Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Абай-дара, Абай-дана қазақта!
Тақырыбы:
Абай-дара, Абай-дана қазақта!
Мақсаты:
Оқушыларды ұлы ақынымыз Абайдың өмірімен,шығармашылығымен таныстықтарын кеңейте отырып, ақынға деген сыйластыққа тәрбиелеп, қазақ халқының қонақжайлылығын, жомарттығын, кеңпейілдігін, кішіпейілдігін көрсету. Оқушыларды халқын, елін ,жерін сүюге баулу.
Сабақтың формасы: сынып сағаты
Көрнекіліктері: Ақынның портреті, Қара сөздер жазылған плакаттар , компьютер.
Сабақтың ұраны: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
С.Торайғыров
1- мұғалім сөзі:
Мына тұрған Абайдың суреті ме,
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне ,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?! Жамбыл

-Абайдың 170 жылдығына арналған сынып сағатымызды мына бір Президентіміздің сөзімен бастағым келіп тұр.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
Келесі кезекте ақынның өмірбаянын Жанагазинова Анель бізге айтып береді.


Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
Ұлыақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) ҚұнанбайұлыӨскенбайұлыШығысҚазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғыШыңғыстауоблысы) Шыңғыстауының бауырында дүниеге келді. Абай атақтыТобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігі мен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, ХожаХафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларыментанысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегізаяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар.
Мұғалім сөзі: Абай 170 өлең, 3 поэма, 45 қара сөз, 1 мақала, 10 лирика 27 ән жазған.
Абай- ақын, дей келе оқушылар оның өлеңдерін жатқа оқиды.
-Ғылым таппай мақтанба Орын таппай баптанба Қөмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз ...
-Әсемпаз болма әр неге Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та барқалан
-Жасымда ғылым бар деп ескермедім Пайдасын көре тұра тексермеді Ер жеткен соң түспеді уысыма Қолымды мезгілінен кеш сермедім Адамның бір қызығы бала деген Баланы оқытуды жек көрмедім
-Сенбе жұрса да қанша мақтап Әуре етеді ішіне қулық сақтап Өзіңе сен өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап
АБАЙ-композитор
. Қазақтың музыкалық өнерін дамытқан. Ақынның 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
-Оқушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.
АБАЙ- философ
Абайдың қара сөздері туралы
1890-1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары , ол
Көркем прозаларының бір бөлігі,
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге деген көзқарастары терең білінген еңбегі-ҚАРА СӨЗДЕРІ.
1-сөзі : жазуға қалай кіріскені туралы
2-сөзі: халықтарды салыстырады
3-сөзі: әкімдер, тергеуші соттар, билер туралы
4-сөзі: күлкі туралы
6,8,9,10,14,23,26,29,33,39,40,41,43-сөздері: ел мінезі туралы
12,13,27,35,36,38,45-сөздері: адамның адалдық қасиеттері туралы
-Оқушылар 7, 18,19 қара сөздерін жатқа оқиды.
АБАЙ-аудармашы
Абай аудармалары – А.С.Пушкиннен-4 , Лермонтовтан – 15, Крыловтан – 10 шақты өлеңдер аударған..
Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әртүрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.
«Құмырсқа мен шегіртке» / А.И.Крыловтан/
Шырлдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған Көгалды қуып голәйттап Қызықпен жүріп жазды алған. Жапырақ кетті жаз кетті Өкінгеннен не пайда Соуықшыл сорлы бүксиді
Стрекоза и муравей Басня Ивана Крылова
Попрыгунья Стрекоза
Лето красное пропела;
Оглянуться не успела,
Как зима катит в глаза.
Помертвело чисто поле;
Нет уж дней тех светлых боле,
Как под каждым ей листком
Был готов и стол, и дом.
Всё прошло: с зимой холодной
Нужда, голод настаёт;
Стрекоза уж не поёт;
И кому же в ум пойдёт
На желудок петь голодный!



Абайдың 10 лирикасы бар. Соның ішінде табиғат туралы жазған өлеңдерін оқу.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан Күз болып дымқыл тұман жерді басқан Білмеймін тойғаныма тоңғаныма Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан...
Қыс
Ақ киідіденелі ақ сақалды Соқыр мылқау танымас тірі жанды Үсті – басы ақ қырау түсі суық Басқан жері сықырлап келіп қалды...

Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы Масатыдай құлпырар жердің жүзі Жан-жануар адамзат анталаса Ата-анадай елжірер күннің көзі...
Семей қаласынан 180 шақырым жерде, Жидебай жеріндегі қыстауы қазір ақынның мұражай-үйі.
Осы мұражай-үйіне презентацияны көре отырып, сырттай саяхат жасау.
Соңынан оқушылардың 6 сыныпта өткен «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді «Әжемнің әңгімесін» көрінісретінде көрсету. Көріністе оқушылар ақынның мүшел жасында ауырып –тәуір болғанда үйіне келген ақындар Барлас пен Барлыбайдың Абайға «Қобыланды батыр» жырын жырлап беруін көрсетті. Осы үзіндіден бұқым қазақ халқының қонақжайлылығын, жомарттығын,қарапайымдылығын көрсетті.

Мұғалім сөзі: Осы сынып сағатымызды ақынның мына өлең жолдармен аяқтағым келіп тұр.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын,
«Өлді» деп ат қойыпты, өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы?
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: bytymbaeva91 (2016-03-11) | Автор: Абай-дара, Аб E
Просмотров: 1060 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru