Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Краснознаменное орта мектебі Қазақ тілі пәнінен сабақтан тыс іс-шара «Білгірлер сайысы» Өткізген: Махмутова Г.Е. 2015-2016 оқу жылы Білгірлер сайысы Сабақтың мақсаты: білімділігі: барлық пәндер бойынша өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, пысықтау. дамытушылығы: оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. тәрбиелігі: оқушыларды қазақ тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Түрі: сайыс сабақ. Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырма. Көрнекілігі: жоспары, нақыл сөздер, үлестірме қағаздар. Сабақтың барысы: - Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! ХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры екені аян. Бәсеке қабілетті елу елдің қатарына жету үшін жастар білімді болуы керек. Бүгінгі біздің «Білімділер сайысы» атты сайысқа оқушыларымыз алған білімдерін ортаға салады, яғни болашаққа деген сенімімізді білдіреміз. 1-кезең Ойын: «Менің есімім» Есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып, өздерін таныстырады. Енді бір - біріне жақсы сөздер айтады. 2-кезең «Шешуін тап». Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 1.Тұзда бар,суда жоқ. Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 3.Үйде бар,шиде жоқ. Күйде бар,биде жоқ. (ү) 4.Қазда бар,үйректе жоқ. Құрда бар,шілде жоқ. (қ) 5.Дәнде бар,елде жоқ. Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 6.Бірде бар,үште жоқ. Екіде бар,бесте жоқ. (і) 7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 8.Шөлде бар,далада жоқ. Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 9.Қайсы әріп қасарып, Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 3-кезең «Ребусты шеш» Қазақстан, қарындаш 4-кезең «Кім тапқыр?» 1.Асанда 5 шар, Үсенде 2 шар, Арманда 2 шар, Барлығы неше шар? (9) 2. Айдоста 8 асық, Елдоста 5 асық, Жандоста 2 асық Барлығы неше асық? (15) 3.Әжей немересіне 8 қолғап тоқыды. Неше немересі бар? (4) 4.Бір үйдің үш ұлы бар.Олардың әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар.Бұл үйде неше бала бар? (5) 5-кезең «Кім не істейді?» Мақсаты: етістіктердің түрлерін ауызекі тілде қолдана білу. Ойын барысы: жүргізуші затты немесе адамды атайды , ойыншылар кезекпен ол қандай қимыл жасағанын айтады және заттарды келесі ойыншыға айтады. Мысалы, жүргізуші: «ұшақ». Ойыншы: «ұшады», «суретші». Келесі ойыншы: «сурет салады», «қалам». Ойыншы: «жазады», «мұғалім» және т.б. 6-кезең «Моншақ» ойыны Ойынның мақсаты: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды қайталау және ажырата білуін тексеру. Ойынның шарты: Қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді араластырып тарату. Уақыт аяқталған соң әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері тиіс. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңімпаз атанады. Мысалы: қалам, мектеп, ойыншық, кезекші, үзіліс, сынып, оқушы, күнделік, тақта, орындық, өшіргіш, көйлек, терезе, есік, парта, бор. 7-кезең «Сұрақ - жауап» ойыны Сұрақтар: 1. Қолда неше саусақ бар? 2. Қыста ауа райы қандай? 3. Бір аптада неше күн бар? 4. Неше жыл мезгілі бар? 5. Сөмкеде не жатыр? 6. Күзде не жауады? 7. Асханада кім бар? 8. Сыныпта неше терезе бар? 8-кезең «Адасқан әріптер» ойыны Ойынның мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Т, к, і, п, а -........... К, е, м, е, п, т -............ У, о, қ, ы, ш -............... Р, п,, ә, д, е, т -.................. | |
Просмотров: 1349 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|