Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімді қайталау Мақсаты: Білімділік: сын есімнің негізгі және туынды түрлерін пысықтап, оқушылардың білімдерін толықтыру; Дамытушылық: ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы. Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, салыстыру-ажырату. Көрнекілігі: суреттер, тапсырмаларға қажетті көрнекіліктер, слайд, дидактикалық материалдар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. «Мен қандаймын?» Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен – Дарынды Дәурен т.б. Сабақтың мақсатын хабарлау. Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімдерімізді ортаға салып, жұмыс жүзінде қолдану. II. Өтілген материалды қайталау, пысықтау. 1. «Бәйге» ойыны бойынша ауызша сұрақтарға жауап алу 1. Сол жақтағы 20. Сын есім дегеніміз не? 2. Ортадағы 50. Сын есім нешеге бөлінеді? 3. Оң жақтағы 10. Жаңылтпашты тез айтып, сын есімдерді тап: Ала қарға қарға қонды, Қара қарға жарға қонды. 4. Сол жақтағы 30. Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. 5. Оң жақтағы 30. Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. 6. Сол жақтағы 10. Сөздерден негізгі сын есім жаса −жүз, біл, тау, тәртіп, өнер. 7. Ортадағы 40. Берілген етістіктерге –ғыш, −гіш, −қыш, −кіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. Біл, жүз, тап, сез, байқа, сөйле, айт. 8. Оң жақтағы 20. Сын есімдердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт. Жаңа кітап, көк ту, әдепті оқушы, сүтті сиыр, атақты шопан, жүйрік ат, көктемгі мезгіл. 9. Ортадағы 40. Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Сулы, өнегелі, мұздай. −Балалар, біз «Бәйге» ойыны арқылы сын есімнің түрлерін, оның сөз таптарының басқа мүшелерімен байланысуын қайталадық. Ендеше Бб әрпін көркем жазуға кірісейік. 2. Көркем жазу Бб. Бейбітшілік. Бақыт. Бірлестік. 3. Ой қозғау. Дәптермен жұмыс Сурет арқылы көктем келбетін бейнелеу. Өлеңнен сын есімді тауып, қай сөз табымен байланысып тұрғанын айту. Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күннің көзі көрінді. Көңілді сөзіне дыбыстық талдау жасау. 3 буынды сөз, 7 дыбыс, 7 әріп; К- қатаң дауыссыз дыбыс ө –жіңішке дауысты дыбыс ң- үнді дауыссыз дыбыс і- жіңішке дауысты дыбыс л- үнді дауыссыз дыбыс д-ұяң дауыссыз дыбыс і- жіңішке дауысты дыбыс 4. Мағынаны тану, түсіну Тақтадағы сөйлемдерге назар аударту. Тапсырма: Сөйлемдерді оқып сын есімдерді табу, сөз құрамына талдау. - Қандай ұқсастық бар? - Айырмашылығы бар ма? - Осы мысалдарға қарап сын есім туралы не айтуға болады? Ол өжет адам еді. Балалардың талабы таудай. Айгүл жасыл көйлек киді. Данияр тәртіпті оқушы. (Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасату). 5. Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу (өлеңді талдап, жазбаша орындау). Өлеңді мәнерлеп оқу. Негізгі сын есімді 1 топ, туынды сын есімді 2 топ теріп жазады. Құлағы пүліштей, Тұяғы күмістей, Көзі жұлдыздай, Жүні құндыздай. Ақ емес, шұбар лақ, Ойынға құмар лақ. Шақырсаң келеді, Би билеп береді. 6. Сергіту сәті. Допты оқушыға лақтырып, «алма» деген сөзді атаймын, оқушы оны қағып алып «қызыл» деген сөзді айтып допты қайтарады. Ойын осылайша басқа сөздермен жалғастырыла береді. 7. Танымдық тапсырма. Сәйкестікті табу Білгіш адам Қоңыр ағаш Сенгіш бала Терең ауыл Әсем қозы Жуан құдық Көршілес қала 8. Оқулықтан тыс тапсырма. Терме диктант. Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық (Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазып, талдау). 9. «Кім тапқыр?» ойыны Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастыру. Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, доғал, суық, күндей. (талдау) Источник: http://қазақ тілінен ашык сабақ | |
Просмотров: 756 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|