Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы:Біздің споршыларымыз Мақсаты: 1.Білімділік:Спортшылардың жетістіктерін таныта білуге оқыту, түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру. 2. Дамытушылық: Сөздермен ой- өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу әрекетін дамыту. 3.Тәрбиелік: Спорттың адам үшін маңыздылығын түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды. Мәтінмен жұмыс істеп, негізгі ойын анықтай алады. Сабақта қолданылған құрал –жабдықтар: интерактивтік тақтадан слайдтар,әдепті баланың әрекеттері суреті, сөздік, тақта. Сабақта қолданылатын әдісі- тәсілдер: сұрақ –жауап,әңгімелеу түсіндіру,жинақтау,топтастыру,ой қорыту. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Кабинеттің сабаққа дайындығы. Оқушыларды сабаққа дайындау.Оларды ұйымдастыру, амандасу. Бағалау өлшемдерімен таныстыру ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. -Балалар қәне үйге берілген сөзді септеп тақтаға орындап көрсету. Мақалдарды жатқа айту. Оқушыларды жұптастырып мәтінді мазмұндатқызамын 2. Грамматиканы еске түсіреміз. Жалғау түрлері ІІІ. Жаңа тақырып : «Біздің спортшыларымыз » Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. 1. Сөздік жұмысын жүргізу.Сөздік жұмысын бір оқушы мәнерлеп оқиды, тағы бір оқушы оқиды, үздік-отличный, жақсы көретін- любимый, шұғылданады- заниматься 2. Ғаламтордан бейнефильмді қарай отырып, балалар мына көріп отырсыңдар, олар қандай спорт түрімен айналысып жүр? Бейнефильмге ат қойып үш сөйлем жазыңдар тақтаға, дайын оқушыны шақыру. «Бір » санын алғандар (1 топ) «Екі» санын алғандар (2 топ) « Үш» санын алғандар (3 топ) 3.Тақырып бойынша жан-жақты бағыт беру ІV. Сергіту сәті: Музыкалық әуен арқылы денемізді шынықтырамыз. 4.Тапсырма беру 3. Оқулықпен жұмыс: 4-ші тапсырма бойынша мәтінді оқытып өзара сөйлестіру Сурет бойынша сұрақтар құрастырып жазу , жазған сұрақтарын оқыту. 4. Өлеңмен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып , аударамыз. Төмендегі сұрақтар бойынша, өлең сұрақтарына жауап беру.Қосымша сұрақтар қою. Спортшы қандай болу керек? Оның қандай пайдасы бар? ауызша жауап алу. Жалғау туралы қосымша сұрақтар қою:Жалғаудың қандай түрлері бар? Қорытынды жасау үшін өлеңмен таныстырып, түпкі ойын анықтаймын. Оқушылар өзара сөйлеседі Сұрақтарға жауап жазады Мәтінді оқып, аударып шығады Төмендегі сұрақтар бойынша, мәтін сұрақтарына жауап береді. Қосымша сұрақтар қою. - Спортпен шұғылданатын балаларды қалай атайды? - Спорттың пайдасы неде? - Сен қандай балалар қатарына жатасың? Ережелерді қайталау мақсатында өздері ұққанда-рын айтады. Үлгі: Қазақ тілінде жалғаулар бар. Көптік жалғау:....... Септік жалғау:........ Тәуелдік жалғау: ....... Енді 6-ші тапсырмадағы мәтінді аударамыз: Септік,тәуелдік, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазады:спортзалда,оқушылар, командаға,оқушылары. V. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жатқа айту 2. 5- тапсырманы жазу 3. сөздерді жаттау. VІ.Бағалау. бағалау парақшасын жинап алу, ортақ бағаны қою | |
Просмотров: 674 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|