Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Бурабай ауданы Щучинск қаласы №3 орта мектебі Өткізген : қазақ тілі мұғалімі Курмангужина А.С. 2015-2016 оқу жылы 2 «А» сыныбы Мерзімі : 21.12.2015 жыл. 2-сабақ. Уақыты : 14. 50 Сабақтың тақырыбы: Менің қошақаным сүйкімді. Сабақтың мақсаты: Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс : орыс тілі Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын-тапсырмалар, ойын-жаттығулар Негізгі түсініктер: қошақан, құлыншақ, сүйкімді Көрнекіліктер: тақырыпқа сәйкес үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері, сөзжұмбақ, карточкалар, жайлаудың суреті, оқулықтың суреттері, түрлі-түсті фишкалар Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрап жатқа айтады: Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос, бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Ақпыз, қара, сарымыз Ағайынбыз бәріміз. ( балалар бір-біріне тілектер айтады (сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы оқы) Тіл дамыту сұрақтары: - Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? - Қыс айлары қандай айлар? - Қазір қандай ай? 2. Үй тапсырмасын тексеру: 3 тапсырма (1-2 оқушы үй тапсырмасы бойынша жауап береді) 3. Жаңа сабақты түсіндіру 1. Сөздік жұмыс: Жаңа сөздермен таныстыру: үй жануарларының атауларын қайталау арқылы сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөз тіркестерін құрау.Мысалы : қошақан- сүйкімді қошақан, әдемі қошақан. Осы кезде оқушылар тақтаға шығып, «Қошақан» әнін шырқап береді. 4. Жаңа сабақтың тақырыбына байланысты кішігірім ақпарат: Тақтаға жайлаудың суретін ілінеді. (сыныпқа сұрақ) - Балалар бұл не? Бұл - жайлау. Жайлау өсімдік, шөп өсетін жазық дала. Жайлауға малды көктемде шығарады, күзге дейін үй жануарлары осы жайлауда жайылады, шөп жейді, қоректенеді, су ішеді. Бұл сиыр. Сиыр - өте пайдалы. Сиыр бізге ет, сүт, құрт, ірімшік, май береді. Сүттен май, қаймақ, құрт, ірімшік жасаймыз. Жылқы - жеті қазынаның бірі. Жылқы - мінсе көлік. Сүтінің емдік қасиеті бар. Жылқы еті де пайдалы, одан қазы - қарта жасайды. Түйе - төрт – түлік малдың бірі. Түйе ірі жануар. Ол бізге шұбат береді. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Түйе жүнінен әр түрлі көрпе жасалып, киімдер тоқылады. Қой - үй жануары. Қой ұсақ жануар. Қой сүті қорғасын. Қой жүнінен киіз көрпе жасайды, жылы киімдер тоқылады. Қой етін, сүтін пайдаланамыз. Мен оқушыларға төрт түлік мал туралы, олардың пірлері жайлы түсіндіріп айтып беремін. 5. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары : 1. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру. 2. Сөзжұмбақты шеш. ( оқушыларды екі топқа бөліп, сөзжұмбақ шешуге тапсырма беріледі) 6. Жазылым. Топтық жұмыс. Карточкамен жұмыс. Әр топтың оқушыларына карточкалар таратылып беріледі. 7. Суретпен жұмыс. Кім тапқыр? Тақтаға үй жануарлары мен аңдардың суреттерін іліп, оқушылар екі топтан кезек-кезек шығып, олардың атын атап, үй жануары немесе аң екенін атап іледі. - Бұл – аю. Ол аң. - Бұл - сиыр. Ол үй жануары. - Бұл – түйе. Ол үй жануары. - Бұл – керік. Ол аң,- деген жауаптар аламын. 8. Жұптық жұмыс. Үй жануарларының төлдерін жаз. Үй жануарлары Төлдері Жылқы Сиыр Түйе Қой Ешкі 9. Тілдесім. Кім тез? ойынын өткізу. Ойынның шарты бойынша жаңа тақырып бойынша кім тез және көп сөз айтса, сол жеңімпаз атанады. Дидактикалық ойын: «Қайсысы қалай дыбыстайды?» оқушылар не қалай дыбыстайтынын сәйкестендіріп көрсетеді (карточкамен жұмыс) Қой мөңірейді Ешкі жамырайды Сиыр боздайды Жылқы маңырайды Түйе кісінейді Ит мияулайды Мысық үреді 7.Сергіту сәті. Жалғасын тап. Ие – ие – ие, Маң – маң басқан түйе. Та- та – та, Жібек жүнді бота. Иыр – иыр – иыр, Сүт береді сиыр. Зау – зау – зау, Мөңірейді бұзау. Қы – қы – қы, Кісінейді жылқы. Шақ – шақ – шақ, Құлдырайды құлыншақ. Ой – ой – ой, Қорада тұр қой. Зы – зы – зы, Моп – момақан қозы. Кі – кі – кі, Сақалды ешкі. Ақ – ақ – ақ, Секеңдеген лақ. Ік – ік – ік, Шәукілдейді күшік. 8.Қорытындылау . Жұмбақ жасырайық. Еріксе, құйрығымен ойнайды, Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды (Мысық) Адамға серік, Күзетке берік. (Ит) Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар (қозы) Тастан-тасқа секірген Қалқиып қос құлағы Ойын болып көкіректі Аула оның тұрағы (лақ) 10.Үйге тапсырма: 78 – бет, 2- тапсырма (жаттау) 11.Бағалау | |
Просмотров: 1731 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|