Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Тақырып: Азық-түлік дүкені Мектеп: 63 Күні 11.10.2016 ж. Қатысушының саны Қатыспағаны Пән: қазақ тілі Мұғалімнің аты-жөні: Өтелбаева Р.У. Сынып: 3А Оқыту мақсаты: Тақырыптың аясында тілдік коммуникация арқылы жалпы азық-түлік туралы түсініктерін дамыту. Тақырып аясында оқушылардың сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Шағын мәтіндерді сипаттау арқылы азық-түлікті қадірлеуге, ас атаулыны қастерлеуге тәрбиелеу Оқыту мақсаты/ Күтілетін нәтижелер: Барлығы: тақырыпқа қатысты азық-түлік атауларын атап бере алады. Көпшілігі: қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде азық-түлік атауларын сипаттай алады. Кейбіреулері: тақырып аясында қарапайым үлгілер арқылы мәтін құрай алады. Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады: Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Азық-түлік, өнім, бөлім, қаймақ, шұжық, қант, бәліш. Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Алдынғы (бұрынғы) оқыту: Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Ж о с п а р Жоспарлау уақыты Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Басы Ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып беру. Жақсы сөз – жанды жадыратар. Оқушылар параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талданады. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, тақтада «дүкен» сөзіне ассоциаграмма құрғызу. А4 парағы Ортасы 1. Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту. Жаңа сөздерді оқу, оқушылар қайталайды. Дескриптор: Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. 2. Мәтінді оқу. Бұл — азық-түлік дүкені. Азық-түлік дүкені үлкен әрі таза. Дүкенде нан, сүт және айран бар. Анам дүкеннен айран, сүт, қант, қаймақ, тоқаш сатып алды. Маған 1. қаймақ ұнайды. Ол дәмді. 2. Сұрақтарға жауап бер. • Мынау азық-түлік дүкені ме? • Ол қандай? • Азық-түлік дүкенінде не бар? 4.Сергіту сәті 5. Ақпараттың дұрыстығын тексер. Айт. Ақпарат дұрыс бұрыс Азық-түлік дүкенінде нан, сүт, айран бар. Азық-түлік дүкенінен киім сатып алдым. Анам азық-түлік дүкенінен айран, қаймақ, сүт сатып алды. Інім азық-түлік дүкенінен кітап сатып алды. 6. Суретті сөзбен алмастырып, сөйлемді толықтырып жазу. 7. Адасқан әріптерден сөз құрап жазу. Интерактивті тақта. Слайдтар, суреттер. Аяғы Жағдаят: Сен азық-түлік дүкеніне келдің. Көзі нашар көретін ата сөреде қандай заттардың тұрғанын сұрады. Атаға олардың атын айт. «Баспахана» ойыны. Екі топқа бөлініңдер. Үлгіге қара. Берілген сөздегі әріптерден сөз құраңдар. Қай топ көп әрі тез сөз құраса, сол топ жеңімпаз атанады. Үлгі: азық-түлік = аз, қаз, ық, іл, таз, ыза, қал, лақ, тал. Қаймақ, сүт, қара Рефлексия (4 минут) Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтыңт өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі. Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желім қағаздарды жапсырады. Бағалау Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім Оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. «Бағдаршам» үлгісі бойынша өзін бағалайды. Үй тапсырмасы Жаңа сөздерді жаттау. 3-тапсырма. | |
Просмотров: 821 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|