабаққа қатыстыра алатындай сұрақтар қою керек. 3.Жаңа сабақты түсіндіру барысында,өткен сабақтағы алған білімдерін жаңа алатын білімнің базасы ретінде болу қажет. 4.Үй тапсырмасын оқушылардың белсенділігі мен ұжымдық ойлауы қалыптасатындай ұйымдастыру керек. Оқушылардың білімі өз еркімен қабылдауын қамтамасыз ету абзал. Оқушының жаңадан білім алуына,қызығушылықтарын оятуға талпындыру керек.Сондықтан біздің негізгі міндетіміз қазақ тілін оқудың қажеттілігін түсіндіру.Оқушылардың қазақ тілін толық меңгеру үшін,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жүйелі түрде қалыптастыру керек.Бұл оқытудың ең тиімді құралы.Біздің міндетіміз өз бетімен жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу,білім білік дағдыларын қалыртастыру және оқу еңбегіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады. Өз бетімен жұмыс тар мағыналы сөз емес,ол әр түрлі формалардан,амал тәсілдерден тұратын кең мағыналы іс әрекет. Мұғалім сабақ түсіндіру барысында оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуғе тарта білуге міндетті.Өз бетімен жұмысты әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізуге болады. Бірінші тәсіл:Мұғалім мәтінді оқиды,түсіндіреді,қажетті уақытта сыныпқа сұрақ қояды: «Не себепті былай болды?», «Егер біз осы сөйлемді өзгертсек не болады?». Екінші тәсіл:Бір нәрсені түсіндіріп тұрып,мұғалім сыныпқа қарайды: «Кітаптың бетін ашып,бір бөлігін оқып ондағы болған жағдайды түсіндіріңдер?,Оқушылар білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана отырып,оның орындалуын ойлайды,талдаулар жасайды. Үшінші тәсіл:Түсіндіруді тоқтата тұрып,мұғалім көрнекіліктер көрсетеді,балалардан суреттің мәнін,әрекет сабақтастығын,суретте не салынғанын түсіндіріп берулерін сұрайды.Бұл кезде оқушылар тек қана білімдерін бекітіп қоймай,жауаптарын іздейді,талдау жасайды. Төртінші тәсіл:мұғалім түсіндірмес бұрын тапсырмалар береді;мәтінді оқып,белгілі бір сұрақтарға жауап беруге дайындайды. Өз бетімен жұмысты сабақтың құрамды бөлігі ретінде өткізуге болады.Мұғалім түсіндіреді,айтып береді және көрсетеді.Содан соң 10-15 минут кейде 2минут уақытты өз бетімен жұмыс істеуге болады.Мәтіннен жұмыс,үлгі бойынша жаттығулар орындау болуы мүмкін,мұндай жағдайда оқушылардың ойлау деңгейі,олардың жазба және ауызша дағдылары дамиды. Мұғалім әр нұсқадағы тапсырмалардың қиындық деңгейлерін бақылап отырады.Мысалы: 1- топтың тасырмасы:Мәтінді оқу,аудару,бөліктерге бөлу,бөліктерге ат қою. 2- топтың тапсырмасы:Мәтінді оқу,аудару,мәтін бойынша сұрақтар құрастыру және оларға жауап беру.Мұғалім оқушылардың сұрақ - жауаптарына көңіл бөле отырып,оларды дұрыс жаққа бағыттауы тиіс.Осындай тапсырмалар беру жүйелі түрде жүрсе,оқушыларда дағды қалыптасады.Оқушылардың сұрақты толық қойып,оған жауаптың толық берілуін қадағалауды қалыптастыру керек.Бұл жерде басты мақсат оқушылардың сөздік қорын молайту емес,сөйлемдер құрастыруды саналы түрде дағдыландырады. Нәтижеге жету үшін кестелер,схемалар,иллюстрациялық,дидактикалық және таратпа материалдар,карточкалар көмектеседі. Жаттығуларды орындау барысында ашар оқитын оқушылардың жұмыс істеуін қадағалау керек,қателіктерін түзету керек.Балаларды қызықтыру үшін ойын түрінде және жаттығу тапсырмаларын берген дұрыс. Ойындар балалардың ойлау қабілетін белсендіреді,әр баланың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырады,орындай алатын тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етеді. Сабақтағы кең тараған ойын - «ассоциация» ойыны.Ол өз бетімен жұмыстың түрі ретінде,белгілі тақырыптағы үлкен мағыналы сөздердің байланысын жалпылайды және белсендіреді.Баланың сабақта тек қана теориялық білімін емес,тәжірибелік білім білік дағдыларын тексеру мақсатында,күндегідей үй тапсырмасын тексергенге қарағанда,үй тапсырмасына ұйқас тапсырмалар арқылы тексерген дұрыс.Сыныптағы балаларға таратылатын карочкалар немесе оқылған орфограммалары бар сөздерді бір бала тақтаға жазады.Тапсырманы орындап болған соң,қатарлас екі бала бір бірін тексереді.Өзара тексеру оқушылардың жаңа материалды тез қабылдап алудың тиімділігін арттырады.Бір оқушы сыныптағы балаларға оқыған материал бойынша сұрақ қояды,қалғандары жауап береді.Жұппен жұмыс оқылған материалды жүйелеу мен бекітуге жағдай жасайды. Оқу әрекетін оптимальды ұйымдастыру үшін,теориялық және тәжірибелік білімдерін байланыстыру қажет.Кез келген теориялық білімді тәжірибемен толықтырып отырады.Дефференциалдық оқытуды тек қана сабақта емес,сыныптан тыс қолдануға болады.Мысалы,сыныптың негізгі бөлігі өлеңді түгел жаттап алуға тапсырма алады,ал нашар оқитын оқушылар 1шумағын немесе өлеңді мәнерлеп оқып келуге,сұрақтарға жауап беруге тапсырма алады. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту,жеке оқушылардың өздігінен білім алуларына жағдай жасайды,олардың талпыныстарын қанағаттандырады.Сонымен қатар нашар оқитын оқушыларың белсенділіктерін арттыруға көмектеседі,өздерінің күшін сынай білуге үйретеді,үлгермеушіліктерін жоюға көмектеседі.Барлық дидактикалық материалдар оқушылардың жазбаша және ауызша тілін дамытады,сонымен бірге білім сапасын көтеруге әсерін тигізеді.Дидактикалық материалдар оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге және терең,әрі ауқымды білім алу нәтижесіне жеткізеді. | |
Просмотров: 1918 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|