Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Cабақтың тақырыбы: Жер-Ана жыламасын. Грамматика:Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем. Мақсаты; Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі туралы түсінік беру,олардың жасалу жолдарын айқындау,мәтін негізінде ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру. Міндеттері:1. Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту. 2. Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып,табиғатты, қорғауға,аялауға,сүюге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: іздендіру сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдеріі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтау, жеке жұмыс, жаттығу. Техникалық құралы: интерактивті тақта, компьютер Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру ІІ.Психологиялық дайындық. -Балалар,бір-бірімізге ізгі ниет білдіріп, жақсы тілектер айтып,сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық. Сабақтың ережесі: Белсенді қатысу Тыныштық сақтау Бірін-бірі тыңдау Ойын ашық айту Бір-бірін сынамау Ынтымақтылық ІІІ.Біз жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарға шолу жасап өтейік. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы лексикалық тақырыпты пысықтаймыз. 1.Қазақстанның табиғаты қандай? 2.Қазақстанда қандай көрікті жерлер бар? 3.Қазақстанда қандай көлдер бар? 4.Қарқаралы қайда орналасқан? 5.Қарқаралының табиғаты қандай? 6.«Қазақстан Швейцариясы» деп қай жерді атайды? 7.Атақты Бурабай қайда орналасқан? Жеке жұмыс.Карточкалар арқылы сабақтас құрмалас сөйлемді қайталау. 1.Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? 2. Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай? 3.Сабақтас құрмалас сөйлем деген не? 4.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады? 5.Бағыныңқы сөйлем деген? 6.Басыңқы сөйлем деген не? 2 оқушы тақтамен жұмыс жасайды.Үйге берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтау талдау. Әрбір азамат өз туған жерінің табиғат байлықтарын қорғайтын болса, Отанымыз көркейе түседі. Адамдар табиғатқа зиян келтірсе,олар өздеріне қастандық жасайды. ІҮ. Жаңа сабақ. Сонымен біз, бүгінгі сабақта нені білуіміз керек? 1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгісі. 2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары. Ең алдымен осы сұрақтарға жауап берместен бұрын, интерактивті тақтада берілген мысалдарға назар аударайық. Мысалдар: Адам және табиғат байланысты болғандықтан, адамзат табиғатты корғау керек. Жазғы демалыс келгендіктен, біз отбасымызбен Бурабайға демалуға кеттік. Осы мысалдарды оқытып,аудартып, оқушыларға себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауышы қандай дәрежеде байланысқанын түсіндіру. Тірек-сызба арқылы себеп-бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесімен таныстыру. Ү. Сөздік жұмысы қауіп - опасность кеңес үкіметі-советское правительство жарылыстар - взрывы ядролық қарусыз – безядерное оружие сынақ полигоны - испытательный полигон қоғамдық қозғалысы – общественное движение қасірет іздері – следы трагедии Өзім оқимын, оқушылар дауыстап тізбектеп оқиды. Фонетикалық жаттығу. А)Жуан,жіңішке буынды сөздерді дыбыстап айтқызу. Ә)Қауіп деген қандай сөз? Не себепті жуан-жіңішке сөзге жатпайды? Б)Тағы буын үндестігіне бағынбайтын сөз бар ма? Жаңа сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдер құрастыру. Тыңдалым. Мәтінді оқу,Оқушылар мұқият тыңдайды. Жер-Ана – біздің ортақ үйіміз,тіршілік етіп отырған ғаламшарымыз. Ол бізді асырап отыр. Барлық тіршіліктің көзі- Жер-Ана. Бүгінде жерімізге төніп тұрған үлкен қауіптің бірі- ядролық жарылыстар. Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет. Бірақ бұрынғы кеңес үкіметі кезінде үш сынақ полигоны болған. Соның ең үлкені – Семей сынақ полигоны. Бұл полигонда бірінші бомба 1946-шы жылы 29-шы тамызда жарылған. Семей полигонында барлығы 456 жарылыс өткізіліпті. 1989-шы жылы 19-шы қазанда ақырғы сынақ болды. Семей полигоны жабылды. Мұндай жеңіске жету оңай болған жоқ. 1989-шы жылы ақпанда ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қоғамдық қозғалысы басталды. Бұл қозғалысты ұйымдастырушы әрі оның жетекшісі – белгілі ақын, коғам қайраткері Олжас Сүлейменов. Осы қозғалыстың арқасында 1991-ші жылы полигон жабылды. Бірақ атом бомбасы жарылыстарының қасірет іздері әлі де бар. 1989-шы жылы дүние жүзі бойынша барлығы 19 жарылыс жасалса, соның үшеуі – Семейде, жетеуі – Америкада, екеуі –Қытайда, бесеуі КСРО-да болған екен. Біз Жер-Ана жыламаса екен дейміз. Бұл бүкіл ғаламшар адамдарының ойы. ҮІ. Мәтінмен жұмыс. • Мәтінді түсініп оқу • Абзацтарға бөліп оқу • Әр абзац бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемді табу,аудару • Мәтіннің мағынасын ашу Топпен жұмыс. І топ.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. 1.Барлық тіршіліктің көзі не? 2.Қазақстан қандай мемлекет?. 3.Ядролық қаруға қарсы қандай қозғалыс болды? 4. «Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі кім? 5.Олжас Сүлейменов кім? 6.Семей полигоны қашан жабылды? II топ. Мәтін бойынша диалогті толықтырыңдар. -Сен білесің бе,Қазақстанда қандай полигон болған? -Ия,білемін,Қазақстанда Семей ядролық полигоны болған. - - - - - - - ІІІ топ.Мәтіннің мазмұнын айту. ҮІІ.Сабақты бекіту. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. І деңгей: Мәтіннен жаңа сөздер бар сөйлемдерді теріп жазу,аудару. ІІ-деңгей: Екі жай сөйлемнен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастыру. Семей полигонында барлығы 456 жарылыс болды.Атом бомбасы жарылысының қасірет іздері әлі де бар. 1989 жылы ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы басталды.Семей полигоны жабылды. ІІІ-деңгей. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жаңа сөздерден себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құру. Тест сұрақтарына жауап беру. 1.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жұрнақтары қайсы? А .-са,се Ә. -ғандықтан,-гендіктен Б. –ғанда, -генде 2.Олжас Сүлейменов кім? А. Қоғам қайраткері Ә.Белгілі сазгер Б.Атақты әнші 3.Бағыныңқы сөйлем нені білдіреді? А.Тиянақты ойды Ә.Негізгі ойды Б.Тиянақсыз ойды 4.Қазақстан қандай мемлекет? А.Ядролық қарусыз мемлекет Ә.Ядролық қарулы мемлекет Б.Ядролық қаруы бар мемлекет 5.Нүкте орнына керек сөзді қой. Адамдар табиғатты ..... керек. А. Демалу Ә. Сыйлау Б. Қорғау 6.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта: Оқушы тапсырманы дұрыс орындағандықтан,мұғалім оған бес қойды. А.Шартты бағыныңқы сабақтас Ә.Себеп бағыныңқы сабақтас Б.Мақсат бағыныңқы сабақтас 7.Семей полигоны қашан жабылды? А. 1986 жылы Ә. 1989 жылы Б .1991 жылы 8.Үндестік заңына бағынбайтын сөздер қатарын көрсет А. Үкімет,Семей Ә.Жарылыс,қарусыз Б. Қауіп,қасірет 9.Дұрыс аудармасын тап: Сложноподчиненное предложение с придаточным причины А.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем Ә.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Б. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем 10.Сабақтас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді? А. 3 Ә. 5 Б.6 Өз жауаптарын кілттер арқылы тексеру,өздерін бағалау. Сабақ соңында әр топ тақырыпқа байланысты өз ұрандарын жазады. Осындай ізгі тілектермен біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. ҮІІІ.Сабақты қорытындылау. ІХ.Бағалау. Х. Үйге тапсырма. «Жер – Анаға қамқорлық жасайық» тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңдар. | |
Просмотров: 1549 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|