Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі.
Северо-Казахстанская область
г.Петропавловск
Первый городской общеобразовательный лицей
Абилова Дилара Абдировна

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы білімдерін бекіту. Ақынның “Балаларды оқуға шақыру” өлеңінің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Мәнерлеп оқу дағдысын, оқушылардың тілін, сөз байлықтарын дамыту. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, білім алуға деген оқушылардың ынтасын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, баяндау, сатылай-кешенді талдау технологиясы, Венн диаграммасы
Көрнекіліктер: ақын портреті, суреттер, кестелер, бидай масақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Сәлемдесу.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансың ба, досым менің!
Міне саған менің қолым!
Мұғалім сөзі: Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
деп әйгілі ақын Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, біз де бүгін сабағымызда даналыққа апарар жолды іздеп көрейік.
Үй жұмысын тексеру.
Өткен сабақта Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысқан болатынбыз.
Ахмет Байтұрсынов туралы не білеміз, білімімізді тексеріп көрелік.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Хрестоматиядан өздеріңізге ұнаған мысалды сахналау керек болатын.
(Сахналық көрініс) Ата насихаты
Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты.Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабауды алып келіп, балаларына:
- Сындырыңдар! – дейді.Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды.
Әкесі сабауларды алып, шешеді де:
- Бір-бірлеп сындырыңдар! – дейді.
Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:
- Араздасып араларың ашылса, сендер де осы сабаулар сықылды
боласыңдар.Ұйымшыл болыңдар!
Мұғалім:
Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады, ақын сендерге қандай насихат айтады?

Мұғ.Суреттен не көріп тұрсыздар?
Осы суреттер арқылы қандай тақырыпты ашуға болады?
Сендер білімді не үшін аласыздар?
Мектепке қандай сезіммен барасыздар?
Білімді болу керек пе?
Білімді болу үшін не істеу керек?
Қазақ тілін жақсы білу үшін не істеу керек?
Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіздер?
Оқу, білім, өнер туралы жазған қандай ақын –жазушылардың өлеңдерін білесіздер?
Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін және Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқиды.

ІІІ. Жаңа білімді игерту. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі
Сабақтың мақсат – міндетін айту, оқушылар өздерінің осы сабақтан не үйренгісі келетінін айтады.
Жаңа сөздер
Жаңа сөздермен танысу.Мұғалім оқиды, оқушылар оқиды.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Мұғалім: 1.Бұл өлең не туралы?
2 Ақын сөзін кімдерге арнап айтқан?
3.Адамдар, аңдар, құстар, қоңыздар, аралар не істеп жүр?
Бекіту тапсырмаларын бермес бұрын әр оқушының алдына тапсырмалардың түрі жазылған жұмыс жоспары және бағалау парақтары таратылады

Оқушының аты жөні-------------------------------------------

Бағалау парағы
1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма Барлық
ұпай Баға

Тапсырмалар

Тапсырма № Жұмыс түрі Бағалау Ұпай саны
1-тапсырма. Сәйкестікті табыңыздар Бірін бірі 4 ұпай
2-тапсырма. Мақал –мәтелдерді аяқтаңыздар Бірін бірі 4 ұпай
3-тапсырма. Өлеңнің ... шумағын қара сөзбен айтыңыздар Мұғалім 4 ұпай
4-тапсырма.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңыздар
ІІ деңгей. Абай Құнанбаев және Ахмет Байтұрсынұлы. Венн диаграммасы
ІІІ деңгей. 5 жол өлең құрастырыңыздар Екі топ бірін бірі 4 ұпай
5-тапсырма. Тест Өзін өзі 4 ұпай

Бағалау
18-20 ұпай - «5»
15-17 ұпай – «4»
10-14 ұпай – «3»

ІV.Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма
Сәйкестікті табыңыздар.
І нұсқа
1.Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! 1.
2.Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! 2.
3.Шақырды тауық мана, әлдеқашан, 3.
4.Қарап тұр терезеден күн жылтырап. 4

ІІ нұсқа
1.Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, 1.
2.Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: 2.
3.Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, 3.
4.Барады аралар да ұшып балға. 4.

2-тапсырма.
Мақал-мәтелдерді аяқтаңыздар
І нұсқа

1.Білекті бірді жығар, 1.Білім – ырыс қазығы
2.Ақыл азбайды 2.Білімсіз күнің жоқ
3.Оқу – білім азығы 3.Білім тозбайды
4.Оқусыз білім жоқ 4.Білімді мыңды жығар

2-тапсырма.
Кестені толтырыңыздар
ІІ нұсқа
Мақал-мәтелдер Тақырыбы
... Білім туралы
Ел іші – алтын бесік ...
... Еңбек туралы
Адам досымен мықты,
Ағаш тамырымен мықты. ...

3-тапсырма.
І қатар
Өлеңнің І шумағын қара сөзбен жазыңыздар.
ІІ қатар
Өлеңнің ІІ шумағын қара сөзбен жазыңыздар.
ІІІ қатар
Өлеңнің ІVшумағын қара сөзбен жазыңыздар.
4-тапсырма.Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
ІІ деңгей.
Абай және Ахмет. Венн диаграммасы
ІІІ деңгей.
«Оқу» сөзіне 5 жол өлең құрастыру
5-тапсырма
Тест. «Дұрыс» немесе «Бұрыс»
V.Үйге тапсырма:1 Өлеңді жаттау
2. Білімнің пайдасы туралы ой-толғаныс жазу
VІ.Қорытынды.Сонымен біз бүгін қандай өлеңмен таныстық?
Осы өлең мазмұны арқылы өздеріңізге не түйдіңіздер? Ойларыңызды айтыңыздар.
VІІ.Бағалау.Бағалау парақтарын жинап алып, бағаларын шығару.
Рефлексия. Қалаған бағанға стикерлер жапсыру.
Түсіндім, барлық тапсырмаларды орындай алдым Түсіндім, бірақ қиыншылықтар кездесті Сұрағым бар
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (2016-02-17) | Автор: Абилова Дилара Абдировна
Просмотров: 1567 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru