Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Жаңа технологияларды қолданудағы мұғалім жетістігі Қарағанды қаласы, КММ «№38 гимназия» Сартбаева Гульнур Рахмановна «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен ІІІ (негізгі) деңгей курсының тыңдаушысы бoлуы маған жаңалық көздері мен білім берудегі Кембридж тәсілінің теoриялық негіздерін үйренуге жол ашты. Келешек ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуде бұл алған білімім өте қажет деп ойлаймын. Біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін менің кәсіби тәжірибем шыңдалу үстінде. 7 модуль бойынша сабақтарымды қызықты етіп өткізу үшін үнемі ізденістемін. Oқушылардың да сабаққа қызығушылықтары арта түсуде. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерген, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Үш ай ішінде алынған білімдерімді сынып ішінде, яғни күнделікті сабақтарда қолдану барысында, оқушыларды күнделікті сабақтардың бір-біріне ұқсамай өтетіні, өз жұмыстарын белгілі өлшемдер бойынша бағалауы қызықтырды. Күнделікті жұмыс нәтижесінде, сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасып, білімге құштарлықтары артты, әр күнгі өткізілетін тренингтер балалардың көңіл күйлеріне жақсы әсерін берді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топпен жұмыс ережелерін сақтаудың маңыздылығын сезінді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылықтары айқындала бастады. Менің күнделікті жұмыс барысымда басты мақсатым басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету болғандықтан, сабақтарымда диалогтық оқыту мен сыни тұрғысындағы тәсілдері өте ұтымды нәтиже бере алады десек қателеспеймін. Сондықтан мен әр сабақтарымда диалогтық оқыту тәсілі мен сыни тұрғысындағы тәсілдерді қолдануым керек деп ойлаймын. Бізге ең қолайлысы да, оңтайлысы да диалогті оқыту әдісі болды. Мәселен, 4- сыныпта «Менің үйім» тақырыбын өткенде оқушылар мәтін бойынша диалог құрастыру қажет болды. Тапсырма орындау барысында оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті, өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша және жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді.Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды. Әрине, оқушылар қазақ тілін жетік білмегендіктен өз ойларын толық жеткізе алмайды. Кейбір сұрақтар жауапсыз қалады. Сабақтың соңында оқушылар кластер, постер жасап оны өздері қорғайды. Әрине, бұл кезеңде де кемшіліктер бар. «Туған күн» тақырыбын өткенде оқушылар туған күн айларымен топқа бөлініп, жұмыс атқарды. Сабаққа мықты оқушылар да, үнсіз оқушылар да белсенді қатысты. Сабақта оқушылар гүл сыйлау арқылы бір – біріне өз тілектерін білдірді. Осы сабақта мен оқушылар арасында көңілді диалог құрастыра отырып, оқушылардың ішкі сезімдерін көре білдім. Жеті модульдің барлық тәсілдерін сабақта қолдандым. Бұл тәсілдер оқушылардың ойын ашық, еркін айтуға, белсенділігін арттыруға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге өте қолайлы болды. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілдермен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асты. Топпен жұмыс жасау арқылы тұйық балалардың да тапсырманы орындау барысында еркіндік, қысылмаушылық байқалды. Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту мақсатында шығармашылық тапсырмалар да орындаттым. Жұппен, топпен әңгімелесу тәсілін қолдану барысында оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс орнады. Оқушыға проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың терең ойлауына, ойын еркін әрі ашық жеткізе алуына мүмкіндік бердім. Осындай жүйелі жұмыстар келешекте оқушылардың арасында кішкентай дарындардың шығуына да жол ашады деп ойлаймын. Әр сабаққа дайындық барысында курста үйренген әдіс-тәсілдерімді кірістіре отырып, тапсырмаларды түрлендіруге тырысып жүрмін. Сонымен, мен жеті модульді, әсіресе, диалогтік оқытуды әрбір сабақ кезеңдерінде қолданудамын. Мен өз сабақтарымда көбінесе топтық (кумулятивті), жұптық әңгіме жүргізуге жағдай туғызамын. Мәселен, бүгінгі сабақта не жайлы әңгімелесеміз деген сұрақтар арқылы шыққан кезде; сабақтың іс-әрекет кезеңінде оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасқанда, орындаған тапсырмаларды өзара тексеру кезінде; ал сабақтың қорытындылау кезеңінде оқушылар бір-бірімен ақылдасып, постер жасаған кезде, өмірмен байланысты сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы мен оқушы (О-О), оқушы мен мұғалімнің (О-М) арасында диалог орнатылады. Бірақ тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар бір-біріне қажет кезде көмек жасағанда қиындықтар кездесуде. Нәтижесінде оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіре алады, дегенмен де тілді толық білмегендіктен, сөз қорлары аздықтан өз ойларын толық, ашық айта алмағандықтары да көрініс тауып отырады. Солай бола тұрғанымен де оқушылар өз ойларын айтуға барынша күш жұмсауға тырысуда. Мектеп қабырғасында өткен семинарларда, педкеңестерде, коучингке белсенді қатысып жүрмін. Сабақ жоспарын Блум таксономиясы бойынша құрамын. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердермен толық таныспын. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді. Қазір енді сырт көзбен шолу жасап байқап отырсам, яғни балаларға еркіндік берсем, өз бетімен білім алуға жағдай жасасам, оқушы соғұрлым көп қызығады екен. Өздері ізденеді, өздері соны табады. Өз еңбектерімен оқып, ізденген соң, өз білгенін ішіне сақтап, өзі ғана біліп отырмай, жанындағы жолдасына үйретуге тырасады. Шынымен де, балалардың сабаққа деген белсенділігі, қызығушылығы артты. Себебі бұл әдістер арқылы бала өздігінен білім көкжиегін кеңіте алады. Сондықтан Кембридж бағдарламасы іздегенге сұраған әдіс болды. Бір мен емес, сол қысқа мерзімдік курсқа барып қайтқан ұстаздардың бәріне бұл әдістер өз пайдасын тигізді деп нық, сенімді айта аламын. Қазіргі таңда оқытып жатқан әдістердің бәрі бұрыннан келе жатыр. Тек біраз жаңаша өзерістер енгізіп, элементтерін жаңартқан. Кембридж бағдаламасы да сондай, бұрыннан оқытылып жүр. Бірақ, соны дұрыс пайдаланбағанбыз . Дұрыс жолға қоймағанбыз.Топтық жұмыстар бар, бірақ, топтың ережесін қабылдау, оқушыны топқа қалай бөлу дегенді біз бұрындары сабағамызда дұрыс пайдаланған жоқпыз. Мысалы, «сыни ойлау» да бізде бұрыннан бар, бірақ, біз балаларға еркіндік берген жоқпыз. Ал мұның басты бағыты балалардың бойына еркіндік беру. Балалардың өз бетінше ізденіп, білім алуы. Ал, оған шектеу қойып келгенбіз. Ал, қазір барлық оқушы өз ойын айта алуға дағдылануда. Менің тағы бір аңғарғаным, курсқа барған соң, ұстаз алдымен өзі өзгеруі керек . Өзі өзгерген адам сыныпқа келгенде өзгеріс енгізе алады. Егер де өзің өзгермесең, айналаңа жаңа леп, өзгеріс әкеле алмайсың. Сондықтан, Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгеруде “Педагогикалық шеберлік орталығымен” порталға шығып, байланысты үзбеуге тырысамын. Қорыта келгенде айтпағым, инновациялық оқыту – сапалы білім берудің кепілі екеніне көзім жетті. Ұлы данышпан Әл - Фараби: «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» - деген. Осы сөзден - ақ ұстаздық жолдың, ұстаздық міндеттің жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі - ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін. | |
Просмотров: 977 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|