Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Бесқарағай ауданы «Башкөл орта мектебі»КММ Казанбаева Жанна Асылбековна қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Уақыты: Қазақ әдебиеті Мұғалім: Сынып: Сабақ тақырыбы: Ахмет Иасауи. Хикметтері Жалпы мақсат: а) Ахмет Йасауи хикметтерінің мазмұнын түсіндіру,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау; ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру; б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі Үлестірме материалдары Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Шарлар арқылы топтарға бөлу. Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту Жаңа тақырып Жаңа сабақты түсіндіру. Ахмед Ясауи өзінің «Хикмат» атты өлеңінде софылық ілім негіздерін баяндайды,тұрмыс-тіршіліке тартымды кеңестер береді,байлыққа құмар болмауға шақырады,әділеттілікті жақтайды. Жеті жаста Арыстанбаб келді маған, Хақ Мұстафа аманатын берді маған. Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян, Нәпсім өліп, Тәңірі жолына түстім мен де. Құрма беріп, мейірлене назар салды, Сол заматта кеудемде бір шырақ жанды. Еркелете шақырып қасына алды, Мектеп барып, бек қуанып тұрдым мен де. Сөздікпен жұмыс:Нәпсі-ішіп-жеу,пенделік қажеттері Хақ Мұстафа аманаты-Мұхаммед пайғамбардың аманат қылып берген құрмасын айтады. Мақшар күні-о дүниедегі сұрақ күні Тәуба- шүкіршілік қылу Ысырат көпірі- о дүниедегі қыл көпір Кітаппен жұмыс: Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Шығармашылық жұмыс 1.Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада? 2. Йасауидің өмірлік мақсат-мұраты қандай? 3. Йасауи кесенесін кім тұрғызған? 4. Ақынның имандалық туралы ойлары қазіргі заманғы тәрбиеге сай келе ме? Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды Үйге тапсырмасын беру Ахмет Йасауи өлеңдерін мәнерлеп оқып келу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек » | |
Просмотров: 871 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|