Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Астана қаласы Білім басқармасы № 22 мектеп-гимназиясы Кіріктірілген ашық сабақ «Достық туралы» тіл дамыту сабағы пәні: Қазақ тілі. Өзін-өзі тану сынып: 9 «Б» Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: М. Нурова Астана-2016 жыл Өткізілген күні: 09.02.2016ж Мұғалімі: Нурова Мая Құрманәліқызы Сыныбы: 9 «Б» оқушылар саны-14 Сабақтың тақырыбы: Достық туралы. Тіл дамыту сабағы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам бойындағы бес құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:1. Адам қарым-қатынастағы достық ұғымы туралы түсінік беру 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету. 3.Оқушылардың сөздік қорын дамыту, сауатты сөйлеуге баулу, сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: тіл дамыту сабағы Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу, шығармашылық жұмыс. Көрнекі құралдар: үнтаспа, интербелсенді тақта, ұлағатты сөздер, түрлі-түсті қағаз, плакат, түрлі-түсті фломастерлер, стикерлер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Шаттық шеңбері - Балалар, бәріміз шаттық шеңберге жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күннің тамаша өтуіне және бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. - Танысу тренингісі. Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық. ( мысалы: Ернур-ержүрек, Айдана-ақылды, Кристина-мейірімді, т.б.) Мұғалім: Қайырлы күн балалар, қонақтар. Мен бүгін сіздермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.Бір-бірлеріңе бір сәт көз жүгіртіп қараңдаршы... Бүгін бәрің сондай әдемі, қуаныштысыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, достықтың белгісін көріп тұрмын. 2. Үй тапсырмасын тексеру. ( «Достық туралы» эссе жазу) және екі видео презентацияларын қорғау. Оқушылар өздерінің үйлерінен жазып әкелген эсселерін оқиды. Интербелсенді тақтаға назар аударамыз. Дайындап келген презентацияларын көрсетеді, мәліметтер береді. - Жарайсыңдар, көп рахмет. 3.Әңгімелесу: -Балалар «Достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Достар қандай болу керек? -Нағыз достар қандай болады? - «Жалған достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет? (оқушылар өз ойларын кластер арқылы жеткізеді) До Адамдар бір-біріне адал сезім, сенім, өзара тілеулес ортақ көзқарастары достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да қамқор болады. Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі. 4.Дәйексөз. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. (Халық даналығы) -осы дәйек сөз туралы өз пікірлеріңді ортаға салып айтыңдар. -Нағыз достық нәзік өсімдік секілді ме? 5.Мәтінмен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп, пайымдап оқу, мазмұнын айту, тірек сөздерді табу. Шығармашылық жұмыс: (жұптық жұмыс) мәтін желісіне байланысты плакатқа түрлі-түсті бояулармен, фломастерлермен сурет салыңдар. -Әр топ суреттерін салып болған соң жарнамалау. - Ән-шашу. Ернурдың орындауында «Жан досым» әні. - суреттерін жарнамалау (бұл топ қызығушылықпен сурет салуда) 6.Тапсырма. Жарыс ойыны: «Кім тез және жылдам». Қазір мен осы бүгінгі сабаққа байланысты мақал-мәтелдердің басын, яғни бірінші сөздерін оқимын сендер ары қарай жалғастырасыңдар. 1.Досы көпті........... 2. Досың көзіңде болғанша,...................................... 3. Жүз теңгең болғанша,.................................................... 4.Досы көппен сырлас,...................................................... 5.Досың мың болса да-аз,................................................. 6. Ақылсыз достан,........................................................... 7. Досыңмен дос болғанға шаттан,................................. 8. Дос басқа қарайды, ..................................................... 9.Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,....................................... 10. Күлме досқа,.............................................................. 7.Қорытынды. Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар? Не білемін? Не үйрендім? «Жүректен жүрекке» айдары. Балалар бәріміз бірігіп әр түрлі жүрекшелерге жақсы сөздерді, жылы сөздерді жазайық.(жүрекшелердің артына). Бір-бірлеріңізге сыйлаңдар, қонақтарға да жүрекке жылы сөздер жазып тарату. | |
Просмотров: 846 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|