Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін пайдалануы. Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға мәлім. Бұл іс, біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарттарына сай жалпы білім беретін мектептің үш сатысында да міндетті пән деп саналады. Әр саты бойынша даярланған оқу бағдарламаларында қазақ тілінен берілетін білім мазмұны мына ұстанымдар негізінде құрастырылған. • Тақырыптық ұстаным. Бұл жерде қазақ тілін практикалық бағытта оқыту көзделеді. Барлық грамматикалық формалар сөйлеу моделі арқылы диалогтік, монологтік сөйлеу түрінде лексикалық тақырыптар арқылы практикалық жолмен меңгеріледі. • Жүйелеу ұстаным. Дидақтикалық ұстаным бойынша тілдік материалдар жүйелілік ұстанымға негізделе құрылып, жеңілден ауырға қарай күнделікті қарым-қатынас жасау мақсатында сөйлеу тіліне қарай іріктеліп беріледі. • Оқушының ана тілін негізге алу. Бұл ұстанымда коммуникативтік қарым-қатынас жасауда баланың ана тіліндегі білім мен сөйлеу дәрежесі негізге алынады. • Функционалдық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша қазақ тілін функционалдық дәрежеде меңгеруде қандай грамматикалық формаларды меңгеруге болады деген мәселе ескеріледі. Осы ұстанымдарды тірек те отырып, бағдарламада оқушы сөйлеп үйрену үшін қандай грамматикалық формаларды меңгеруге, білуге тиіс және оған қажетті лексикалық, грамматикалық минимумдар жүйесін жасау, сөйлеу модельдерін беру, тағы басқа мәселелер ескеріліп, әр сыныпта оқылатын материалдар оқушының сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс-жүзіне асыратын әдістің түрі. Коммуникативтық стратегияға кіретін моменттер: Әңгімелесушінің зейін қойып тыңдауын қадағалау; «Бәрі түсінікті» деген сигнал арқылы толық түсінуді қамтымасыз ету; «Мен дұрыс түсіндім» сигналы арқылы әңгімелесушінің толық түсінігін қамтамасыз ету; Сөз жетіспеушілігінің мәселесін сөз тіркестері мен түсінктемелер, мимика, аудару, шамамен сөздер айырбастау арқылы шешу; Грамматика жетіспеушілігінің мәселесін сөз құрылымын қысқарту немесе ауыстыру, ана тілінің элементін фразалық құрылымын көшіру, қателерді елемеу арқылы шешу; Қате кеткен жағдайда өзін-өзі түзеу. Қарым-қатынастың тақырыбын өзгерту арқылы әңгімені қолдап отыру; Коммуникативтік ойлау іс әрекетіне дайын болатын когнитивтік құзіреттілік коммуникативтік құзіреттіліктің керекті компоненті болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тіл-ойлау қабілетін дамытатын жағдайлар: Мәтінмен жұмыста; Мәселемен жұмыста; Ойындық есеп жұмысында. Ойлау – сөйлеуді керек ететін кез келген жағдайда үш компонент өзара байланысады: шешілетін мәселе, бар білімдері, зерттеу әрекеттері. Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлесуде де, оқығанда да, жазғанда да өйткені ол оның іске асуын камтымасыз етеді. Лингвистикалық әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар сөйлеу, оқу, жазу, түсіну. Коммуникативтік оқыту: ОҚУ, СӨЙЛЕСУ; ТЫҢДАУ, ЖАЗУ – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарғы сөйлемде айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтымассыз етеді. Менің ойымша пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі мынадай құрамда болу керек: сөйлеу материалдарды, яғни сөйлеу, оны тындау, сөйлем құрастыру, аудару, оқу, жазу. • Тіл материалдары ( фонетика, лексика, граматикалык). Осы материал үш бағытқа бөлінеді: Лексикалық бағыт -айтылуын меңгеріп, мағынасы өмірде кездесетін жағдайлар ркылы тілді тез игеру. Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Грамматикалық бығыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. | |
Просмотров: 586 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|