Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

жаңа 2016 жылға арналған сценарий
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Бетперде де бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген балалар кіреді)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы:
Сәлеметсіздер ме келген қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жылды тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортағa
Ертеңгілік басталсын
Даярлық тобында!
Жүргізуші: Құрметті, ата-аналар, балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан маймыл жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін. «Келді міне, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші:
Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Думандатып би билеп,
Інжу - маржан шашайық.
Қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры» (1)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің балалардың орындауында «Гномдар» биін қабыл алыңыздар.
(Әділхан, Ержан, Ағзам )
Жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
Балалардың жаңа жыл мерекесіне дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!
Досбол 0 «а» сынып:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Самира 0 «а» сынып:
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Темірлан 0 «а» сынып:
Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал! - деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.
Бибігүл 0 «а» сынып:
Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,
Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын
Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға
Нұрсаят 0 «ә» сынып:
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Ағзам 0 «ә» сынып:
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Назира 0 «ә» сынып:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Мөлдір 0 «ә» сынып:
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Сабина:
Шаттық әнге, шаттық жыр
Дидарыңа шаттық нұр,
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық тұр.
Дала нұр, дала нұр
Құтты болсын жаңа жыл.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барша бала тұр
Ержан:
Ақша қарға малынып
Аппақ тонға жамылып,
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып,
Аяз ата келеді,
Балаларды сағынып
Темірлан:
Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы,
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны,
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
Алмас:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап,
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ол енді,
Шырқатайық ән-жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы: Аяз ата, Ақша қар)
Кәнекей, ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, келген қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр дауыстардан шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар:Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша: – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны қолынан тартып)
Аю: - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге Жаңа жыл мерекесінде болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жанына келеді)
Біздің бишілерімізді шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық
Би: «Сыған биі» (Әнуар, Сабина, Рамина)
(Музыка әуенімен Күлдіргіш кіріп келеді)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
Балалар, мен сендерге өзіммен бірге ойын ала келдім.
Ойын: « Кім жылдам »
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді мерекеге арналған әнімізді шырқайық!
Ән: «Шыршаға бардық»(2)
Жүргізуші: Балалардың орындауында өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Рамина
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Аяна
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Алдияр:
Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға,
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген,
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шыршайық бәріміз.
Е.Әмина
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Әнуар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Айша
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Әмина
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Назым
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Ализа
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Әділ
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жәнібек
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Нұрахан
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл

Жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.
Би «Буги буги»(Барлық бала)
Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақшақар!
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Аяз ата, сіз біздің балалардың өлең шумақтарын қабыл алыңыз!
Дарын
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Мақсат
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Жарқын
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Арайлым
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Альмира
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Бекжан
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Мөлдір Сағынбаева
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Мейірлан
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Асылжан
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Оралды өлкеме
Думан 0 ә
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Әділхан
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Қ. Әмина
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа орап алып маңайын.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жарқыраған шырағы
Шыршамыз да нұрланды
Біздің балғын балалар
Әсем әнді шырқайды.
Ән: «Аяз ата, Ақша қар»
Рахмет балалар! Ақшақардың сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен. Мұқият тыңдаңдар!
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аяз ата!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жүргізуші:
Құрметті келген қонақтар! Біздің балалар біраз өнерлерін көрсетіп жатыр. Енді балалардың ағылшын тілінде дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!
Амина Оа
Фазефрост, брингмэнитойс,
Фолитлгёрлзэндлитлбойз!
Мөлдір
Зеньюэрти
Исгрин энд брайт
Аур нью ер пати
Назира
Винтер, винтер брингс ю ски
Энд зе ньюерс три!
Ағзам
Сноуфлэйксхиа
Сноуфлэйксзэа
Сноуфлэйксфлаингэвэривэя
Думан
Винтеиссноуи
Винтеисфрости
Зэ граундисуайт
Олдэй энд олнайт.
Темірлан Оә
Зэ нью эр три
Соуфайн энд тол
Стэндс ин зэ сэнте,
Оф зэ холл!
Досбол Оә
Винтэйс зэ сизон
Вэн чилдренски
Энд фазефростбрингс
Зэ нью ер три
Аяз ата: ООО балалар, қандай өнерлісіңдер! Жарайсыңдар!
Жүргізуші:
Ақ көңілім айналады аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға!
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылда, - дей отырып жаңа жылдық мерекемізді әсем әнмен жалғастыруға рұқсат етіңіздер..
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
«Ұлпақарлар» биі
(Мөлдір, Назира, Е.Әмина, Қ.Әмина, Аяна,Маржан )
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір. Ал, енді, біз ата-аналармен бір ойын ойнайық.
Ата аналармен ойын: Мына сандықта әртүрлі сөздер бар. Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие боласыздар. Бастайық!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Махаббат
Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ламбада
Жүргізуші: Рахмет сіздерге!
(Ән әуенімен маймыл кіріп келеді)
Маймыл:
Сәлеметсіздер ме!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: - Балалар, жаңа жыл болса келіп қалды, біздің қоштасатын қой жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, қой қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық. (музыка әуенімен қой кіріп келеді)
Қой:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр. Бірақ қой сізбен қоштаспас бұрын, біздің балалар сізге «Аңдар» биін билеп бермекші.
Балалардың орындауында «Аңдар биі»
Жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Ескі жылым – қой жылы
Қош аман бол көргенше
Қайта айналып келгенше
Бәрі: Қош бол, Ескі жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!.
Қой: Рахмет сіздерге! Мен енді кетейін.
Жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Маймыл жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән: «Жаңа жыл» (5)
Жүргізуші:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: mrm_tst (2016-05-11) E
Просмотров: 5504 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru