Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу. 2. Дамытушылық: алған білімдерін толықтыру, сөйлеу тілін дамыту, сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу, оқытушының сұрақтарына нақты жауап беруге үйрету. 3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін дамыту. Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Ұжымдық түрде бірлесіп білім алу. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жазу, баяндау, топтық, мәтінмен жұмыс, тест. Пәнаралық байланыс: География, , әдебиет Көрнекілігі: Слайдтар жиынтығы, сызба, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру. ІІ. Өткен сабақты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сұрақ-жауап: білімдерін сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру. • Ұлттық байлық дегеніміз не? • Ұлттық байлықты алғаш рет кім есептеп шығарған? • Ұлттық байлық қандай салалардан тұрады ? • Ұлттық байлықтың құны бар ма? • Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма? • Антиквариаттық заттар ұлттық байлыққа жата ма? • Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма? 2. Үйде жазып келген сөз тіркестерін, сөйлемдерін оқыту. Ұлттық байлық тақырыбы бойынша: «Ұлттық» деген сөзбен сөз тіркесін жасап, жай сөйлем құрып, сөз құрамына талдауын дәптерге жазып келу тапсырылған. 3.а/.Берілген сөздердің антонимдерін жазыңдар: Маңызды--- Көне----- Байлық------- Алғаш------- ә/.Сөз тіркестерді мәндес сөздермен түсіндіріңдер: Ең маңызды,алғаш рет,тұңғыш бағалау,ғасырлар бойы,барлық мұрасы. 4. Жаттап келген мақал-мәтелдерін айтқызу «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып келу берілген. Мақал-мәтелдерді оқиық. ІІІ. Жаңа сабақ. : Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. 5.Сөздікпен жұмыс: қорғасын- свинец , мұнай- нефть көмір-уголь, болат- сталь , мыс- медь ,күміс-серебро, шикізат-сырьё Мәтінмен жұмыс : ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б. Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады. Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген. 1. Аудиомәтін тыңдаймыз. 2. Мәтінді оқушылар мәнерлеп оқып, аударады, таныс емес сөздерді аударып, дәптерлеріне жазады. 3. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. 4.Сөздерді сөз құрамына қарай талдау . Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. 5.Синтаксистік талдау жасау: "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады. V. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасына жаңа мәтінді мазмұндау, жаңа сөздерден сөйлем құрау беріледі. VI. Бағалау. IV. Қорытынды. Сабақты бекіту мақсатымен тест сұрақтарына жауап беру. 1.Қазақстандағы облыстар саны А) 12 В) 13 С) 14 D) 15 Е) 16 2.Қазақстанның негізгі табиғи байлықтары А) Су ресурстары В) Орман ресурстары С) Жел энергиясы D) Су энергетикалық ресурстар Е) Минералдық ресурстар 3.Қазақстанның пайдалы қазбаларының экономикалық тұрғыдан басымдылығы А) Кенді емес түрлердің басымдығы В) Олардың тау бөктерінде болуы С) Барлық пайдалы қазбалар орталықта орналасқан D) Жер бетіне жақын және қолайлы кешенді түрде игерілуі Е) Жазықты аймақтарға шоғырлануы 4.Халықтың көшіп-қонуы: A) Миграция ![]() C) Агломерация D) Урбандалу E) Мегаполис 5.1999жылғы дерек бойынша Қазақстан халқының саны (мың адам)А) 14953 В) 16465 С) 15135 D) 14684 Е) 13009 6.Қазақстандағы негізгі отын базасы А) Торғай алабы В) Леңгір алабы С) Қарағанды алабы D) Майкүбі алабы Е) Шұбаркөл алабы 7.Көмірді шахталық әдіспен өндіретін алап А) Қарағанды В) Майкүбі С) Екібастұз D) Шұбаркүл Е) Обаған 8.Қазақстанның қара металлургия орталығы: A) Шымкент ![]() C) Жезді D) Көкшетау E) Кентау 9.Толық циклді комбинат орналасқан қала А) Павлодар. В) Қарағанды С) Ақтөбе D) Теміртау Е) Қостанай 10Қазақстан жерінің көп бөлігі ... мақсатта пайдаланылады А) Өнеркәсіп нысандарына В) Ауыл шаруашылығына С) Қала құрылысына D) Жолдар салуға Е) Орман шаруашылығына Жауаптары: 1 С 2.Е 3.Д 4.А 5.А 6.С 7.А 8.В 9.Д 10.В Қателері: Бағасы: 0 ------------------- « 5» 1-2------------------ «4» 3-4 ---------------- « 3» 5-тен жоғары----- « 2» | |
Просмотров: 1531 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|