Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Гость, гостеприимство. Қонақ, қонақжайлылық. 1. Қонақ келсе, құт келер. Гость придет – счастье в дом войдет. 2. Қонақ қойдан да жуас, май берсең де жей береді. 3. Қонақ аз отырып, қөп сынайды. 4. Қонағым, жүре-бара тоярсың. 5. Қонақты сөзбен тойғыза алмасың. 6. Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіне тойғыз. 7. Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал. 8. Құтты қонаққа – тәтті тамақ. 9. Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді. 10. Қонағын сыйламаған баласын ұрады, не үйін сыпырады. 11. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. 12. Атың барда жер таны, асың барда ел таны. 13. Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт. 14. Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың. 15. Қонағын сыйласа, төрге шық дейді. 16. Жолаушының азығы жолында. 17. Жаяу қонақ тыныш ұйықтар. 18. Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым. 19. Сыпайының итіне кет дегенің - өзіне кет дегенің. 20. Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр. 21. Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер. 22. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ. 23. Сыйлы қонақ босағада отырмайды. 24. Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес. 25. Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ. 26. Тоқ қонақты сыйлау оңай. 27. Жаман үйдің қонағы билейді. 28. Жолаушыны сусындатпай тұрып бұйымтайын сұрама. 29. От жағылмағаң үй – қора, кісі келмеген үй - мола. | |
Просмотров: 36260 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|