Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
1. Алмас қылыш майданда серік, асыл сөз майданда да, сайранда да серік. Алмазный клинок на войне товарищ, доброе слово и на войне и на пиру товарищ. 2. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы. 3. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. 4. Тіл – көңілдің кілті. 5. Көлді жел қозғайды, ойды сөз қозғайды. 6. Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады. 7. Жауынмен жер көгереді, батамен ер көгереді. 8. Бастың көркі – жүз, жүздің көркі – көз. Ауыз көркі – тіл, тілдің қөркі – сөз. 9. Батырды шешен аттан түсіріпті. 10. Айтылған сөз – атылған оқ. 11. Тіс - тілдің қамалы. 12. Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті. 13. Басқа пәле – тілден. 14. Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады. 15. Қиыстырып қаласаң отың жанар, қиыстырып айтсаң халық нанар. 16. Ми ойлағанды тіл тындырады. 17. Сөз – сабан, іс – дән. 18. Сауатсыздың сәзіне сүрініп құларсың. 19. Жыланның уы – тісінде, адамның уы – тілінде. 20. Артық сөйле, кем сөйле, таразылап тең сөйле. 21. Ұзын шапан аяғыңа оралады, ұзын тіл мойыныңа оралады. 22. Өнер алды - қызыл тіл. 23. Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады. 24. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. 25. Жақсы сөз – жарым ырыс. 26. Көңіл көзін сөз ашар, сөйлемесе кір басар. 27. Құлаққа кірген суық сөз – көңліңе барып мұз болар. 28. Жаман сөз – жанға кірген тікен. 29. Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі. 30. Көз жетпеген жерге сөз жетеді. | |
Просмотров: 19187 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|