Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
«Өзін-өзі тану» гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ахмет Айгүл Сүйеубайқызы Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» Сабақтың міндеттері: А)Ақынның өмірбаянына тоқталу, тақырып бойынша ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ә) Ақынның өлеңін негізге ала отырып, тәрбиелік мақсатта жаман, жақсы қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу. Б) Оқушының қабылдауы мен ойлауы аралығын зерттей отырып, ойларына қорытынды жасай білуге үйрету. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, тірек сызба, диалог, талдау - жинақтау, сыни тұрғыда талдау; Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Ақын портреті, Венн диаграммасы, үлестірмелі қағаздар; Күтілетін нәтиже: - Тақырып бойынша білімдері артады. - Мәнерлеп оқып, тез, дұрыс, нақты жауап беруге машықтанады. - Есте сақтау қабілеті артады. - Сөздік қоры молаяды. - Сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы, зейіні күшейе түседі. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа әзірлеу. Ә) Ал, балалар тақтаға шығып, бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізді тілейік! Үй тапсырмасын сұрау. 1. Дулат Бабатайұлы өмірі туралы қысқаша айту. «О, Ақтан жас, Ақтан жас!» өлеңін жатқа сұрау. 2. Кесте арқылы өткенді қорыту. (үлестірмелі қағаздар) № Сұрақтар Жауаптар 1. 2. 3. Д. Бабатайұлы қай жылы, қай қалада дүниеге келді? Қандай шығармалары бар? Өлең неге «О, Ақтан жас, Ақтан жас!» Жаңа тақырып бойынша жаңа ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру. Жвңа сабақты өту кезінде тақтаға тақырыпты, жоспарды жазып қоямын. С. Аронұлы кім? Өміріне тоқталу. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін талдау. Интерактивті тақтадан Сүйінбай Аронұлы туралы тыңдату. Қанатты сөздерді тақтаға іліп қою, оқу, әңгімелеу. М.Әуезов «Он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» Ж. Жабаев «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» А) С. Аронұлы ірі жырау, жыршы; Шебер қобызшы, күйші, айтыскер: (мағынасын түсіндіру) Ә) Озық ойлы, өткір, тілді, батыл, әділ сыншы деген сөздердің мағынасын ашу, әңгімелеу. (сұрақ- жауап әдісін қолданам) Б) Өлеңдері: «Болыстарға баға», «Төрелерге», «Сұраншыға», «Жақсы мен жаман адам қасиеттері», т.б. Сергіту сәті Қосымша мәлімет С. Аронұлы мұражайы туралы айту. С. А. 200 жыл толған тойы туралы айту. (қай ел қалай тойлады? т.б.) «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің 1 шумағын мәнерлеп, нақышына келштіріп оқып беремін. Әрі қарай оқушылар жалғастырады. Өлеңнің тақырыбын, идеясын талдаймыз. Оқулықпен жұмыс Әр оқушы өлеңді оқып, дәптерлеріне жақсы және жаман қасиеттерді теріп, бөліп жазады. Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттер Мағыналас 3-4 мақал- мәтелді оқу, әңгімелеу. Мыс: Жақсымен сөйлессең, жаның жадырайды, Жаманмен сөйлессең тәнің қалтырайды. Жаңа сабақты бекіту.. 1. С.А. кім? 2. Жақсы қасиеттер деп адам бойындағы қандай қасиетті айтар едің? 3. Ақынның өлеңінен қандай ой түйіндеуге болады? Жаңа сабақты қорыту. Өзіңнің бойындағы жақсы, жаман қасиеттер туралы айтып бер. Үйге тапсырма беру. Ақын өмірі туралы айту. Өлеңді жаттап келу. | |
Просмотров: 922 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|