Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Көптілді түлға қалыптастыру үшін инновациялық технологияларды қолдану
Көптілді түлға қалыптастыру үшін инновациялық технологияларды қолдану

А. Ж. Садуова
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл орта мектеп-гимназиясы
"Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан"атты халыққа Жолдауынан.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру ,жеке тұлғаны қалыптастыру ,қоғам қажеттілігін өтеу ,оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда оқытушыдан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес,теориялық,нормативтік-құқықтық,психологиялық-педагогикалық,дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты маман болуын талап етеді.
Қазіргі жастар елінің болашағы қазақ ұлтымен ,оның мемлекеттік тілімен тікелей байланысты екенін жақсы түсінеді және сонымен қатар әлемдік үдерістің талабына сай көп тілді меңгерудің де өмір талабы екендігін жақсы біледі. Барлығы да уақыттың еншісінде, келешек ұрпақ ұлтының ұлы мұратын биік ұстайды деп сенейік. Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірдей жақсы меңгеретін болады. Олар осы арқылы және өзінің бейбіт әрі қарқынды дамыған, бүкіл әлемге танымал елінің патриоты болады» деген болатын. Ал әлемдік дамудың талабына сай бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, оның қатаң талаптарына да күш салуымыз қажет. Сондықтан көптілділікті заманның зәрулігінен туындаған қажеттілік деп есептеп, оны игеруден қорықпауымыз керек.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту негізгі тақырыбына айналды.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.
Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамыз.Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев), қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова), «Сын тұрғысынан ойлау» т.б. технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы арнайы еңбектер мен ғылыми – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар мен білім сатысы оқулары арқылы мұғалімдердің әдіскерлік шеберліктерін ұштауларына мүмкіндіктер мол. Сондықтан түпкі нәтижені таңдаудың, оны мақсатқа сай ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты болмақ. Оқыту әрекетінде жеке, топтық, ұжымдық жұмыстарды оқу мазмұны мен мақсатқа сәйкес, үйлесімді түрде жүргізудің қажеттілігі осыдан туындайды.Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін – өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін енгізіп жүрсе, білім сапасына елеулі әсер етеді. Кез келген сабақты қызықты өткізу үшін әрбір ұстаз жаңалыққа ұмтылып, ізденіс үстінде болғаны абзал.
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін — өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады.Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.
Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интербелсенді технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне,өз пікірін айтуға, достарының ойын тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген -білгенін талдап салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
– ой толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.
Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.
Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамыз. Шығарма бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
«V»- білемін;
«-»- білмеймін
«+»- мен үшін жаңа ақпарат
«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп, мәтінді оқи отырып:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазады.Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.
Әр оқушы мәтінмен танысып, дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен, одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады.Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.
Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді.Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.
Қазақ тілі пәнін оқытуда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолдану тиімді.
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу – тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш – жігерін жұмсауы тиіс.
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты- оқушылармен оқу-тәрбие ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру. Сонда ғана қабілетті мамандар дайындай аламыз.
Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша мұғалім болып шығады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ.Р «Тілдер туралы» Заңы
2. Қ.Р «Білім туралы» Заңы
3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №4 (22), 2006
4. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. №2(44), 2010
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: asemsaduova1973 (2017-02-13) | Автор: Асем Садуова E
Просмотров: 813 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru