Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ең ақылды. Ашық сабақ
Ең ақылды.( Ойын 10-шы сынып оқушыларының қатысуымен өтті)
Ойынның мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тарихы, салт – дәстүрі, өнері, тіл, білімі, әдебиеті бойынша алған білімдерін жүйелеп, сұрыптауға үйрету, таным белсенділігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау , ізденімпаздық, байқағыштық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік: қазақ халқының, салт – дәстүрін, әдебиетін,мәдениетін, өнерін құрметтеуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер «Наурыз» тақырыбына салынған, жазылғын сөздер, мерекелік безендіру құралдары, көрсетпе белгілер, І, ІІ тур, көрермендерге арналған ойын тапсырмалары, құмсағат.Тапсырмалар интерактивті тақтада шығып, көрсетіліп тұрады. (жайымен қазақы әуен ойнап тұрады) Бұл ойын –ҰБТ сұрақтарын да қамтиды, сондықтан оқушылар үшін үлкен дайындық, көмек болары сөзсіз.
Ойынның жүру барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті мұғалімдер, оқушылар. Біздің Наурыз мерекесіне арналған «Ең ақылды» атты интеллектуалды- танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ойынды бастайды: Ата – бабам тойлаған
Наурызым, армысың!
Қызығыңа тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың
Қауыша алмай қанша жыл
Қалдық сенен адасып
Сағынды қыз, аңсады ұл,
Төрле, есіктің бәрі ашық!
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастарқан жайылды
Ошақта от жалындап!
Құрметті оқушылар, мұғалімдер, сіздерді ойыншыларымызбен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Ортаға 10 «А» сыныбының оқушыларын шақырамыз.
Енді 10 «Б» сыныбының оқушылары ортаға келсін.
10 «А» және 10 «Б» сыныбынан 5 оқушыдан шықты.
Құрметті төралқа мүшелерін таныстырып өтейін (төралқа мүшелері аталады)
Осы кезде экранда: «Ең ақылды» интеллектуалды – танымдық ойыны. Қош келдіңіздер! -деген жазулар шығады.
Сонымен, ойынымызды бастайық! Ойынымыздың мақсаты: қазақ тілін, әдебиетін, тарихын, өнерін, салт- дәстүрін қалай білеміз; қазақша дұрыс айта, дұрыс сөйлей білеміз бе, соны көрсету.
Ойын 3 түрдан(кезеңнен) тұрады. Экранда бес тақырып.
Бұл: тарих, салт – дәстүр, өнер, әдебиет, қазақ тілі. Бірінші, екінші турлар 12 сұрақтан тұрады. Ең аз ұпай алған ойыншы турдан шығып отырады; құрметті төралқа мүшелері бізді бұл туралы құлағдар етіп, хабарлап отырады. Әр ойыншының қолында қызыл белгіше, ойыншылар белгілерін көтере қойып, жауапты нақты толық айтуы тиіс. Турға ең күшті деген 3 ойыншы ғана өтеді. Әр ойыншы тақырыпты таңдайды және 1 минут ішінде оқылытын сұрақтарға неғұрлым тезірек жауап беруге тиісті. Ойын басталды. Экранда 5 тақырып; бұл: тарих, салт – дәстүр, өнер, әдебиет, тіл білімі.
Мұның ішінде «тарих» және «салт – дәстүр» тақырыбы барлық оқушы үшін міндетті, қалған 3 тақырыпты, 3 ойыншы жеребе бойынша таңдайды. Экранға қарайық: І тур «Тарих» тақырыбы: І тур сұрақтары: (Бірінен соң бірі шығып отырады)
• Қазақстанның астанасы қай қала?
• Астана қаласы нешінші жылы астана болды?
• Қазақстан Республикасының конституциясы қашан қабылданды?
• Республика күні қашан?
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кім?
• Қазақстан Республикасының Әнұранының авторлары кім?
• Қазақ елінің XVII ғасырдағы атақты батырлары кім?
• Қазақтың «Үш бәйтерегі» кімдер?
• Қазақтың «Бес арысы» кімдер?
• Қазақ жерінде сақталып қалған ежелгі қалалар?
• Тәуелсіздік күні қашан?
Жүргізуші: Төралқа мүшелеріне сөз береді. Төралқа ең аз ұпай алған ойыншыларды айтады. (ойыннан үш ойыншы шығып қалды)
ІІ тур. Жүргізуші: Ал, енді екінші турды бастайық. Ойынымыз жалғасады, ойыншылар, экранға қараңыздар! Экранда ІІ турдың тақырыбы: «Салт – дәстүр», мұқият болыңыздар!
Экранда: «Салт – дәстүр» ІІ тур.
Турдың сұрақтары:
• 22 Наурызда өткізілетін мейрам қалай аталады?
• «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
• Наурызда күнмен түн не болады?
• «Наурыз» қай халықтардың мерекесі?
• Қазақтардың ұлттық баспанасы қалай аталады?
• Ең таңдаулы киіз үй қалай аталады?
• Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той қалай аталады?
• Сәби қаз тұра бастағанда қандай той жасалады?
• Бала мектепке барғанда жасалатын той?
• Қазақтың қандай ұлттық тағамдары бар?
• Наурызға арналып пісірілетін қандай ұлттық тағам бар?
• Астың соңында ақсақал қандай тілек береді?
Жүргізуші: Міне, құрметті ойыншылар және көрермендер, ІІ турымыз да аяқталды. Қазір төралқа мүшелері, ең күшті ойыншыны анықтап жатыр. Ал, біз оларға уақыт беріп, ойынды көрермендермен жалғастырсақ және «Ең ақылды» көрермендерді анықтасақ! Құрметті көрермендер, енді экранда бірінен соң бірі бес сұрақ шығады кезек сіздердікі, кім «Ең ақылды» көрермен екен, көрейік!
Экранда: Көрермендермен ойын, «Ең ақылды көрермен» деген жазулар шығады.
Сұрақтары:
• «Наурыз» мейрамы қашан болады?
• Наурызға арналып қандай ұлттық тағам пісіріледі?
• Қазақтың «бас ақыны» кім?
• Қазақтың атақты үш биі кімдер?
• «Киіз үй» еңбегінің авторы кім?
Жүргізуші: Міне, «Ең ақылды көрерменімізді» де таптық. Бұл 10 «Б» сыныбының оқушысы: Жеңімпаз көрерменімізге азғантай сыйлығымызды берейік! (сыйлық береді)
Енді, сөз кезегі төралқа мүшелерінде.
Төралқа мүшесі ұпай саны бойынша алға шыққан үш ойыншыны атады.
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар сіздер өз тақырыптарыңызды таңдауларыңыз қажет. Экранда үш түрлі түспен берілген тақырыптар, бірақ сіздер, тақырыпты емес тек қызыл, жасыл, көк түсті төртбұрыштарды көріп тұрсыздар. Тақырыптар жасырылған.
Бірінші ойыншы- жасыл түсті, екінші ойыншы- қызыл түсті, үшінші ойыншы- көк түсті таңдады. Ең көп ұпайы бар, ойыншы тақырыпты бірінші таңдайды. Сонымен жасыл түс – әдебиет, қызыл түс – тіл білімі, көк түс – өнер тақырыбы.
Құрметті ойыншылар, сіздер бір минуттың ішінде қанша сұраққа тез және дәл жауап бере аласыздар екен. Мен тез оқып отырамын, арнайы екі адам уақытты белгілеп, айтып отырады, төралқа мүшелері жауаптарды есептеп, жазып отырады.
Бірінші ойыншының сұрақтары: «Әдебиет» тақырыбы
• «Қызғыш құс»өлеңінің авторы?
• «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазды?
• «Ескендір» поэмасының авторы?
• Мұхтар Әуезовтің Абай туралы роман – эпопеясы қалай аталады?
• «Атымтай Жомарт» әңгімесін кім жазды?
• «Киіз үй» еңбегінің авторы?
• Абайдың ақын ұлдары?
• Ілияс, Сәкен, Бейімбетті әдебиетте қалай атайды?
• Абайдың анасы кім?
• Шоқанның әжесі кім?
• Зар заман ақындары кімдер?
• «Дағыстан» поэмасын кім жазды?

Екінші ойыншының сұрақтары: «Қазақ тілі», «Тіл білімі» тақырыбы.
• Қазақ тіл білімінің негізін салушы кім?
• «Тез» сөзінің синонимі?
• Бір сұраққа жауап беріп, бір сөз табына жататын, бір сөйлем мүшесі болатын қандай мүшелер?
• Заттың атауын білдіретін сөз табы?
• Заттың қимылын білдіретін сөз табы?
• Заттың санын білдіретін сөз табы?
• Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы?
• «Тез» сөзінің антонимі?
• «Темірқазық» сөзінің тура аудармасы, орысша баламасы?
• «Жеті қарақшы» сөзінің тура аудармасы, орысша баламасы?
• «Кемпірқосақ» сөзінің тура аудармасы, орысша баламасы?

Үшінші ойыншының сұрақтары: «Өнер» тақырыбы.
• «Татьянаның әнін» жазған сазгер?
• «Музыканың ұлы кітабын» жазған ғалым?
• Парижде «Ағаш аяқ» әнін орындаған әнші?
• «Ах, Самара, қалашық!» әнін орындаған кім?
• «Бұлбұл» әнін орындаушы кім?
• «Көзімнің қарасы» әнінің авторы?
• Киіз үйдің бөліктері?
• Өнер туралы мақал?
• Қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі кім?
• «Бұл әнім, басқа әннен өзгерек» әнінің авторы?
• «Балбырауын» күйінің авторы?
• Роза Рымбаева «Наурыз» туралы қандай ән айтты?
Жүргізуші: Міне, ойынымыз да аяқталып қалған екен, қай ойыншымыз «Ең ақылды»?
Төралқа мүшелерін тыңдайық! Ұпай саны бойынша «Ең ақылды» ойыншы анықталды.
Үш ойыншы да тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ең ақылды Ойыншы марапаттау қағазымен марапатталады.
Жүргізуші: Біз ең ақылды ойыншымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа табыстар, көп қуанышты сәттер тілейміз!

Ал құрметті қонақтар, мына Наурыз мерекесі қарсаңында,
Сіздерге қазақтың дәстүрі бойынша тәтті сый – сыяпатымызды ұсынуға рұқсат етіңіздер. Бұл қазақтарда «шашу» деп аталады. Шашу – келе жатқан мерекеміздің тәтті бастамасы болсын. Өмірлеріңіз осы шашудай тәтті болсын! Сау болыңыздар, келгендеріңізге рақмет! Көріскенше, күн жақсы болсын! Экранда: Наурыз құтты болсын! Назарларыңызға рақмет!- деген сөздер шығып тұрады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aygulkumarova (2016-03-11)
Просмотров: 829 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru