Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақ жоспарлары "Тағамдар" 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Тағам түрлері.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларды тағам түрлерімен таныстыру, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауы бойынша жұмысты жалғастыру.
2. Дамытушылық. Тақырып бойынша есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.
Сабақтың көрнекілігі: тағам түрлерінің суреттері.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
тағамдар(тағам) – блюда (блюдо) дәмді – вкусный ботқа–каша дастарқан – скатерть сусындар – напитки тұшпара – пельмени
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. «Тағамдар» тақырыбы бойынша берілген түрек сызба арқылы жүйелі жұмыс жасау. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін іске асырып, сөз тіркестерін және сөйлемдер құрату жұмысымен тақырыпты бекіту.
2-тапсырма. Ет тағамдарымен таныстыруды жалғастыру мақсатында 2-тапсырмада берілген мәтінмен жұмыс жасау, аудару, сұрақтар құру.
3-тапсырма. Айтылым әрекетіне берілген мысалдармен І және ІІ жақта жұмыс жасау. Аударма жұмысымен тапсырманы күрделендіру.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетерін жандандыру мақсатында «Кімнің сүйікті тағамы қандай?» сұрағымен берілген тапсырманы алдымен ауызша орындау, кейін жазылым әрекетімен ұштастыру.
5-тапсырма. Тақырып бойынша берілген тапсырмамен оқылым, айтылым әрекеттерін іске асыру. Жұмбақты оқып, жауабын табу.
6-тапсырма. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасату. Әр оқушыға бөлек-бөлек тапсырма беру.
1. Палау. 1. Мәнті.
2. Палау жедім. 2. Мәнті алдың.
3. Мен палау жедім. 3. Сен мәнті алдың.
4. Мен үйде палау жедім. 4. Сен асханадан мәнті алдың.
5. Мен үйде анаммен палау жедім. 5. Сен бүгін асханадан мәнті алдың.
V. Сабақты бекіту.
Бүгінгі сабақта не туралы өттік? Қандай тағам түрлерін білесіңдер? Ет тағамдарын атаңдар? Сенің сүйікті тағамың қандай?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау, 43-бет, 2-тапсырма, мәтінді мазмұндау.

4«Б» 18.11. 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым – қазақша ет.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Сүйікті тағамдары тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге, Қандай? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауы бойынша жұмысты жалғастыру.
2. Дамытушылық. Есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу, сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау, пайдалы кеңес беру арқылы тамақты ысырап етпеу төңірегінде тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
қой еті – баранина жылқы еті – конина сиыр еті – говядина сорпа – бульон асықпай – не спеша ұлттық – национальное
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тағаммен таныстыруды жалғастыру мақсатында 1-тапсырмада берілген мәтінмен жұмыс жасау, аудару, сұрақтар құру.
2-тапсырма. Берілген сұрақ-жауап бойынша оқылым әрекетін іске асыру, аударма жұмысымен ұштастыру. (Жұптық жұмыс)
3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетерін жандандыру мақсатында «Кім нені жақсы көреді?» сұрағымен берілген тапсырманы алдымен ауызша орындау, кейін жазылым әрекетімен ұштастыру. Табыс септігінің жалғауларын белгілету.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Пайдалы кеңестерді оқи отырып, тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
5-тапсырма. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасату. Әр оқушыға бөлек-бөлек тапсырма беру.
1. Қазақша ет. 1. Сорпа.
2. Қазақша ет жедім. 2. Сорпа іштім.
3. Мен қазақша ет жедім. 3. Мен сорпа іштім.
4. Кеше мен қазақша ет жедім. 4. Мен ыстық сорпа іштім.
6-тапсырма. Тақырып бойынша берілген мақалмен жұмыс жүргізу.
V. Сабақты бекіту.
Бүгінгі сабақта қандай сөздермен таныстық? Қазақша ет қай үлттың ұлттық тағамы? Қазақша етті неден дайындайды? Саған қазақша ет ұнай ма? Қандай пайдалы кеңестерді білесіңдер?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау, 46-бет, пайдалы кеңестерді, мақалды жаттау.

4«Б» 23.11. 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым – борщ.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Сүйікті тағамдары тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту. Тәуелдік жалғауы бойынша жұмысты жалғастыру, көсемше және оның жұрнақтары туралы түсіндіру.
2. Дамытушылық. Есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу, сұрақтарға дұрыс жауап бере білу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау, пайдалы кеңес беру арқылы тамақты ысырап етпеу төңірегінде тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
орамжапырақ – капуста қызылша – свекла асхана–столовая тоңазытқыш – холодильник дайындау – приготовить
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тағаммен таныстыруды жалғастыру мақсатында 1-тапсырмада берілген мәтінмен жұмыс жасау, аудару, сұрақтар құру.
2-тапсырма. І және ІІ жақта сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында берілген тапсырмамен жұмыс өткізу. Дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру мақсатында «Не сатып алды?» сұрағымен берілген тапсырманы алдымен ауызша орындау, кейін жазылым әрекетімен ұштастыру.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасату. Әр оқушыға бөлек-бөлек тапсырма беру.
5-тапсырма. Суреттерді қатыстыра отырып дұрыс сөйлем құрауға үйрету. Жазылым әрекетімен ұштастыру.
6-тапсырма. Тақырып бойынша берілген сұрақ-жауаппен жұмыс жүргізу.
V. Сабақты бекіту.
Бүгінгі сабақта қандай сөздермен таныстық? Борщ неден дайындалады? Борщ дайындау үшін қандай көкөністер керек? Саған борщ ұнай ма? Қандай пайдалы кеңестерді білесіңдер?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау, 49-бет, 4-тапсырма, үлгі бойынша сөйлем құрап жазу.

4«Б» 24.11. 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Меніңсүйікті тағамым».
Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың ауызекі тілдерін дамыту. Сауатты жазу
дағдысын қалыптастыру, тәуелдік жалғауы бойынша
жұмысты жалғастыру.
2. Есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу, сауатты
жазу дағдыларын дамыту.
3. Оқушыларды саналы түрде білім алуға баулу және
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, фонетика бойынша кесте.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу әдісі.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІV. Диктант жазу.
1. Фонетиканы, үндестік заңын қайталау.
2. Диктантты оқып, түсініктерін айту.
3. Қиын сөздермен жұмыс.
4. Диктантты жазу.
«Менің сүйікті тағамым»
Менің сүйікті тағамым – қазақша ет. Ол қазақтың ұлттық тағамы. Қазақша етті қой етінен, жылқы етінен, сиыр етінен дайындайды. Ол үшін етті пісіріп алады. Қамыр илеп, оны сорпаға пісіреді. Алдымен табаққа піскен қамырды салады. Үстіне етті турайды, тұздығын құяды. Маған қазақша ет ұнайды. (42 сөз)

Тапсырмалар.
1. Септік жалғаулары бар сөздерді тап, астын сыз.
2. Бір сөзді тәуелде.

V. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
VI.Үй тапсырмасын беру.
2 сөзге фонетикалық талдау жасау.

4«Б» 25.11. 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Сүйікті тағамым – сүт кеспе.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың диктант жазуда жіберген қателерімен жұмыс өткізу. Сүйікті тағамдары тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту.
2. Дамытушылық. Есте сақтау қабілетін, байланыстырып сөйлеу, сұрақтарға дұрыс жауап бере білу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау, сүт тағамдарының пайдасы туралы әңгіме жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
сүт кеспе – молочный суп (лапша) балмұздақ – мороженое тәтті–сладкий
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тағаммен таныстыруды жалғастыру мақсатында 1-тапсырмада берілген сызбамен жұмыс жасау, аудару. Оқушыларға сүт тағамдарының түрлері туралы жалпы түсінік беру.
2-тапсырма. Мәтінде берілген тағам түрімен таныстыру. Балалардың сүйікті тағамдары туралы ой қозғау. Дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру мақсатында «Қазір дүкенде қандай сүт тағамдары бар?» сұрағымен берілген тапсырманы алдымен ауызша орындау, кейін сөз тіркестерін құрау арқылы жазылым әрекетімен ұштастыру.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Тақырып бойынша берілген тапсырмамен оқылым, айтылым әрекеттерін іске асыру.
5-тапсырма. Оқу техникасын жандандыру мақсатында тапсырмада берілген жаңылтпашпен жұмыс жүргізу. Мәнерлеп оқу сайсын ұйымдастыру. Жаңылтпаштың мағынасын түсіндіру.
6-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрай білу дағдысын қалыптастыру мақсатында жұмыс жасау. Сөйлемдерді аудартып, көшіріп жазғызу.
V. Сабақты бекіту.
Бүгінгі сабақта несімен ұнады? Сүт кеспе дегеніміз не? Сүт кеспені неден дайындайды? Саған сүт кеспе ұнай ма? Қандай сүт тағамдарын білесіңдер? Балмұздақ сөзін буынға бөліп, буын түрін ажыратыңдар?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
Жаңа сөздерді жаттау, 51-бет, 4-тапсырма, мәтінді мазмұндау.
4«Б» 27.11. 2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті тағамым – ботқа.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Сүйікті тағамдары тақырыбы төңірегінде сөйлей білуге үйрету, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту. Жіктік жалғауы бойынша жұмысты жалғастыру. Оқушылардың білім деңгейлерін бақылау.
2. Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, сұрақтарға дұрыс жауап бере білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, өз бетімен жұмыс жасауға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, тапсырмалар жазылған парақшалар, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
ІІІ. Сөздік жұмысы.
ботқа – каша күріш – рис майда жарма –манная крупа қарақұмық – гречка
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен айтып шығады.
3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.
ІV. Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Тағаммен таныстыруды жалғастыру мақсатында 1-тапсырмада берілген сызбамен жұмыс жасау, аудару. Оқушыларға ботқаның түрлері туралы жалпы түсінік беру.
2-тапсырма. Берілген мәтінмен жұмыс жүргізу, аударма жұмысымен жандандыру. Балалардың сүйікті ботқалары туралы ой қозғау. Дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
3-тапсырма. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту мақсатында берілген тапсырмамен жұмыс.
Сергіту сәті.
4-тапсырма. Тақырып бойынша берілген диалог арқылы оқылым, айтылым әрекеттерін іске асыру.
5-тапсырма. Оқу техникасын жандандыру мақсатында тапсырмада берілген мақалмен жұмыс жүргізу. Мәнерлеп оқу сайсын ұйымдастыру. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
6-тапсырма. Дұрыс сөйлем құрай білу дағдысын қалыптастыру мақсатында сатылап сөйлем құрау әдісін пайдалану. Оқушыларға жеке-жеке тапсырма беру.
V. Сабақты бекіту.
Қандай ботқа түрлерін білесіңдер? Сенің сүйікті ботқаң қандай? Біздің мектептің асханасында қандай ботқалар бар?
VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.
VII.Үй тапсырмасын беру.
«Менің сүйікті ботқам» тақырыбында шағын мәтін құрау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: toma040181 (2016-11-20) | Автор: Тилектес E
Просмотров: 1396 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru