Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Күзгі пейзажы. Көмекші есімдер
Сабақтың тақырыбы: Күзгі пейзажы. Көмекші есімдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жыл мезгілдерін айта отырып, күз айының ерекшеліктерімен таныстыру. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі болатыны туралы түсінік беру.Көмекші есімдер туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде әр түрлі құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Өз елінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгіме, баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі түсті күзгі сурет иллюстрациясы және Левитанның «Алтын күз» картинасы.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру, ой қозғау, мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау:
1. Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз).
2. Күз айларын ата.
3. Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Жапырақтар түседі, күн суытады, құстар жылы жаққа кетеді).
4. Табиғаттың неше мезгілі бар? (Табиғат бізді қоршаған орта).
5. Табиғат деген не?
6. Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр. (пейзаж)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Көмекші есімдер (вспомогательные слова) — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, түп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-алыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.


Жақын-алыстығы ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы
қыры көпірдің асты, үсті, бойы
аралығы екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы

Алд - алды,
Арт – арты
Аст – асты
Қас – қасы
Маң- маңы
Жан – жаны
Іш – іші
Түп – түбі
Сырт – сырты
Бас – басы
Бет – беті
Шет – шеті
Түс – түсі
Бой – бойы

И.И.Левитанның «Алтын күз» картинасы бойынша әңгімелесу.
1.«Алтын күз» картинасынан суретші күздің қандай кезеңін бейнелеген?
2. Неге күздің осы уақытын «Алтын күз» дейді? Суретші қандай көңіл күйді бергісі келген?- деген сұрақтар қойып, балалардың осы суреттен алған әсерлерін қорытындылаймыз.
Сондықтан әңгімелесуде балалардың күзгі табиғатты қабылдауындағы ойларын, сезімдерін сурет арқылы көрсете білулерін, табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударуларын, жыл мезгілдеріне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктері бар екенін және адам мен табиғат әрқашанда егіз екенін айтып түсіндіру.
Табиғатты асыраушың - қамқоршың десең де болады.
М: Ата - бабамыз «Жер - қазына, су - алтын, мал – байлық деп өсиет айтып келгені тегінен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы». Соның ішінде күз көрінісін ерекше алуымызға болады. Күзде жапырақтар мен талдардың сарғайып ақшыл түске бөленуі және жерге түсуінің де бір ерекшелігі табиғаттың өте көңілсіздігін байқауға болады. Бүкіл жан біткеннің бәрі өздерінің тіршілігімен жыбырлап қысқа қамын жасауы, егін оруы, егін жинауы, тіпті жер бетіндегі жәндіктердің де ініне тамақтарын тасуы, құстардың суық жақтан жылы жаққа қайтуы міне, осының бәрі табиғат көрінісімен адам, жер бетіндегі жәндік атауларының табиғат пен егіз екенін байқауымызға болады.
Сондықтанда әр мезгілдің өзінің уақыты және өзіне тән ерекшелігі болатынын білуімізге болады. Оқушыларға «Күзгі табиғат көрінісі» туралы айтып түсіндіріп сурет салдыру.

ІV. Өзіндік жұмыс жасату.
1- жаттығу
Өлең жолдарынан зат есімдерді тауып, көмекші есім қос.
Үлгі: Тоғай – (лес) тоғайдың іші
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып, (песня)
Құс кетті қайтып. (птица)

Қарашы күз келді, күз келді (осень)
Жапырақ жауыпты іздерді. (листья)
Құс біткен керуен тізеді, (караван)
Қара бұлт қабағын түйеді. (облако)

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп, (сад)
Көз тартады атырап. (край, местность)

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан, (овраг)
Қаздар қайтып барады, (гусь)
Қайтқан елдей жайлаудан. (народ)

Соңғы шуақ төгіліп, (луч)
Жалқынданып тұр аймақ. (регион, округ)
Ақ сәулеге шомылып, (луч, свет)
Жапырақтар жүр ойнап.

Көктен көзін бір алмай, (глаза)
Қызғылт тартты кәрі құз... (утес, скала)
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

2-жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, көмекші есімдердің астын сыз.
Көше сөзін тәуелді септе
Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз де келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр.
«Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..» Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз есік алдына шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып-тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр-судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай. Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп-жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте-бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі-ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қаққылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар күзді «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды!

V. Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы бағалау.
VІ. Бағалау: Белсендіктері мен білімдеріне қарай бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: «Күз» шағын әңгіме жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zibagul_77 (2017-01-05) | Автор: Зибагуль E
Просмотров: 1101 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 11:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru