Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі: Абдраимова Рахиман Айтбайқызы Сабақтың тақырыбы: Билердің сөзі – көненің көзі. Сын есім Сабақтың мақсаты: Білімдік: Билердің шешендікпен айтылған әділ сөздері туралы білімдерін тереңдетіп, мағынасын ажырату, билер туралы білімдерін толықтырып, ұғымдарын кеңейту. Сын есім туралы алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге талпындыру арқылы ой көкжиегін дамыту, тілдерін жетілдіру, өз ойларын жинақтап айта білуге төселдіру. Сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. Тәрбиелік: Aдами қасиеттерге, имандылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Сабақтағы құндылық: Сүйіспеншілік. Қасиеттер: Адамгершілік, үлкенді сыйлау, құрметтеу, ізеттілік пен ибалық, ақылдылық, кішіпейілділік, әдептілік. Сабақтың көрнекілігі: Билердің портреттері, слайд. Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ (бекіту, пысықтау). Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтық, шығармашылық жұмыстар. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, музыка, тарих. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 5Т 1. Тәртіп 2. Тазалық 3. Талап 4. Татулық 5. Тыныштық Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімнің этаптары бойынша «Нұрға бөлену» сәтін өткізу. (жеңіл, сазды музыка әуенімен оқушылардың сабаққа көңіл күйлерін аудару көзделеді) НҰРҒА БӨЛЕНУ Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рақмет. ІҮ.Мақсат қою. - Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Осы сабақта шешен билер туралы алған білімдерімізді толықтырып, ұғымдарымыз бен түсінікткрімізді одан әрі кеңейтеміз. Сабағымыздың тақырыбы: Билердің сөзі – көненің көзі. Бүгінгі сабақтағы құндылық – СҮЙІСПЕНШІЛІК. Алдымен мынандай сұрақтарға жауап беріңдер. ІІІ. Жан-жақты тексеру. Ой шақыру - Қандай шешен билерді білеміз? (Төле, Қазыбек, Әйтеке т.б.) - Бұл билер кімдердің бірлігін сақтауға шақырды (Бұл билер елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.) - Төле бидің өмір сүрген жылдарын кім біледі? (1663-1756) Жамбыл облысы, Шу ауданы. - Төле би қандай тілдерді меңгерген? (араб, парсы). - Қазыбек би қай жылы, қай жерде туған? (1668 жылы, Сырдария жағалауы) - Қазыбектің арғы аталары қандай адам болған?(Оқыған, тоқығаны көп ақылгөй, абыз шешен, би) - Әйтеке бидің өмір сүрген жылын білесіңдер ме? (1644 – 1700 жж.) - Кімнің кеңесшісі болған? (Әмір-Темірдің бас кеңесшісі) Ү. Жаңа сабақ. Кіріспе бөлімі. Интербелсенді тақтада билердің суреттері. Төле би қазақтың ежелгі құжаты «жеті жарғы» әдет-ғұрып заңын жасауда жетекші роль атқарған. Бұл құжат ел арасындағы әдет-ғұрып дәстүрлерін бұзушыларға тыйым салуда елеулі қызмет атқарған. Халық арасындағы Төле би тауып айтады деген сөз бар. Қазыбек би кезінде атақты беделді билердің бірі болған. Ол Абылай хан, Тәуке, Әбілмәмбет хандардың тұсында халық қамы үшін ел қорғау ісіне белсене араласқан. Халық ойды қазып айтқан Қазыбек деп қастерлеген. Әйтеке бидің қай мұрасын алып қарасақ та, ел қамын, туған халқының зор мұңын айтқан пікірін көреміз. Ел ішінде Әйтеке жарып айтады деген сөз бар. Сол себепті де оны «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған. Қай биді алып қарасақ та шешендігімен, тапқырлығымен ел қамын, туған халқының мұң-мұқтажын және әділдік туралы айтқан пікірін көреміз. Мұғалім: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырғандар тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек сол халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына әбден жетік, тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып, үлгі-өнегелерінен тәлім алып отырған. Сендер де сол өнеге өсиеттерді өздеріңе үлгі етіңдер. Әділдікке жақ болыңдар. Жүректеріңнен СҮЙІСПЕНШІЛІК шуағын тарата біліңдер. Мұғалім: Енді балалар, «Данагүл» атты әңгімеден берілген үзіндімен танысасыңдар. Мәтін: Данагүл («Төле би» атты кітаптан үзінді. Араб харпінен көшірген, құрастырған Сәрсенбі Дәуітов) Төле би Түрікмен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып келе жатқан беті еді. Аттары болдырып, шөлдеп келе жатқан жолаушылардың алдарынан бір топ қыз-келіншектер көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті болатын. - Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар! Жоғары жақтан бірқатар аттылар келе жатыр, алдын кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп өту дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтұғын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылды, данышпан қариялары бар шығар. «Ер сыйлаған есікте қалмас» деген. Әлі-ақ бәріміз де бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат-жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан өтіп кетсін. Сонан соң жүрсек те аулымызға жетерміз, – дейді Данагүл. Қызыл-жасыл киінген қыздар жол кеспей тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қыздардың алдарынан өтіп, біраз жер ұзап кеткен соң, қасындағы жолдасының біріне: - Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, – дейді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап: - Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берейік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап барып сәлем бергеніміз ұят. Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, – деді. Барлық қыздар аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп сәлем берді. Төле би: - Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, – деді қуанып. – Шырақтарым, қай ауылдың баласысыңдар? - Сыйқым ауылының баласы едік. - Балалар, бізді алыстан көріп тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдаршы? Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады. Ол: - Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында ел бастаған батыры бар шығар, сол елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адамы бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз, ағаларымыз болса көрелік. Аты-жөнін білелік деп тосып тұрдық, – дейді. - Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, құдай тілеулеріңді берсін. Жарайды енді аттарыңа мініңдер, – деп Төле би батасын беріп жүріп кетті. Сұрақтар арқылы мәтінді талдау. - Данагүл қыздарға қандай кеңес берді? (Үлкендердің алдынан кесіп өтпей, аттарының басын тартып, тосып тұруға кеңес берді) - Қыздар үлкен кісілерге қандай құрмет көрсетті? (Барлық қыздар аттан түсіп, жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп сәлем берді.) - Төле бидің сұрағына Данагүл не деп жауап берді? (1. Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар деп тосып тұрдық. 2. Араларында ел бастаған батыры бар шығар, сол елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар деп түсіндік. 3. Әкеміздей үлкен, қызырлы адамы бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. 4. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз, ағаларымыз болса көрелік. 5. Аты-жөнін білелік деп тосып тұрдық, – дейді.) - Данагүлдің бойында қандай адами қасиеттер болған? (адамгершілік, әдептілік, кішіпейілділік, құрмет т.б. балалар білгендерінше айтады) ақылды әдепті тәрбиелі ізетті инабатты кішіпейіл адамгершілік үлкенді сыйлау көшбасшылық құрметтеу Сүйіспеншілік Мұғалім: Осы қасиеттері арқылы үлкен кісілерге зор құрмет көрсете білді және жүрегінің сүйіспеншілікке толы екендігін дәлелдей алды. Ендеше, балалар, сендер де Данагүл апаларың секілді мына аталған қасиеттерді жүректеріңе терең сіңіріп, күн шуағын шашқандай сүйіспеншілікпен жан-жақтарыңа тарата біліңдер. Бұл қасиеттер бойларыңа дарыса нағыз әдепті де тәрбиелі ұл-қыздар болып өсетіндеріңе мен сенімдімін. Мұғалім: Ойымызды жинақтай келе мыныандай дәйексөзге назар аударыңдар. Дәйексөз: Адамның шынайы байлығы затта емес, ақыл-парасатта, рухани қазынада. (В.А.Сухомлинский) (Дәйексөзді хормен оқыту) - Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады.) - Мейірім, рақым, ізгілік, сабырлылық, төзім, кешірім, зиялылық т.б. адамгершілік қасиеттердің тоғысатын жері – парасаттылық. Адамды басқаға танытатын да, өзгемен табыстыратын да осы – парасаттылық. Ал рухани қазынаға халқымыздың мәдени мұралары, салт-дәстүрлері тіпті ата-бабадан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел, жер – бәрі де біздің рухани байлығымыз. Рухани байлық – адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен ұштастыратын асыл арна. Сергіту сәті. «Мен бастайын, сен аяқта» ойыны. Тақтада бірнеше мақалдар беріледі. Оқушылар оның жалғасын табады. 1. Шешен сөз бастар, ... ... ... . (батыр қол бастар.) 2. Батыр жауда сыналар, ... ... ... . (шешен дауда сыналар.) 3. Шешеннің тілі – ... ... ... . (шебердің бізі) 4. Тура биде ... ... ... . (туған жоқ). 5. Билердің сөзі - ... ... ... . (ақылдың көзі) 6. Даналық ойдан ... ... ... . (дән ізде) Дәптермен жұмыс (Интербелсенді тақтада сөйлем беріледі. Оқушылар дәптерлеріне жазып, сын есімнің мағыналық түрлерін тауып, астын сызады.) Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылды, данышпан қариялары бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адамы бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық (сын есімдерді мағынасына қарай ажырату) - Ибалы, ізетті, қызырлы сөздері мағынасына қарай қандай сын есімдер? (қатыстық сын есім) ҮІ. Бекіту. Шығармашылық жұмыс. І топ. «Өнерлі өрендер»: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сахналық көрініс. Автор: (Малика) Қазақ еліне келген бір елдің елшісін біреулер өлтірейік деп, екінші жақ өлтірмейміз деп үлкен дау-тартыс болыпты. сонда осы мәселені ақылдасып шешу үшін Ұлы жүзден Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Алшын Әйтеке би бас қосып, бір төбеге шығып отырса, алдындағы көлге бір қаз келіп қоныпты. Сонда Төле би (Ерлік) тұспалдап: - Мына көлдің алар ма еді қазын атып, – дейді. - Оғың шығын болмасын жазым атып, – дейді Әйтеке би. (Нұрдәулет) - Құтылмастай бәлеге қап жүрмейік, Қаз екен деп перінің қызын атып, – дейді Қазыбек би. (Әкежан) Осымен сөз бітеді, елшіге тимей, еліне қайтару керек деген шешімге келеді. Мұғалім: Осы көріністен не түсіндіңдер? - Елшіні өлтірсек пе екен, – деп Төле би тұспалдап айтады. - Өлтіреміз деп қателікке тап болмайық, – деп Қазыбек би ой салады. - Елшіні атамыз деп, халқымыздың басына ауыр күн тимесін, – дегенді Әйтеке би айтады. - Олар жұмбақтап сөйлеп, бір-бірінің ойын түсініп, істі насырға шаптырмай, ақылмен шешкен. Мұғалім: Мүны әдеби тілде – астарлап сөйлеу дейді. Ал әдебиет теориясында символ деп аталады. ІІ топ. «Даналық»: «Егер мен би болсам» (эссе) жазу. Мұғалім: Бұрынғының билеріндей әділдікті жақтап, ақиқатқа көз жеткізген адамның үнемі жолы болады. ІІІ топ. «Достық»: Билерге сипаттама беру. Мұғалім: Мұндай табиғи талант, адами қасиет әркімнің де бойынан табылар. Тек адам өзін-өзі танып, көңіл сарайына үңілгенде ғана өз бойындағы асыл қасиеттерді сүйіспеншілікпен жүзеге асыра алады. ҮІІ. Сабақты қорыту. Мұғалім: Сонымен бүгінгі сабағымызда кімдер туралы ұғымымызды пысықтадық? (билер) Қазақта төбе билер деп кімдерді атаған? ҮІІІ. Үйге тапсырма. Ізденіс жұмыстары. Данагүл әңгімесінің жалғасын тауып оқып келу. Кері байланыс: -Бүгінгі сабақта қандай құндылық туралы сөз блды? -Қандай адами қасиеттерді еске түсірдік? Топпен ән айту. Өміріңе немқұрайлы қарама Сөзі: Серік Сейман Әні: Сәкен Дәрібаев Тыңда досым мен айтайын от тілек, Дүниеден кетті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама, Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп. Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, Зерлі шапан киінсең де жақұттан. Өміріңе немқұрайлы қарама, Шақша басың айналса да бақыттан. Қайырмасы Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Кенелсең де досым қанша шатыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама. Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. Қанша азап көрсең дағы бауырым, Өміріңе немқұрайлы қарама. | |
Просмотров: 1333 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|