Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Леонидовка орта мектебі»КММ Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Агибалова Ш.Ж. Сабақтың тақырыбы: Менің елім - Қазақстан Сабақтың мақсаты: Білімдік: тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Дамытушылық: сөйлеу шеберліктерін дамыту. Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көрнекіліктері: қағаз қималары,карточкалар,интербелсенді тақта. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Сөздікпен жұмыс Нұр –луч Себу – сеять Дән – зерно Күміс – серебро Еркін - свободный 2. Мәтінмен жұмыс Біздің еліміз – бай әрі қуатты ел. Мұнда барлық халықтар еркін өмір сүреді. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті.Біздің еліміздің балалары бақытты. Қазақстан – әлемдегі ең ірі астықты мемлекеттердің бірі. Қазақстанның әдемі жерлері көп. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 3. Смайликтер арқылы топқа бөлу. 1-топ. 2-топ. Топсыз қалған смайлик интерактивті тақтамен жұмыс істейді. 3.Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. 1- топ Біздің еліміз ........ ел. Біз ....... өмір сүреміз. Қазақстан ....... мемлекеттердің бірі. 2- топ. Қазақстанның табиғаты ..... бай. Астана болашағы ....... қала. Қазақстанның ........ Астана қаласы. Интерактивті тақтадағы тапсырма.сөйлемдерді толықтырып, сұрақ қой. Қазақстанның .......... жерлері көп. Біздің еліміздің балалары ........... . Смайликтер арқылы топқа бөлу.Топсыз қалған смайлик тақтамен жұмыс істейді. 4.Шашыраған буындар. Буындардан сөздер құраңдар, кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді септеңдер. 1-топ (ха - лық) 2- топ (ба - ла) мем –ле – кет деген сөзді септе. ІV. оОй қозғау.Суреттерді сөйлетіп,мақал – мәтелдерді жаз. Отансыз - ормансыз . Отан +нан басталады. V.Сабақты кластер арқылы бекіту. VІ.Кері байланыс. Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң,желкенді жасыл түске боя. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя. Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя. VІІ. Үйге тапсырма 1.Мәтінді әңгімелеу 2.Сұрақ-жауап 3.Отан туралы мақал-мәтелдерді жаттау. | |
Просмотров: 871 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|