Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Букирбаева Танзила Нуртазаевна Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Теміртау қаласының №11 жалпы білім беретін орта мектебі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – қоғам қайраткері, публицист, аудармашы, әдебиетші. Әлихан Бөкейханов – Отаным десе отқа түсетін, қазағым деп қан кешетін, алаш десе ауыр азапқа төзген ұлтжанды азамат, алаш ардақтысы. Ә.Бөкейханов баспасөз жұмысына 1880 жылдардан бастап араласқан екен. Ә.Бөкейхановтың мол еңбегінің бір саласы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған. Қазақ халқының рухани мәдениет байлығын баяндай келіп, ауыз әдебиетінің түрлеріне де тоқталған. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырына ерекше көңіл аударған. Абай Құнанбаевтың шығармаларына тоқталып оны қазақтың жазба әдебиетінің көш басшысы деп бағалаған. Абай Құнанбаевтың көзі тірісінде оны орыс халқының оқырман қауымына тұңғыш рет таныстырған адам – Әлихан Бөкейханов. Ұлы Абай қайтыс болған соң, Әлихан Бөкейханов ақынның өмірбаянын орыс тіліне жазып, Семейде шығып тұратын «Семипалатинский листок» атты газетте 1905 жылы жариялаған. Кейін Бөкейханов Абай Құнанбаевтың туған жерін, шыққан ортасын, білім алу жолын баяндайды. Ақынның тәлім-тәрбиесін, білімін, даналығын, ақындығын және орыс революционерлерімен таныстығын жазады. Бірақ Бөкейханов 1906 жылы 8 қаңтарда тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. Сөйтіп Абай Құнанбаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен жарық көреді. Бұл мақалалары кезінде оқыған Абайдың шәкірттері, балалары – Ақылбай Тұрағұлдар, інілері Шәкәрім, Кәкітайлар Әлихан Бөкейхановты ерекше қадірлеп құрметтеген. Әлихан Бөкейхановты өз заманының ең алғашқы оқымысты, қамқор азаматы деп білген. Қазақтың басын біріктірген Әлихан, ерікті ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына, өз бойындағы бар қайсарлы қасиетін, ақыл-ойын, өнер-білімін, жігер-қайратын бүкіл саналы өмірін арнаған алаш ардақтысы. Асыл текті Әлихан Бөкейханов өз заманында теріс саясатты түсініп, халық қамын ойлап, елге дұрыс бағыт берген халық қамқоршысы. Әлихан Бөкейханов сияқты зиялылардың істері тарих алдында шындыққа ұласты. Халық солардың соңынан ерді. Талай қиын белестерді бастан өткерсе де, Алаш ардақтылары еңбектері еш кеткен жоқ! Алаш ардагерлері ақталды. Олардың үлгі-өнеге істері мақтанышқа айналды, ұлт көсемдері ретінде тарихта есімдері қалды. Источник: http://sholakova.gulnur@mail.ru | |
Просмотров: 1065 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|