Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
ЭССЕ «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Айткенова Мөлдір Болатовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушы Қазақстан Республикасы Орталық Азияда орналасқан, әлем бойынша алып жатқан аймағы тоғызыншы орынға ие мемлекет. Соңғы деректерге сүйенер болсақ, халық саны 16,4 млн. (2011ж. дерек бойынша) адамды құрайды. Ал оның 4-тен 1-і 14 жастағы және одан кіші жастағы жасөспірімдер. Білім жүйесін сөз етер болсақ, мектепке дейінгі, орта, кәсіби арнаулы, жоғары білім беру, ЖОО-нан кейінгі білім жүзеге асырылады. Шамамен, Қазақстанда (2011 ж. дерек бойынша) 7696 жалпы білім беретін мектептер бар. Ал осы мектептер бойынша жүргізілген халықаралық зерттеулер нәтижесі (TIMSS, PISA) біздің елімізде білім сапасы әлемдік көрсеткіштің ортадан төмен деңгейде екенін көрсетті. Осы халықаралық зерттеулердің төмен көрсеткіштері Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың, реформалаудың қажеттілігін анықтап отыр. Бұл білім сапасын жақсартуды, педагогтардың кәсіби дамуын, функционалдық сауаттылықты дамытуды мақсат етеді. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында Үкімет 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жоспарлауда. Аталған мәселелерді шешуде елімізде ауқымды жұмыстар басталып кетті. Соның бірі - жаңартылған білім беру аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының жүзеге асырылуы. Бағдарлама білім беруді жаңартуда, критериалды бағалау жүйесін енгізуде педагогтардың шеберлігін жетілдіруді көздейді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне тоқталар болсақ, өзге тілді мектептерде кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні аясында білім беру төрт дағдыға (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген. Бұл дағдыларды жетілдіре отырып, бір-бірімен тығыз байланыста кешенді оқыту жүзеге асырылмақ. Ал оны жүзеге асыру оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерімен ұштасып, мұғалім жетекшілігімен жүргізілетін жұмыс, бірлескен жұмыс, дербес жұмыс арқылы негізделеді. Осы ойды Карелл пікірімен түйіндеуге болады, оның айтуынша, «Оқушылар үшін оқу әдіс-тәсілдерін білу ғана емес, тиісті де тиімді әдісті таңдай білу де маңызды» болмақ. Оқушылардың алған білімдерін алдыңғы білімдермен ұштастыра отырып спиральды оқыту мәселесі де терең, сапалы білім алуға негіз болады. Сонымен қатар критериалды бағалау да осы бағдарлама мазмұнында қарастырылатын болады. Ол оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне, кері байланысты қамтамасыз етуде ықпалы зор. Ал осының ең басында оқу мақсаттарын нақты құру маңызды болмақ. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру оқушылардың шынайы өмірде алған білімдерін, тілдік дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді. Олай болса, мұғалім де Ғафу Қайырбеков айтпақшы «Өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» жан болуы қажет. Оған жол көрсету Сіз бен біздің, біліктілікті жетілдіруші мамандардың міндеті болмақ. Іске сәт, әріптестер! | |
Просмотров: 1585 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|