Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
5-сынып Қазақ тілі Тақырыбы: Дәрумендердің пайдасы Мақсаты: 1.Білімділік:Дәрумендердің пайдасы туралы айта отырып, дұрыс тамақтана білуге үйрету. Дыбыс үндестігі туралы мәлімет бере отрып, меңгерту. 2.Дамытушылық: Сауатты жаза білу дағдыларын дамыту. Қазақ тілінде еркін сөйлей білуге үйрету. 3.Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ Әдісі: жаттығу жұмыстары, ойын, Көрнекілігі: сурет, жазба қағаздар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгендеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ережелер қайталау ІІІ. Жаңа сабақ Сөз бен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі (сингармонизм), дыбыс үндестігі (ассимиляция). Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал. ОРФОГРАФИЯ ОРФОЭПИЯ Тұратбек Ала қарға Шашса Келе қал Ақбала Итбалық Көзсіз Бозжусан Тоқ адам Сары ала Қара ешкі Тұрарқожа Көк ала Тұратпек Ала ғарға Шашша Келеғал Ақпала Итпалық Көссіз Божжусан Тоғ адам Сарала Қарешкі Тұрарғожа Көгала Сөздік жұмысы Денсаулық – здоровье Тамақтану – кушать Тағам – еда Дәрумен – витамин Жеміс-жидек – фрукты Көкөніс –овощи 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айт. «Бірінші байлық — денсаулық» дейді халқымыз. Денсаулықтың жақсы болуы дұрыс тамақтануға байланысты. Тағамның құрамында әртүрлі дәрумендер, пайдалы заттар болуы керек. Жеміс-жидек пен көкөністі көп жеген дұрыс. Себебі олар дәруменге бай. Жеміс-жидекті жуып жеу керек. Мәтіннен айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерді тап Болуы керек – болукерек Жеміс-жидек – жемізжидек Көкөніс – көгөніс. 2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құра. 3-тапсырма. Берілген пайдалы кеңестерді түсініп оқып, аударып, есте сақтау. 1. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмайды. 2. Тамақта адамға қажетті дәрумендер болады. Сондықтан дұрыс тамақтану керек. 3. Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға пайдалы. 4. Ұлттық тағамдарға бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, қымыз, шұбат, құрт т.б. жатады. 5-тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны. нарйа қамат сімеж түс кішмірі сінөкөк зымық қамйақ немурәд мағат 6-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыр. Шұжық, май, сүт, ірімшік, айран, нан, қант, қаймақ ІV. Үйге тапсырма 7-тапсырма. Өлеңді жатта. | |
Просмотров: 1314 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|