Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тіл тұтастығы – ел тұтастығы
Тіл тұтастығы – ел тұтастығы

Ең тәтті де - тіл,
Ең ашты да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.

Тіл дегеніміз – еліміздің тыныс тіршілігі, мәртебесі мен мерейі. Тіл дегеніміз – мемлекет, ол – халық. Тіл – ұлтымыздың жаны, ойдың шыңы. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық байлығы. Тіл халықпен бірге өмір сүреді және дамиды. Сондықтан тіл әр ұлттың тірегі, бақыты болып табылады. Тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отаның, атамекенің сүйеді.
Әрбір адам өз ана тілін туған анасындай құрметтеп, білуі қажет. Менің отбасым – көп ұлтты отбасы. Әкем қазақ, анам орыс. Туыс – туғандарым арасында неміс, украйын, татарлар да бар. Үлкен – кішіміз барлық тілдерді құрметтейміз. Әрине, салт – дәстүрлерімізді, мәдениетімізді сақтауға тырысамыз. Әсіресе үлкен мейрамдарда ата – анамыз, әжелеріміз дастархан жайып, ұлттық тағамдар әзірлейді де, көршілерді, достарымызды шақырады. Көңіл – күй үстінде әр тілде әндер, әңгімелер айтылады.
1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қыркүйектің 22 күні «Қазақстан халықтарының тілдері» күні болып аталды. Бұл – ұлы мереке.
Тілдер күніне орай мектебімізде көптеген іс – шаралар өткізіледі. Әр халықтың дәстүріне, мәдениетіне ерекше назар аударып, барлық шараларға белсенді қатысамыз. Қазақ, орыс, ағылшын тіл мұғалімдері оқушылар арасында «Полиглот», «Тілге құрмет - елге құрмет», «Өнер көзі – халықта», «Ана тілі - даңа тіл», «Жұлдызды сәт» атты сайыстар, сынып сағаттар, ойындар өткізеді. Апта соңында қорытынды «Біртұтас шаңырақ астында» атты кеш өткізіледі. Барлық оқушылар би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетеді. Белсенді қатысқан балалар диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталады.
Әрбір мемлекеттің өзінің заңды түрде мемлекеттік тілі болады. Ал, біздің мемлекетіміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанда қазақ тілін әр азамат білуі керек. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, ең бай тілдердің бірі.
Егеменді ел болудың басты шарттарының бірі – тіл. Өйткені ұлттың рухы, ұлттың ерекшелігі, ұлттың қаны мен жаны тек тілінде ғана. Мен өзім Қазақстанда дүниеге келіп, қазақ жерінде тұрып жатқаныма мақтанамын. Әр адамның туып – өскен жері оның отаны. Менің Отаным – Қазақстан. Менің ана тілім – қазақ тілі.
Мектеп қабырғасында мемлекеттік тілді оқығаныма 5 жыл. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында қазақ ақын – жазушылардың өмірімен, шығармашылығымен танысамыз. Аптасына бір рет үйірмеге баруға асығып тұрамыз, өйткені мұнда қазақ халқының мәдениетіне, дәстүріне, өміріне ерекше көңіл бөлінеді. Үйірмеде біз сауатымызды, тілімізді дамытып байытамыз. Өз қолымызбен әр түрлі бұйымдар жасаймыз, ою – өрнек ойып, ұлттық ойындар ойнаймыз. Ата – аналар жиналысында шағын концерт береміз және еңбектерімізді көрмеден көруге болады.
Тіл тағдыры – Ел тағдыры. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес.
Бүгінгі жастар – Қазақстанның болашағы, себебі жастар – ел намысын қорғап, оны бүкіл әлемге танытуы керек. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін дұрыс білуі керек.
Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, қазақтың тұрмысын, әдет – ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуге міндетті.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық байлығы. Тіл халықпен бірге өмір суреді және дамиді. Сондықтан тіл әр ұлттың тірегі, бақыты болып саналады.
Мемлекеттік тілде таза әрі еркін сөйлеу үшін мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген оқу орындарын салдыртуда. Біздің де облысымызда осындай интеллектуалды мектеп ашылды. Менің ауылдас көршім, 8 сынып оқушысы Савоськина Дарья биыл осы мектепте оқиды. Бұл да үлкен жетістік деп ойлаймын.
Н.Ә.Назарбаев айтқандай тілдің мәртебесін көтеру өз қолымызда. Болашақта қазақ тілі нағыз мемлекеттік тіл дәржесінде құрметті де сыйлы болатынына сенемін.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ilyasova_1961 (2016-03-15) | Автор: Ильясова Умсунай Ислямбековна
Просмотров: 938 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru