Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Северо-Казахстанская область Тайышынский район, с.Аккудык Калтаева Мансия Толегеновна Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібі. Мақсаты: 1. Мәтінді оқи отырып, сұрақтарға жауап беріп, тақырыптың атын ашу. 2. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетіне сай тапсырмалар беріп орындату, байланыстырып сөйлеуді дамыту. 3. Достыққа, ынтымақтастыққа баулу, уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ұйымдастыру кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру. 1. Топтастыру стратегиясы бойынша сыныптағы оқушыларды төрт-төрттен 3-топқа бөлу. 2. Әр топ жеке-жеке өздері үй тапсырмасын тексереді. Өздері бағалайды. 1. әңгімелейді 2. сыншы 3. қорғаушы 4. бағалаушы Топтағы әр баланың жұмысы сабақта өзгеріп отырады. ІІ. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәнерлеп оқып беремін 2.Оқушылармен бірге аударамын 3. Мәтін бойынша сұрақ-жауап негізінде сөйлесу. 4. Мәтінді рөлге бөліп оқу. 5. Осымен жақсы оқу үшін не істеу керек екен? - Балалар: күн тәртібін құру керек. - Дұрыс - Сонымен бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қалай аталады? - Балалар «Күн тәртібі». ІІІ. Дәптермен жұмыс. Ал, қазір біз балалар әр қайсымыз өзіміздің күн тәртібімізді қысқаша дәптерімізге жазып оқиық. 1. Бұл жерде әр баланы текше беру арқылы бағалаймын. 2. Үш топ әр қайсысы өздерін топ ішінде бағалайды: уақытты үнемдеу үшін әр топтан 1 бала жазған күн тәртібін айтып шығады. 3. Жаттығу орындау. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау. 4. Тапсырма. Қарсы мәндес сөздерді теріп жаз. Әр топ орындарында жазып шығады, бірінші аяқтаған топ өздерінің жазғандарын оқып шығады. IY тапсырма. Оқулық бойынша өлеңді оқып аудару. Бұл өлеңде қандай бала туралы жазылған өлең екен. Әр бала өз ойын айтады, мінездеме беріледі. Y. Қорытынды. Ал енді сабағымызды қорыта келіп, 5 жолды өлең жазайық. Балаларға өлеңнің жазылуын түсіндіру. 1 зат есім 2 сын есім 3 етістік 4 сөз тіркестері 5 сөздің синонимі. YI. Үйге тапсырма: 2-тапсырманы жазып келу. YII. Бағалау. | |
Просмотров: 929 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|