Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Солтүстік-Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Надежка орта мектебі Қазақ тілі пәні мұғалімі Сураганова Қағира Жексембаевна Сабақтың тақырыбы: « Менің отбасым! » Сабақтың мақсаты: Амандасу ,танысу ,қоштасу сөздерді орынды қолдана білуге үйрету. Өзін таныстыра білу , өзгелермен таныса білу. Отбасы мүшелерін атай отырып, үлкенді сыйлауға , құрметтеуге үйрету. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, тапсырма орындау,сергіту сәті,слайдтар. Сабақтың типі: Қайталау сабағы Көрнекілігі: ойын, интерактивті тақта, суреттер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. І.Шаттық шеңбері. Мұғалім балалармен шеңбер құрып тұруды ұсынады. Амандасу рәсімі айтылады. Алақанды ашайық Күннің нүрын салайық Таза ауаны жұтайық Жүрек жылуымызды Қонақтарға сыйлайық. Балалар күннің суретін қоноқтарға сыйлайды. 1 Слайд «Амандасу. Қоштасу» Кіммен қалай амандасасың ,қалай қоштасасың ? Хормен және жеке- жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі. Сәлеметсізбе ! Сәлем ! Сау болыңыз ! Сау бол! . Сергіту сәті. «Балақан" Бала, бала, балақан Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбәт, Былай, былай ойнат. 2. Слайд «Сенің атын кім?» Балалар бір -бірімен танысып үйренеді . Менің атым Таня! Сенің атын кім? 3. Слайд «Отбасы» Балалар отбасы мүшелерімен танысады. 4 .Ойын «Кім жоқ?» 5.Слайд «Менің отбасым» Балалар өз отбасы мүшелерін атайды , таныстырады ,қорғайды. Мынау менің атам. Мынау менің әжем .Мынау менің әкем . Мынау менің анам. Мынау мен .Мен өзімнің отбасымды жақсы көремін. Қорытындылау. Сұрақ- жауап әдісі. Қане ,балалар, біз бүгін нені білдік? Нені білгіміз келеді ? Оқушылардың белсенділіктерін, жеке қабілеттері мен еңбектерін мадақтау. Сау болындар! | |
Просмотров: 661 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|