Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімнің табиғаты Сабақтың мақсаты: Табиғат, туған жер тақырыптары бойынша өз ойларын жүйелі жеткізуге үйрету. Берілген тапсырмаларды өз бетінше, жұппен және топпен талдай алуға үйрету. Сабақ түрі: Жаңа сабақ меңгеру Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:жеке, топпен жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау элементтері-« коллаж жасау», «Өрмекші торы», «Әткеншек» әдістері. АКТ қолдану. Көрнекіліктер: слайд, түрлі-түсті маркерлер, плакат Күтілетін нәтиже: Табиғат, туған жер тақырыптары бойынша өз ойларын жүйелі жеткізе алады. Тапсырмаларға өз ойын айта алады. Топта жұмыс істеу арқылы ортақ шешімге келе алады № Сабақ кезеңдері Оқушы мен мұғалім іс – әрекеті Қолданыл- ған техноло- гиялар уақыт 1 Амандасу Жағымды орта қалыптас- тыру Бағалауды түсіндіру Оқушылармен амандасу Тренинг өткізу. - Балалар сендердің бүгінгі көңіл – күйлеріңіз неге ұқсайды? Мысалы, менің көңіл- күйім бүгінгі күннің шуағына ұқсайды. Ал сендердің ше? -Жақсы, осындай жақсы көңіл – күйлерімізбен сабағымызды бастайық. 3 мин 2. Өткен сабақты қайталау «Туған жер» деген сөзінің синонимдері қандай? (Отан, атамекен, туған ел) 1 Сөзжұмбақ шешу. «Отан» (оқушылар өздері жазады) 1. Аңдардың мекені 2. Орман дәрігері 3. Қадірлі жан 4. Ас атасы Табиғат – дегенде көздеріңе не елестетесіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады. Сыни тұрғыдан ойлау 5 мин 3 Үй жұмысын тексеру Осы тақырып бойынша «Өрмекші торы» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Сұрақ – жауап: 1. Қазақстанның жері қандай? 2. Қазақстанда қандай өзен, көл бар? 3. Қазақстанда қандай таулар бар? Диалогтік оқыту 5 мин 4 Жаңа сабақ - Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызда табиғатқа саяхат жасаймыз. Ол үшін алдымен барлығымыз слайд автобусқа (поездға) жайғасайық. Сонымен Жолымыз болсын! Сұрақтар: Қандай қала туралы слайд (суреттер) көрдіңдер? - Мынау қай қала? Бұл – Петропавл қаласы. - Ол қай жерде орналасқан? Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан. - Суреттер - Балалар нені көрді? Есіл өзені, ақ қайыңдар өлкесі - Ендеше балалар , біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? - Кім айтады? - Табиғат - Дұрыс бүгін біз туған жеріміздің табиғаты туралы айтамыз - - Мәтінді оқымас бұрын жаңа сөздермен жұмыс жасаймыз. Жаңа сөздермен жұмыс: биік, Ертіс, Бурабай, Алатау, еркін. - 1. Сөздерді аудару. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру. 3. Сөз тіркестерін құру. 4. Сөйлем құру. - 5 Қазір мәтін таратамын, осы мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу /мұғалім/ Қазақстанның жері үлкен, табиғаты әдемі. Елімізде өзен, көлдер, биік таулар, жасыл ормандар бар. Петропавлда Есіл өзені бар. Ақ қайыңдар өседі.Табиғаты таза және әдемі. Мен өз жеріммен мақтанамын. Оқылым:Оқушыларға кезекпен оқыту Жалқы есімдерді еске түсіру: осы мәтінде мына сөздер қалай жазылған? Неге? «Әткеншек» әдісі арқылы мәтінде не туралы айтылғанын қағаз бетіне түсіреміз. АКТ, слайд Сыни тұрғыдан ойлау 12 мин 5 Сергіту сағаты Біз көңілді баламыз! АКТ 1 мин 6 Сөздерге фонетикалық талдау жасау - Тақтада(үлкен,орман, көлдер) (жазбаша) Балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз және осы сөздерге фонетикалық талдау жасауға болады, тексеріп отырамыз 7 мин 7 Қорытынды - Балалар, табиғатқа саяхат ұнады ма? - Достарыңа Қазақстанның табиғаты туралы не айта аласыңдар? ... таулар ... орман ... , ... өзен (Есіл, биік, жасыл) Сыни тұрғыдан ойлау АКТ 5 мин 8 Үйге тапсырма І – деңгей: Шағын шығарма «Туған жерімнің жанашырымын» (5-6 сөйлем) 2 мин 9. Бағалау бағалау картасы арқылы 3 мин 10 Рефлексия «Бағдаршам» әдісі арқылы сұрау Сабақта барлығы түсінікті болды ма? Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, жасыл түсті кемпірқосаққа жапсырамыз; Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, сары түсті машинаға жапсырамыз; Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, қызыл түсті бауырсаққа жапсырамыз 2 мин | |
Просмотров: 802 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|