Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Северо-Казахстанская область, район Шал ақына, с.Кривощёково. Бегалинова Баян Алибековна Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі. Сын есім Пәні: қазақ тілі Күні: ________ Сыныбы: 5 «Б» Сілтеме: оқу бағдарламасы, оқулық 104-бет, интернет материалдары; Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілі. Сын есім Сабақтың мақсаты: Деңгейлік оқытуда мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, сын есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету. Негізгі мақсаттар: -оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау; -білім беруде деңгейлік тапсырмалармен қатар АКТ-ны пайдалану; -топтық жұмысқа жұмылдыру; -өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру. Оқыту нәтижелері: Тақырыпты жан-жақты түсініп, талдайды, сөйлем құрастыра біледі, ойын жинақтайды. Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтық жұмыс, «Ой шақыру», «мағынаны ажырату», «миға шабуыл» стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, маркер, оқулық, флипчарт, INSERT сратегиясы бойынша тұжырымдау картасы, бейне роликтер, сементикалық карта Модульді кіріктіру Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, деңгейлік оқыту, бағалау. Кезең Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Білу Мақсаты: өткен сабақ бойынша түсініктерін нақтылау 12 мин 1. Психологиялық атмосфера қалыптастыру «Аққала жасату» стратегиясы -Далада қазіргі кезде не көп? - Одан не жасай аламыз? - Онда қазір сағаттың тілімен жүріп, алдыңызда тұрған оқушының арқасында аққала жасаймыз. 2. Түрлі түсті стикер арқылы топқа бөлу 3. -Өткен сабақта сендерге үйге шығармашылық тапсырма берілген. «Қыс» тақырыбына диалог құру және бейнеролик жасау. 4. Кері байланыс – бейнероликтардағы жақсы тұстарын және қандай ұсыныс жасай алатынымызды ауызша айтып шығу. І. Қызығушылықты ояту Сөзжұмбақ жасыру аркылы тақырыпты анықтау және сабақтын мақсатын айқындау «Миға шабуыл» - Қазір қай жыл мезгілі? - Қыста ауа райы қандай болады? - Қыс айлары қандай? Оқушылар бірінің соңынан бірі шеңберге тұрады. - Қар көп. - Қардан аққала жасаймыз. Оқушылар мұғалімнің сөзін мұқият тыңдап, айтқанын орындайды. Осындай жақсы көңіл-күймен сабақты бастайды. Оқушылардың орындықтарына жапсырылған түрлі түсті стикерлердің түстеріне қарай топ-топқа бөлініп отыра қалады. Тақтаға назар аударады. Үлгерімі жоғары балалар эксперт ретінде мұғалімге көмектеседі. Бейнероликтегі диалог қаншалықты дұрыс жасалғанын бақылап отырады. Әр топтан бір эксперт сөйлейді. Сөзжұмбақты шешеді Бүгінгі сабақтан не күтетіндігі жайында бір-бір сөзбен өз ойларын жеткізеді. Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазады. Сұрақтарға жауап береді Түсіну Мақсаты: Ережені түсіну 15 мин ІІ. Мағынаны ажырату (интерактивті тақтадан мәтін көрсетіледі) 1) Ережемен танысу Әр топқа мұғалім бір заттан береді оны зерделеп, осы зат туралы айтып беріңдер. Ол үшін кластер жасау. 1-топқа - шыршаны безендіретін ойыншық. 2-топқа – кішкентай ойыншық шырша беріледі. Кластерлерін қорғап болғаннан соң, кітаппен жұмыс жасалынады. Мұғалім балалармен бірге ережені талқылайды. -Қасыңызда отырған оқушыға ережені түсіндіру. Ойыншықтарды қарастырып отырып, олардың түрін, атқаратын қызметін, адам өміріндегі орнын түсінеді. Кез келген заттың түрі, түсі, сапасы болады екенін түсінеді; Кластер жасайды, оны ортаға шығып қорғайды. Сын есім туралы ойларын жинақтайды. Сын есімнің емлесін оқиды. Әр сөз тіркесін жеке-жеке талдайды. Үлгерімі жоғары немесе есінде сақтау қабілеті мол оқушы ережені айтып береді. Жұппен жұмыс жасайды - қасында отырған оқушыға ережені түсіндіреді Қолдану Мақсаты: Шығарма шылық қабілеттерін дамыту 10 мин 1) Сәйкестендіру Қасқыр (қандай?) жыртқыш, бала (қандай?) ақылды, қоян қорқақ (қандай?). 1-деңгей 1) Сөздерді сәйкестендіру 2) Сын есімдерді тауып, астын сызу 2-деңгей Осы сөз тіркестермен сөйлем құру 3-деңгей Осы сөз тіркестердің біреуін тақырып ретінде алып, ертегі жазу Сөздікпен жұмыс. 2) 2-тапсырма, 104 бет Қыс келді. Күндер суық, қысқа. Түндер ұзақ. Аяз қатты болды.Жердін бетін ақ қалың қар жапты. Кішкентай балалар аулада шана тебеді. 1-деңгей 1) Мәтінді оқу, аудару. 2) Төменгіде берілген сөздерге сұрақ қою: суық, қысқа, ұзақ, қыс, ақ, балалар, кішкентай. 2-деңгей 1) Сын есімдерді тауып дәптерге жазу. 2) Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырып жазу. 3-деңгей «Қыз мезгілі» тақырыбына шағын шығарма жазу. Сергіту сәті «Шырша биі» 1) «Кім жылдам?» ойыны Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу: суық, ыстық, боранды, жаңбырлы, аязды, салқын, жылы. 2) Семантикалық карта Зат есім Сын есім Етістік аязды Қыс Болды боранды Интерактивті тақтада берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді. Жаңа сөздермен танысады Үш түрлі деңгейдегі тапсырма беріледі. Білім деңгейіне қарай тапсырманы орындайды. Кей оқушы бір тапсырманы, кейбірі бірнеше тапсырманы орындауы мүмкін. Өмірде қолдана біледі. Талдау Мақсаты: Теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра білу (5 мин) Екі баланың арасындағы диалог (біреуі шала қазақ ) Бейнероликтен көргендері туралы өз ойларын айтып,кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін ажыратады. Жинақтау Мақсаты: Қиялдау дағдыларын жетілдіру (6 мин) ІІІ. Ойтолғаныс Қыс мезгілінің артықшылығы неде деп ойлайсыңдар? Ойларын жинақтайды Бағалау Мақсаты: Бүгінгі сабақта алған білімдерін қорыту (3 мин) INSERT сратегиясы бойынша тұжырымдау картасы толтырылады Бірін-бірі бағалайды Мұғалімнің бағасы Рефлексия 2 мин Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? • Өте ұнады (мне очень понравилось) • Белсенді қатыстым (я активно участвовал) • Өзімді команда мүшесі Сезіндім (почувствовал себя членом команды) Ұнады (понравилось) Қатыстым (принимал участие) Өз бетіммен жұмыс жасадым (самостоятельно работал) Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады. Онша қызықтырған жоқ (не очень понравилось) Түсінген жоқпын (не понял тему) Қызықтырған жоқ (не интересно) Ұнаған жоқ (не понравилось) Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасы конвертте беріледі – оқушының білім деңгейіне қарай 1-2-деңгей: 4 – тапсырма 105 бет, ережені жаттау 3- деңгей: «Қыс қызығы» (эссе жазу) Тапсырманы орындайды Өлең жаттайды Эссе жазады | |
Просмотров: 994 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|