Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Алматы Сабақтың мақсаты: тақырыпты меңгереді. 1)Білімділік: Алматы қаласы туралы оқушыларға мәлімет беру. Оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. 2)Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындап, сөздік қорларын молайтады, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрістерін кеңейтеді. 3) Тәрбиелік:Қазақстанның қалаларының тарихын білетін сауатты, білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: жеміс ағаштары, бейнетаспа, кестелер, 5 жолдық өлең, үлестірмелі тапсырмалар. Сабақтың түрі: жаңа сабақ (ойын түрінде) Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі; а)сәлемдесу; Мұғалім сөзі: -Сәлем, бердім баршаңа. Балалар: -Сәлем! Бердік сіздерге Келіп қалдық тілге де, Игереміз білімді, Қанша қиын болса да. Оқушылардың ынтасын, зейінін сабаққа аудару. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын кім атайды? -Аптаның қай күні? -Бүгін нешесі? II.Жаңа сабақтың барысын, мақсатын айту. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Жаңа сабаққа байланысты жеміс ағаштары берілген. -Қандай жеміс ағаштарын көріп отырсыңдар? -Иә, балалар бірінші жеміс ағашы ол алхоры (Үй тапсырмасы). Екінші алмұрт ағашы (Жаңа сабақ). Үшінші алма ағашы (Үйге тапсырмасы) 1. Үй тапсырмасы (сөздік жұмысын жүргізу) III. Жаңа сабақ (алмұрт ағашының тапсырмаларын орындайды) 1.Алмұрт (жұмбақты шешу) Жап-жасыл ағашы, Қып-қызыл алмасы бар, Ақ басты тауы бар, Бұл қай қала болар?(Алматы) (Дәптерге жазады) 2.Алмұрт (оқулықпен жұмыс) А)жаңа сөздермен танысыңдар (226 б. 2 сөз жазу керек) Ә) оқылым әрекеті; Б) сөз тіркестерін құрастыру; В)сөйлем құрастырады (Дәптерге жазады) 3. Алмұрт тапсырмасы. Мәтінмен танысады. (226-бет) 1-тапсырма. Мәтінді оқы. Қысқы каникулда Алматыда болдым. Мен әжеммен демалдым. Біз пойызбен бардық. Алматыда мен «Медеу» мұз айдынына бардым. Коньки тептім. Каникулда мен жақсы демалдым. А) Оқылым әрекеті; 4. Тақтадағы сызба бойынша сөз таптарын ажыратады (Кесте беріледі 109 б.) Сөз таптары Сұрақтары Сөздер 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Есімдік 4.Етістік 5. Алмұрт (Алматы туралы бейнетаспа көру) 6. Алмұрт тапсырмасы: Ой топтастыру (Тақырып бойынша күн шуақтарына сөз, сөйлем жазып іледі) 7.Қазақ елінің астаналары Қалалар Жылдар Орынбор 1920-1925 Қызылорда 1925-1929 Алматы 1929-1997 Ақмола 1997 ж. 20 қазан 8.Алмұрт тапсырмасы IV.Қорытындылау (5 жолдық өлең) 1.Алматы: 2.Әсем,сұлу. 3.Дамиды, гүлденеді, көркейеді 4.Алматы Қазақ елінің үшінші астанасы 5. Қала V. Үйге тапсырма: Алма тапсырмасы 226-бет,1-тапсырма (мазмұндау,сөздік жаттау) VI.Бағалау (Мадақтау) | |
Просмотров: 1472 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|