Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
5-сынып ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА: «ОЮЛАР» Сабақтың мақсаты: Білімділігі: ақын өмірі және шығармашылығымен таныстыру, өлеңді оқыта отырып тақырыбы мен идеясын ашу, өлең қүрылысына және көркемдік ерекшелігіне талдау; Дамытушылығы: оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, ой өрісін дамыту; Тәрбиелігі: ой және қол еңбегін жасату арқылы шеберлікке, әсемдікке, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халық-тық дәстүрді қастерлеуге үйрету. Сабақтьщ типі: жаңа сабақ. Сабақтың түрі: дамыта оқыту. Әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, шығармашылық, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі. Көрнекілігі: интерактивті тақта (флипчарт), үнтаспа, бейнетаспа, таратпа қағаздар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен сәлемдесу, сабаққа зейіндерін аудару. II. Үй тапсырмасын сұрау. Т.Молдағалиевтің өмірі, шығармашылығы туралы сұрау. «Бауырлар» өлеңі мен Тұманбай өлеңдеріне жазылған әндерді сұрау. III. Жаңа сабақ. 1. Сабақтың мақсаты, тақырыбы, барысы айтылады. 2. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза қыз» әні үнтаспадан тыңдалып, Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріледі. Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004). • 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. • 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл -әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектелтерінде ұстаздық еткен. • 1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық “Коммунистік еңбек” газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. • 1968 - 1970 жж. республикалық “Лениншіл жас” газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған. • 1970 - 1978 жж. республикалық “Қазақстан пионері” газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсан-нан “Пионер” журналының бас редакторы болып істеген. • 1978 - 1996 жж. - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. 4. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы. 5. Оқушыларға тізбектей оқыту. 6.Қазақ ою - өрнектерінің көп түр-лілігі туралы айтып кету, бейнетаспа арқылы көрсету. 7. Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашқызу. Оқушылардың ойларын тыңдау, толықтыру. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық қолөнері. Идеясы: Ұлттық құндылықты бағалауға, сақтай білуге үндеу. 8. Орындалатын тапсырмалар: А)Өлең құрылысына талдау (тақтада) Түрін-ай\\ текеметтің!\\ Асыл қандай! Үңілдім\\үнсіз ғана\\басымды алмай. «Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп, Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай. 4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең үйқасы. Деңгейлік тапсырмалар: (орында орындалады) 1-деңгей. Ою салып, қию. Қандай ою екенін түсіндіру. 2-деңгей. «Қазақтың ою-өрнектері» - ой толғау. 3-деңгей. Өлеңніңтәрбиелік мәнін ашып, көркемдегіш құралдарды табу. IV. Сабақты бекіту. Флипчарт (кластер) ақын Мемлекеттік сыйлық лауреаты Фариза Оңғарсынова Халыққа білім Қазақстанның беру ісінің үздігі халық ақыны V. Сабақты қорытындылау. Ой қорыту VI. Үйге тапсырма беру. Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы оқу. «Оюлар» өлеңін жаттау. Бір ою түрін дайындап келу. VII. Бағалау. | |
Просмотров: 1077 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|