Қазақ халқының Ұлы перзенті өзі үшін емес, халқы үшін халқының болашағы үшін өз бетімен көп ізденіп оқыды, білімін жетілдірді және қаражат жинап, мектеп ашты, оқу-құралдарын жазды. Оның әңгімелері сол кездегі ғана емес қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. «Қазақ хрестоматиясындағы» әңгімелері балаларды барлық жақсы қасиетті бойларына сіңіруге және жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырады. Ы. Алтынсарин тәрбие мен білім беруде жас ұрпақты адамға тек жақсылық жасау жолында еңбек етуі үшін тәрбиеге көп көңіл бөлді. Шығармаларында талаптанып және көп еңбектеніп жұмыс жасағанда ғана білім мен өнерге қол жеткізуге болатынын жазды. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдері маған терең ой салып, қазіргі техника дамыған заманда, сол техниканың табиғатқа, адамға зиянын зерттейтін ғалым болуды армандап жүрмін. Қазақ халқының Ұлы перзенті «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт күткен достарым», - деп болашақты бізге жүктеді. Табиғат тазалығын және адамдардың денсаулығын сақтау үшін өзекті мәселелерді көтеру және оны шешу жүгі біздің мойнымызда.
Астана қаласы №14 мектеп-гимназиясының 6 «В» сынып оқушысы Акжол Айдосулы
Пікір беруші: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сыздыкова Айслу Габденовна