Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
«Ана-өмір шырағы» ертеңгілік сценарийі. Мақсаты: Балаларға көктем және 8-Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орның, анаға деген құрметті ұғындыру, ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жанрлар бойынша көрсету. Жүргізуші: Қымбатты асыл әжелер,аяулы аналар, апалар,мектеп ұжымымен бүлдіршіндер! Сіздерді көктемгі алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып «8-наурыз» мерекесі келді. Мерекелеріңіз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс құрмет ешқашан сөнбек емес. Аналар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының діңгегі. Армысың, әжелерім, аналарым, Мейірбан,аппақ көңіл даналарым. Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен, Құттықтайды сіздерді балаларың. Мерекелерініз құтты болсын. -дей отырып МАД тобының «Ана өмір шуағы»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. -Ал, балалар қыс мезгілі бітіп, көктем келді, күн жылынды, қар мұз еріп,ағаштар бүршік жарып,бәйшешек гүлі шықты, құстарымыз ұшып келеді,ұйқыға кеткен жан-жануарлар, жәндіктер,ағаш,шөп, гүлдердің бәрі оянып, табиғат бір әдемі күйге түседі. Ана шырақ ұрпағымен жағылған, Өз анасын бар періште сағынған, Құдіретін сезінгендер бас иіп Ана деген үш әріпке бағынған. Би: “Анама жүрегім” Ән: «Бөбектер» әні - Көктем кіреді: Мен көктеммін, көктеммін. Былтыр келіп кеткенмін. Көзін ашып бұлақтың, Түбіне тал еккенмін. Жайнататын бар гүлді, Сайрататын бұлбұлды. Тілеп жылға ақ қадам, Ән арнайды ел маған. Тіршіліктің бастауы, Көктем айы мен болам! -Жүргізуші: Қош келдің көктем, айнала құлпырып, әдемі күйге енуде. Көктем келді өзімен бірге ең әдемі мерекені алып келді. Ол аналарымыздың, апаларымыздың, қыздардың меркесі. Олай болса балалардың мерекеге арнап жаттаған тақпақтарын тындайық. Ән: « Көктем келді » Би: «Гүлдер». Көктем қыздармен би билейді. Ойын: «Тілек тілеу». Ойын: «Гүл жинау» Балалар бәрі хормен айтады: Құтты болсын осы шаттық күніңіз. Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңізбен әрдайым, Бұл өмірде күліп қана жүіңіз. Ермекбай Әминаның орындауын да Ән: « Қазақтың ерке қызымын » -Енді кезекті балаларымыздын тақпақтарына берейік. Би: «Қара жорға» ұлдардын орындауында. Ән: « » -Балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Аналар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет, сау болыңыздар. | |
Просмотров: 1738 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|