Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Есімшеден өткенді қайталау»
«Өзін – өзі тану » гимназиясы
Жумабаева Асель Нурлановна
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Есімшеден өткенді қайталау»
Сабақтың мақсаты:
а) есімше туралы алған білімдерін пысықтау, есімше түрлерін ажырата отыра білуге үйрету;
ә) сөйлеу тілдерін жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал жасау, ой мен іс-әрекеттегі жүйелілік, қиял мен сезімнің ұшқырлығы сияқты қабілет-қасиеттерді дамыту;
б) талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, туған жерін, елін сүюге баулу, бауырмалдық,үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, шығармашылық жұмыс, түсіндіру, тест, өздік жұмыс, оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(1 мин )
Топқа бөлу . Балалар түрлі - түсті қағаздарды таңдайды.
I топ: «Білімділер» тобы
II топ: «Алғырлар» тобы
III топ: «Тапқырлар» тобы
Оқушылармен сәлемдесу.Сыныпты түгендеу.
Сергіту сәті. ( 2мин )
Тыныс алуға зейін қою.Мұғалім: Бүгін сабағымызды әдеттегідей тыныс алу жаттығуымен бастаймыз Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
1 дегенде демді ішке тартамыз, 2 дегенде демді сыртқа шығарамыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Есімшеден өткенді қайталау»
Балалар мына жұлдызшаға назар аударайықшы,сабаққа қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
–Балалар: 5 деген жақсы баға,5т ұстанымы, 5 құндылық т.б.
Мұғалім: Сонымен мен сендерге әр дұрыс жауаптарың үшін жұлдызшадан беріп отырамын.Топта топ жетекшісі сабақ соңында жұлдызша санын айтады. Қай топ көп жұлдызша жинаса,сол топ жеңіске жетеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру.(3 мин)Мұғалім: Ал енді үйде біз есімшеден өткен сабақтарды бойынша сұрақтар құрастырып келу керек еді,сол сұрақтарды бір-бірімізге қойып шығайық.
1.Есімше дегеніміз не? Есімшені септе.
2.Есімшеніңжасалу жолдарын айтыңдар? Есімшені жікте.
3.Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады? Есімшені тәуелде.
Балама тест.
1.Есімше жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарады. иә\жоқ
2.-қан,-кен,-ған,-ген жұрнақтары арқылы өткен шақ жасалады. иә\ жоқ
3.–ар,-ер,-р көсемшенің жұрнағы иә\ жоқ
4.Есімше есім сөздерше түрлене алады. иә\ жоқ
5.Есімше ілік септікте тұрып, толықтауыш қызметін атқарады. иә\ жоқ

III.Жаңа сабақ. Сабақтың дәйексөзін талдау. (3 мин)
Мұғалім:Балалар енді тақтаға назар аударайық.Оқып беру,бір оқушыға оқыту,құрамындағы есімшелерді тапқызу.
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.
Н.Назарбаев
Мұғалім:Бой жарыстыру дегенді қалай түсінеміз,ал ой жарыстыру деген не?
Иә,балалар,бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі мен Мәңгілік ел болашағы сендерсіңдер.
Яғни балалар қазақ тіліндегі жұрнақтар сөйлемде алатын ролі өте зор екен, есімше есім сөздер секілді көптеледі,септеледі,тәуелденеді,сөйлемде әртүрлі қызмет атқарып келіп біздің сөздік қорымызды байыта түседі,айтатын ойымызды жеткізуге септігін тигізсе, сол секілді адамдар да білім алып, оқып, ізденіп, бір-біріне көмектесіп өмір сүреді.

IV. Тапсырмалар орындау.
Мұғалімнің сыйы Мәтінмен жұмыс. (10 мин)
« 5 дәрі »
Бір патша өз уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып,тек қана қара нан мен қара су берілуіне әмір етеді. Біраз күндер өтеді. Соған қарамастан уәзір еш шағымданбай мойынсұнып отырған екен. Таң қалған патша зынданға барып уәзірді алып келуді бұйырады.Жегені қара нан,ішкені тек қара су болса да, уәзірдің жайбарақат сабырлы болғанының сырын білгісі келеді.
- Басыңа осындай іс түскеніне қарамастан,көңіл- күйің мен денсаулығың сол баяғыша, бәрі орнында. Өзіңді қалай сақтадың?
- Тақсыр, менің бес дәрім бар- соларды ішіп жүрмін.
Патша қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін деген бұйрықты орындамағаны үшін уәзірлеріне қатты ашуланады. Уәзірге:
- Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!
Сонда уәзір былай дейді:
- Бірінші дәрім – Тәуекел! Барлығына тәуекел етіп,соған көніп, тапсырдым.
- Екінші дәрім – Ризашылық. Осыған ризашылық етіп, шағымданбаймын.
- Үшінші дәрім – Сабыр
- Төртінші дәрім – Қанағат.Жағдайы менікінен де жамандар болар деймін.
- Бесінші дәрім – Үміт.Өмірге деген сүйіспеншілік мені үмітке жетеледі,- деген екен.
Мұғалім:
- Патша өз уәзірін қалай жазалады?
- Уәзірге не көмектесті?(Өмірге деген сүйіспеншілік)
- Қазіргі уақытта сендерге сабағымыздың басында айтқандай білім ғана керек пе ,әлде осы мәтіндегі уәзірдің бойындағы қасиеттер болу керек пе?
- Білімді адам деп қандай адамды айтуға болады? Тақтаға шығып жазайықшы.(білімді, сауатты, ақылды,
- Ал, біліммен бірге қандай қасиеттер керек екен? Оны да тақтаға әр топтан бір-бір оқушы шығып жазады.(Тәуекел Ризашылық Сабыр Қанағат Үміт)
- Яғни балалар,адамға өмірде өз орнын табу үшін, мақсатына жету үшін, біліммен бірге құстың екі қанаты секілді жақсы қасиеттер де керек екен. Бір қанатымызда білім, екінші қанатымыз жақсы қасиеттер болса, біз биікке самғап ұшамыз.

V Тақтамен жұмыс .Осы мәтіннен үш топқа тапсырма. (5 мин)
Мұғалім:Ал, енді, балалар осы мәтіндегі есімшелермен жұмыс істеп көрейік.
I топ: «Білімділер» тобы - мәтіннен есімшені тауып,тақтада талдау
(отырған екен,қалған,жегені,ішкені)
II топ: «Алғырлар» тобы - басқа формадағы етістіктерден есімше
жасау(ашуланып-ашуланған,отырғызып -отырар,әмір етеді- әмір етпек, бұйырады – бұйыратын)
III топ: «Тапқырлар» тобы-мәтіндегі 2 сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
( Соған қарамастан уәзір еш шағымданбай мойынсұнып отырған екен. Таң қалған патша зынданға барып уәзірді алып келуді бұйырады.)
VІ.Оқулықпен жұмыс (5 мин)
Мұғалім:Кітаптарыңдағы мақал- мәтелдердің мағынасын түсіндіріңдер, есімшелерді табыңдар.
I топ: «Білімділер» тобы 169-жаттығу108 - бет
II топ: «Алғырлар» тобы 171-жаттығу 109 - бет
III топ: «Тапқырлар» тобы 172- жаттығу 111-бет
VІI. Шығармашылық тапсырма.( 5 мин)
Мұғалім: Біз жаңа, білім мен жақсы қасиеттердің адам өмірінде алатын орны зор екендігін айттық,ал біз білімді қайдан алып жатырмыз? Біз биыл қандай мейрамдарды тойладық?
Балалар: Тәуелсіздікке 25 жыл толуы, Бөбек орталығының ашылуына 20 жыл, Универсияда болды.
Мұғалім: Жақсы, онда келесі тапсырма, шығармашылық жұмыс орындау.Сурет бойынша есімшесі бар сөйлемдермен әңгіме құрастыру. Бір екі сөздің аудармасын айтайық.
Критерийлермен таныстыру.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағаланады.
VІII. Бекіту сәті (5 мин)
Синквейн әдісі бойынша сабақты қорыту.
I топ: «Білімділер» тобы - сүйіспеншілік
II топ: «Алғырлар» тобы - білім
III топ: «Тапқырлар» тобы - болашақ
1-жол: зат есім
2-жол: сын есім
3-жол: есімше
4-жол: төрт сөзден құралған сөйлем
5-жол: сөздерді ағылшын тіліне аудару

Кері байланыс орнату мақсатында сабақтан алған әсерлерін ауызша сұраймын. (бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер).

VIІI. Үйге тапсырма.
Білімді бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2017-02-17) | Автор: Жумабаева Асель Нурлановна E
Просмотров: 550 | Теги: есімше құндылық әңгіме | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 9:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru