Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ әдебиеті сабағындағы критериалды бағалау Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Абдраманова Жазира Акимбаевна Жаңа буын «Қазақ әдебиеті» оқулықтарындағы көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары – қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі. Білімнің мызғымас іргетасын қалау – бастауыш сынып мұғалімдерінің басты мақсаты.Ұстаз шығарманы түсініп оқудың, сонымен қатар, оқушының жалпы тілдік мәдениетін, тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін толықтай меңгеріп, ана тілін өз халқының әдебиетін жетік түсінуге, суреткердің өзіндік шеберлігін тануға жол ашады.Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды көркем шығармаға терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық тапсырманы беру әдісі ұтымды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрақ-тапсырмалар мәтінге үңілдірер, қызықтырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым оқушының көркем шығарманы қабылдауы арта түспек. Бұл жұмыстың негізгі мәселесі-мұғалімнің оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеуі. Сонымен қатар баланың қиялына, фантазиясына ерік беру керек.Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды.Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады. Менің бүгінгі алған бағалаудың бір түрі-ол критериалды бағалау.Мысал ретінде 5 сыныптағы қазақ әдебиеті сабағы бойынша «Мөлдір бұлақ» мәтінімен жұмыс,әрі тестпен жұмыс жүргізе отырып,оқушы берілген дескрипторларға қарап сабақта жеткен жетістігін өздері айқындай отырып,жиынтық бағаға қол жеткізеді. 1 слайдта көріп отырғандай берілген критерий бойынша оқушы жетістіктердің жоғары деңгейге дейін жету керек. 2 слайдта әр тапсырманы орындау үшін берілген критерийлерге қарап әр оқушы өз дайындығында орындау қажет 3 слайдта бала А-критерийі бойынша өз баллын жинау керек 4 слайдта оқушы В-критерийі бойынша баллын анықтау қажет 5 слайдта оқушы сабақ бойында алған білімін пысықтау мақсатында тест жұмысын орындай отырып баллдарды жинау керек 6 слайдта оқушы берілген бағалау шкаласынан жиынтық бағаға қол жеткізеді. «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады»,- деп Ахмет Байтұрсұнов айтқандай ізденуден шаршамайық,әріптестер! | |
Просмотров: 1834 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|